Антибиотикотерапия – емнің ең маңызды бөлігі. Антибиотиктерді вирусты
пневмонияда немесе бактериалды пневмонияның алдын алу үшін қолдану ұсынылмайды.
А.
Бактериальды пневмонияда антибиотиктер қоздырғыштардың сезімталдығына
байланысты қолданылады. Басқа альтернативті антибиотикке ауыстыру бактериоло-
гиялық зерттеулер нәтижесінде немесе шамалап, 48 сағат бойында клиникалық
тиімділіктің болу немесе болмауына сәйкес жүргізіледі. Аурудың ауыр түрлерінде
антибиотиктер көктамырға немесе бұлшықетке жіберіледі.
Б. Хламидиялармен шақырылған пневмонияларда макролидтер тобына жататын
антибиотиктер (азитромицин, эритромицин, ровамицин) қолданылады.
В. Цитомегаловирустармен шақырылған пневмонияларда арнайы антицитомегаловирус-
ты иммуноглобулин қолданылады.
Г. Жәй герпес вирусымен шақырылған пневмонияда негізінен ацикловир қолданылады.
Д. Пневоцисттылы пневмонияда жоғары дозада котримаксол (триметоприм 8 мг/кг және
40 мг/кг сульфаметоксазол көктамырға 8 сағат сайын немесе күніне 3 рет) 3 апта
бойына тағайындалады.
Е. Ұсақ саңырауқұлақтар этиологиялы пневмонияда: итраконозол 5 мг/кг/күнге 14 к8н
бойына немесе амфотерицин Б (0,5 мг/кг/доза күніне 1 рет 10-14 күн бойына)
қолданылады.
460
Ж. Антибиотиктер көп мөлшерде қолданылғанда микоздың пайда болуының алдын алу
үшін итраконазол, 5 жастан асқан балаларға, 5 мг/кг тағайындалады.