Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Ингаляциялық ем және физиоем



Pdf көрінісі
бет759/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   755   756   757   758   759   760   761   762   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Ингаляциялық ем және физиоем

ингаляциялық дәрiлер – 0,9 % NаСI ерiтiндiсi; 5
%
ацетилцистеин қышқылы; холинолитиктер; ДНҚ-аза, β-агонистер; Nа хромгликаты
(гиперреактивтiлiк пен аллергияда); ГКС
 
(аллергия мен созылмалы обструкцияда),
амилорид.
Алдын алу шаралары
.
Көкжөтелге қарсы егу. Тұрмыс жайына гипоаллергия.
Пассивтi темекi тартуды шектеу.
Антибиотиктер. А
уық-ауық немесе тұрақты ішкізіледі. Амбулаторияда немесе
ауруханалық жағдайда емнiң баспалдақ түрiнде жүргiзiлуiне сай қанға жіберіледі.
ГКС тағайындау көрсеткіштері: 

айқын бронхообструктивті синдроммен білінетін жедел инфекция;

аллергиялық көрініспен байқалатын өкпелік аспергиллез;

созылмалы көкіріңді таяқша инфекциясының прогредиентті ағымы және әдепкі
емнен әсер болмауы;

бауыр циррозының бауыр паренхимасындағы активтілігі;

алғашқы айлық балада тиылмайтын, бронхообструкцияның сақталуымен
жүретін, бронх-өкпелік ауру;

үдемелі гипотрофия (тағамның каллориялық мөлшері жеткілікті болса да,
ферменттермен реттелмеуі).
Оттегімен ұзақ емдеу;
Асқазан-ішек жолдары бұзылыстарын реттеу
: Диета калоражы жасына тиісті
мөлшерден 130-150% артық болады. Жалпы калораждың 40%-ы майлар есебінен беріледі.
Орнын толтыру микросфералық қышқылға қарсы ораммен панцитрат, креон, панкреаза,
пролипаза және т.б. сияқты ферменттермен жүргізіледі. Балмұздақ, кілегей, қаймақ, бал,
467


қымыз және т.б. түрінде емдәмдік қоспалар беріледі. Витаминдер (поли-, А, Е, К)
минералдық қоспалармен қосылып беріледі. 
Нутривтік статустың динамикасы оң болмаған жағдайда (гипотрофияда): Н
2
-
рецепторлар антагонистері (фамотидин, ранитидин), простагландин аналогтары
(мисопростол), арнай тағамдық заттар тағайындалады. Тағамның белоктық құрамы,
биологиялық құндылығы жоғары сүт белоктары есебінен толықтырылады. Тағамның
майлық құрамына баса көңіл аударылады: негізінен ортатізбекті триглицеридтер мен (60-
70%) өсімдік майлары қолданылады. Көмірсулар компонентінде басты орында глюкоза
полимерлері, глюкоза, фруктоза және сахарозамен қамтамасыз етіледі.
Теофиллин көрсеткіштерінің болуына сәйкес қолданылады. Диуретиктер: Бауыр
циррозы дамыған науқастарға қажет (спиролактондар, гиперальдостеронизм
болғандықтан), ұзақ және тұрақты қолданылады.
Аңқаны сауықтыру: полипэктомия және бөлекше этмоидэктомия (мұрындық тынысы
бұзылғанда).
Созылмалы гепатопатия: гептрал (адеметионин) қанға жіберіледі немесе ішкізіледі;
урсодезоксихоль қышқылы тағайындалады.
Қант диабеті анықталғанда емдәм, инсулин, басқа дәрі-дәрмектер тағайындалады.
Эфференттік ем
.
Ұзақ созылмалы процессте бактериальдық токсиндер жиналады.
Бұлар өкпе деструкциясына әкеледі. Осы себепті плазмафарез, ибупрофен қолданылады. 
Диуретик амилорид (ингаляция арқылы) тыныс эпителийі жасушаларындағы иондық
тасымалды реттеп, секреттің тұқырлығын азайтады.
Адам ДНҚ-азасы (ингаляция арқылы) қақырықтың реологиялық қабылетін
жақсартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   755   756   757   758   759   760   761   762   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет