Антибиотикалық ем
пневмонияның жедел кезінде инфекциямен күресуге
бағышталған емнің негізгі түрі.
Антибиотикалық емнің негізгі қағидалары:
1. Этиотроптық ем пневмония диагнозы қойылғаннан бастап немесе науқастың жағдайы
ауыр болса, тағайындалады. Ал, диагноз күмән тудырған жағдайда, науқастың жағ-
дайы көтерсе, рентгенографияның нәтижесі белгілі болғаннан кейін, тағайындалады;
2. алғашқыда, аурудың клиникалық белгілеріне сәйкес, антибиотиктер шамамен
тағайындалады;
3. басқа альтернативті антибактериальды дәрілерге ауыстыру ауыр емес пневмонияда
клиникалық тиімділігі 36-48 сағат, ал ауыр түрлерінде 72 сағат өткеннен кейін
байқалмаса немесе жағымсыз әсерлері байқалғанда, шешіледі;
4. пневмококктар гентамицинге және басқа аминогликозидтерге берік келеді, сондықтан
ауруханадан тыс пневмонияларда бұл топ антибиотиктері тағайындалмайды;
5. асқынбаған пневмониялардың ауыр емес түрлерінде антибиотиктердің ішетін түрін
қолдаған жөн, ал ем парэнтеральды жолмен басталған болса, дене қызуы
қалыптасқаннан кейін, ішкізілетін антибиотиктер қолданған дұрыс;
6. антибактериальды емнен кейін биопрепараттар тағайындалады.
«Үй» пневмонияларының құрамын және емнің үйде жүргізіліп жатқанын ескере
отырып, ішкізілетін антибиотиктерге ерекше көңіл бөлінеді: жартылай синтетикалық
пенициллиндер (амоксициллин, ампициллин), солармен бірге клавулды қышқылдармен
немесе сульбактаммен қосарланған антибиотиктер (аугментин, уназин, амоксиклав);
цефалоспориндердің 2-ші ұрпағы (цефураксим-зиннат және басқалар); макролидтер
(азитромицин, кларитромицин, роситромицин және басқалар).
Муколитикалық, қақырық жүргізетін ем жедел бронхиттегімен бірдей.
Достарыңызбен бөлісу: |