Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Нейротоксикоз: токсикалық энцефалопатия



Pdf көрінісі
бет736/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   732   733   734   735   736   737   738   739   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Нейротоксикоз: токсикалық энцефалопатия.
Перифериялық гемодинамикалық
үдемелі жетіспеушілігінің фонында, неврологиялық (жүйкелік) бұзылыстар басым
болатын, жиі кездесетін вариант. Көбіне нейротоксикоз ЖРВИ қосылғанда кездеседі және,
456


әсіресе, 3 жасқа дейінгі балаларда өте ауыр болып келеді. Нейротоксикоз әдетте күрт
басталады. Инфекциялық аурулардың белгілерімен қатар, нейротоксикоздың тамақ ішуге
байланыссыз және жеңілдік бермейтін қайталап құсу, бас ауруы, сезімталдығы арту
(гиперстезия) сияқты белгілері пайда болады. Бала қозып, шыдамсызданады, ұйқысы
мазасыз, кейде шошынып оянады, күндіз әлсіреп, ұйқышыл болады. Денесінің қызуы 39
о
дейін, одан да жоғары болады. Ауыр жағдайларда мидың ісінуінің белгілері пайда болып,
құрысу және біртіндеп ақыл-есі қарауытып, есінен айырылады да комалық жағдай
дамиды. Жүрек-тамыр, тыныс жетіспеушілігі және басқа бұзылыстар үдей түседі.
Нейротоксикозды 4 дәрежеге бөледі: 
І дәрежесі
: клиникасында бастың ауруы, тәбетінің нашарлауы, мазасыздануы,
белсенді қимылдық қозғалыстардың пайда болуы, сандырақтау, галлюцинация, аяқ-
қолының дірілдеуі, рефлекстердің жоғары болуы (гиперрефлекция), тершендік сияқты
қозу белгілері басым болып келеді. Дене қызуы 38-39
о
дейін көтеріліп, беті албырттанып,
қызарады, бірақ, терінің түсі қалыпты жағдайда болады.
 
ІІ дәрежесі
: қозу және тежелу кезеңдерінің ауысып тұруымен сипатталады. Демек
ұйқышылдық, әлсіздік пайда болады. Ақыл-есі қарауытып, рефлекстері төмендейді, кейде
ақыл-есінен айырылады, бірақ, ауруды сезгіштік сақталады. Дене қызуы жоғары болады,
денесінің тырысулары, пульс жиілігі байқалады, қан қысымы жоғары болады.
ІІІ дәрежесі
: клиникалық көрінісінде ОЖЖ тежелу белгілері байқалады. Осымен
қатар дене құрысуы, сандырақтау, галлюцинация пайда болып, есінен танады. Дене қызуы
жоғары болады. Терісі мрамор түстеніп, бозарады, бармақпен басқанда ақ дақтар қалады.
Артериалдық қысым төмендейді. Аурудың сезгіштігі жойылады, бірақ, ми стволының
бұзылуы белгілері, яғни брадикардия, брадипноэ немесе кезеңді тыныс алу байқалмайды.
 
IV дәрежесі
– өлім алдындағы жанталасумен (предагониялық жағдай сәйкес келеді.
ОЖЖ-нің өте қатал тежелу белгілеріне тахикардия, брадипноэ және тыныс алудың басқа
бұзылыстары сияқты белгілер қосылады. Артериялық қысым төмендейді, гипорефлексия,
дене құрысуы, бұлшық ет гипотониясы.
Нейротоксикоз гипертермиялық және гипервентиляциялық болып, екіге бөлінеді:
нейротоксикозды нейроинфекциялардан айыра білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   732   733   734   735   736   737   738   739   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет