Сабақтың тақырыбы: § 41. Тағамның маңызы, құрамы және қызметі. Сабақтың мақсаты



Дата10.03.2017
өлшемі224,23 Kb.
#11292
түріСабақ
Атырау облысы,Құрманғазы ауданы,Сафон селосы,Ф.Энгельс атындағы орта мектебі.

Биология пәні мұғалімі: Сейтекова Даржан Баязитовна.

8"А"-сынып.
Сабақтың тақырыбы: § 41. Тағамның маңызы, құрамы және қызметі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға тағамның маңызын, құрамын, қызметін, адам өміріндегі ұлттық тағамдарды пайдаланудың денсаулықты нығайтудағы рөлін, ұлттық мақал-мәтелдердің денсаулықты, салауатты өмір салтын қалыптастыруды дұрыс жолға қоюдағы маңызын айтып түсіндіру.

Дамытушылық:Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:Дұрыс тамақтану, аурудың алдын алу туралы түсінік беру, дені сау, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу

Көрнекіліктер.Кітап көрмесі, таблицалар, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың түрі. Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі.Саралап, деңгейлеп оқыту.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасын сұрайтын деңгейлік сұрақтар магнит тақтасына 3 түрлі түсті қағазға жазылып ілінеді.Сол тапсырмаларға оқушылар, сұрақты оқи отырып, қолдарын көтеріп жауап береді.



А.деңгей

1. Тынысалу деген не және тынысалу мүшелер жүйесіне жататын мүшелерді атаңдар.

2.Қанайналым деген не және қанайналым жүйесіне жататын мүшелерді атаңдар.

3.Лимфа жүйесіне жататын мүшелерді атаңдар, лимфа тамырларының қантамырларынан қандай айырмашылықтары бар?



В.деңгей

1. Жүректің құрылысы қандай?

2. Өкпенің құрылысы қандай?

3. Жүректің жұмысы қанша жолмен реттеледі?



С.деңгей

1. Мұрын қуысының құрылысы мен қызметі қандай?

2.Лимфа түйіндері қандай қызмет атқарады?

3. Жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулары мен тынысалу мүшелерінің ауруларының қандай түрлерін білесіңдер?

Үй тапсырмасын сұрап, өткен тақырыптарға шолу жасай отырып, қорытындылаймын.

Жаңа сабақтың жоспары.


  1. Тағамның маңызы.

  2. Тағамның құрамы.

  3. Тағамдық заттардың қызметі.

  4. Қазақ халқының ұлттық тағамдары.


1.Тағамның маңызы.

Қоректену- барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі.

Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі,дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады.Ағзаға қажетті тағамды заттар күнделікті пайдаланатын тағамнан алынады.Ағза қабылдаған тағам алдымен түрлі өзгерістерге ұшырап, күрделі өңдеуден өтеді.

Өңделген тағамдық заттар қан және лимфа арқылы жасушаларға,ұлпаларға таралып,қалдық заттар сыртқа шығарылады. Тағамның құрамындағы органикалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл энергия жеке мүшелердің және жалпы ағзаның қызметі үшін жұмсалады. Тағам-ағза үшін энергия көзі және құрылыс материалы.


2.Тағамның құрамы.
Тағамның құрамы

Органикалық заттар Бейорганикалық заттар




Нәруыз Май Көмірсу Витаминдер Минералды Су



Нәруыздар адам пайдаланатын көптеген тағамдардың құрамында кездеседі.Нәруыз адам ағзасына өздігінен түзілмейді,тек тағаммен бірге қабылданады.Нәруыз еттің,

балықтың,жұмыртқаның,бұршақтың,жаңғақтың құрамында мол болады.



Майлар адам ағзасы үшін қажетті органикалық заттардың бірі.Май сүт өнімдерінің,жұмыртқаның құрамында мол болады.Май жануарлардың іш майында және майлы өсімдіктердің құрамында көп болады.Май ыдыраған кезде энергия екі есе көп бөлінеді.Адам өсімдік майын көбірек пайдалану қажет.

Көмірсулар өсімдіктекті тағамдардың құрамында көп,нәруыздар аз болады.Жануар- текті тамақта нәруыздар көп, көмірсулар аз болады.Адам күнделікті пайдаланылатын көмірсулар негізінен крахмал және қант.Крахмал түрлі жармалардың,ұнның,картоптың құрамында көп болады.Қант,қант қызылшасында,сәбізде мол болады.Адам ағзасы үшін жемістердің құрамындағы қант өте пайдалы,өйткені ол тез сіңеді.Қант балдың,жеміс-жидектердің құрамында көп кездеседі.Адам ағзасында жиналған артық көмірсулар бауырда,бұлшық еттерде қор ретінде жиналады.

Витаминдер тағамның құрамында болатын ағза үшін қажетті зат.Ағзаның өсуі,дамуы тіршілігі үшін дәрумендер аз мөлшерде болса да өте қажет.Дәрумендерді адам ағзасы тағамның құрамынан алады.Дәрумендердің адам ағзасында жетіспеушілігі түрлі аурулар пайда етеді.


Минералды тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен су арқылы қабылдайды.Адам пайдаланатын барлық тағамдардың құрамында тұздар кездеседі.Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады.

Су- адам ағзасы үшін өте қажет.Сусыз тіршілік ету мүмкін емес.Адам денесіндегі физиологиялық процестердің бәрі де, судың қатысуымен жүреді.Суды дұрыс пайдалана білу керек.Суды шектен тыс пайдалану бүйрек қызметіне күш түсіріп,зиянды әсер етеді.

Органикалық заттардың ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері

Бейорганикалық заттардың ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері

1.Нәруыз

100-120 г

1.Минералды тұздар

5-6 г ас тұзы

2.Көмірсу

500 г

2.Су

1,5-2,5 л

3.Май

70-100 г







4.Витаминдер

Аз мөлшерде








3.Тағамдық заттардың қызметі.Адам ағзасында тағамдық заттар көптеген қызмет атқарады.2-түрлі қызметін ерекше атап өту керек.1-ден тағамдық заттар адам ағзасында тіршілігін жойған жасуша құрылымдарының орнын басады.2-ден тағамдық заттар ағзадағы химиялық энергияның бірден бір көзі болып табылады.

Тағамдық заттардың қызметі


Құрылымдық Энергетикалық

4.Қазақ халқының ұлттық тағамдары.Әр халықтың ертеден келе жатқан ұлттық тағамдары бар.Қазақ халқы асқа,тағамға үлкен мән берген.Халқымыз кәделі әрі,орны бөлек тағамдарын ет пен сүттен жасаған. «Ұлттық тағам-ұлы байлық» деген мақал бар.Қазақстанның көрнекті ғалымы, академик Төрегелді Шарманов ұлттық тағамдардың адам ағзасына әсерін зерттеп келеді.


Қазақ халқының ұлттық тағамдары

Сүт өнімдері

Айран,қатық,құрт,ірімшік,қымыз,шұбат,сүзбе,құрткөже,

малта,уыз көже,шалап,наурыз көже.



Ет

Ет,қазы-қарта,жал-жая,қуырдақ,шұжық,құйрық-бауыр,т.б.

Тағам құрамындағы күрделі органикалық қосылыстардың ыдырап,қан мен лимфаға өтуі асқорыту деп аталады.

Жаңа сабақты жалпы қорытындылап болғаннан соң,оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды таратып беремін.

І.Деңгей.

1.Органикалық заттар

а) нәруыздар,көмірсулар в) су және тұз с) нәруыз,тұз

д) көмірсулар,су е) липидтер,тұздар

2.Бейорганикалық заттар

а) нәруыз, су в) көмірсу және тұз с) нәруыз,көмірсу

д) су,тұз е) майлар,тұздар

3.Адамның күнделікті қалыпты тіршілігі үшін тәулігіне орта есеппен қанша грамм нәруыз қажет?

а) 60-100 г в) 80-120 г с) 50-100 г д) 100-120 г е) 200-300 г


ІІ.Деңгей

1.Адам тіршілігі үшін қажетті судың тәуліктік мөлшері

а) 0,5-1 л в) 1,5-2,5 л с) 2-3 л д) 1-2 л е) 3-4 л

2.Тағам құрамындағы күрделі органикалық қосылыстардың ыдырап,қан мен лимфаға өтуі ........ деп аталады.?

а) тынысалу в) қанайналу с) асқорыту д) зәр шығару е) көбею

3.Ас тұзының адам ағзасына қажетті тәуліктік мөлшері

а) 3-4 г в) 2-4 г с) 5-6 г д) 6-7г е) 0,5-1 г
ІІІ.Деңгей

1.Тағамның құрамындағы органикалық заттарды сызбанұсқамен бөліп,аттарын,

әрқайсысы қандай тағамдарда кездесетінін көрсет.
Оқушылардың деңгейлік тапсырманы орындауына байланысты білімдерін бағалау.Күнделіктеріне бағалар қойылады.

5. Үйге тапсырма: Тағамның маңызы,құрамы және қызметі.Халқымыздың ас-ауқат туралы айтылған мақал-мәтелдерін жазып келу.



Бағалау парағы




Оқушының

аты-жөні


І-деңгей

5 ұпай



ІІ-деңгей

10 ұпай


ІІІ-деңгей

15 ұпай


Бағасы

1

2

3

1

2

3

1

2

3

І



ІІ


ІІІ

Жалпы

1











































2











































3











































4











































5











































6











































7











































8











































9











































10











































11











































12











































13











































14











































15











































16











































17











































18











































19











































20














































Сейтекова Даржан Баязитовна.



Биология пәнінің мұғалімі

Атырау облысы,Құрманғазы ауданы,Сафон селосы,Ф.Энгельс атындағы орта мектебі. 
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Биология 8"А"-сынып




Сабақтың__мақсаты'>Сабақтың тақырыбы

Асқазанда астың қорытылуы




Сабақтың

мақсаты

Қарының құрылысын, астың асқазанда қорытылуның физиологиялық маңызын түсіну ;

 



Сабақ типі

Жаңа тақырыпты меңгерту

 



Сабақ түрі

Аралас сабақ

 



Болжамданған

нәтиже

Топқа бөлу, бірлескен ортақ жұмыс арқылы ынтымақтастық атмосферасын құрылады. Талқылау арқылы тақырыпты меңгереді. АКТ-ны, витаминдерге арналған бейне фильмді тамашалау арқылы оқушылар витаминдердің түрлері,қолданылуы,пайдаланылуы,суда,майда еритін витаминдерді түсіну арқылы өмірде пайдалана алады. 

 

 



 


Сабақтың

кезеңдері


мұғалімнің

іс-әрекеті


оқушының

іс-әрекеті


ұйым

дастыру


Бағалау


ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі

2-3 мин



Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Сабақтың мақсатын, кезеңдерін айқындау

Оқушыларды топқа бөлу

Оқу құралдарын дайындау жемістің түрлеріне байланысты топқа бөлінеді,сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен

танысу,

Топқа бөліну яғни екі оқуышыны мұғалім таңдап алып біреуіне алма, екіншісіне алмұрт жемісін береді де қалған оқушылар қағазды таңдап алады қай жеміс түрі жазылады сол топқа барып отырады. Сынып екі топқа бөлінеді


Формативті, өзін-өзі бағалау, топпен бағалау


Интерактивті тақта, вики сайтының қосымша материалдры,суреттер, компьютер, маркер, А3 форматты флипчарт

 

Үй тапсырмасын тексеру

5 мин

Әр топқа тапсырма беру

Екі топқа бірдей тапсырма Астың ауыз қуысыында қорытылуы тақырыбында беріледі. Білімдерін анықтау мақсатында тапсырмалар төрт түрлі, орындалу реті мен критерийлерін анықтайды.

Үй тапсырмасын қорытындылап,

бағалайды.

Оқушылар тақырып бойынша білетін мәліметтерін ортаға салады,бірінің жауабын бірі толықтырады, тапсырманы топпен орындайды. Оқушының жылдам ойлауын жетілдіреді.қорғауға бір оқушы шығады, қалғаны толықтыруға мүмкіндік алады.

 

Топтық


Жұмыс

 

Тапсырманы қорғау екі топ тапсырмасынның орынладу сауаттылығын салыстыру


Формативті:

мұғалім тарапынан түзету,

жақсы жұмыс жасаған топты қолдау, мадақтау;

Оқушы тарапынан

өзін өзі және өзгені бағалау


Түрлі-түсті

маркерлер,

үлестерме тапсырма парағы, бағалау парағы. оқулық


Жаңа сабақ

Кіріспе

Ой қозғау әрі сергіту сәті 5 мин

Сұрақ: сендер қай мүшелерің қайда орналасқанын білесіңдер ме? Егер білсеңдер өз көршіміздің кеуде және құрсақ қуысындағы бір мүшесін іштей ойлап арқа тұсынан сол мүшені ұстаймыз, ал ол қандай мүше екенін оқушы табу керек, 

«Жүрек ішіндегі қоректік заттар» суреті көрсетіледі.

Оқушылар өздерінің ұсталған мүшелерін дәл тауып айту керек. Яғни бұл жерде оқушының тапқырлығы мен мүшелердің орналасу ретін білуі сыналады. Оқушылар суретте не көріп тұрғандарын талқылайды,


Оқушылар тез арада ойында ойнап шығулары керек, 


Оқушының сын тұрғасынан ойлауын іштей бағалау


Жүрек ішіндегі қоректік заттар суреті, интерактивті тақта


Білу


7-8- мин

Оқушылардың базалық

білімдерін жаңғырту мақсатында екі топқа мәтін бөліктері беріледі. Мәтінді оқып шағып топта талқылайды.

Екі топ оқушыларына екі тақырапшалы мәтін беріледі 1 топқа «Астың қарында қорытылуы», 2 топқа «Күрделі рефлекстік сөл бөлу» мәтіндері. Қажетті жерлерін дәптерлеріне жазып отырады.


 Диалог-


Зерттеушілік

Әңгіме, топта талқылау


Оқушылардың өзара бірін-бірі бағалауы;

Мұғалімнің сұрақты қайта бағыттап, немесе түрткі сұрақтар арқылы жауапты нақтылауға ұмтылуы

 

 Википедияматериалдарынан алынған тақырыптық мәтін бөліктері, 

Түсіну


7-8мин

Берілген мәтіннің таныстырылымын жасау «презентациясын» флипчартқа түсіру. Оқулықты пайдалану арқалы,


Оқушылар оқыған мәтіннің жалпы мағынасын презентацияға түсірулері керек, презентация қандай формада болатынын өздері таңдайды,


Презентация жасауда топ мүшелерінің бәрі түгел қатысулары керек деген талап бар,


Топта белсенділікті өзара бағалау.


Түрлі түсті маркерлер, флипчарт, оқулық.


Қолдану


8 мин

Нұсқау: әр топтан екі немес толық топ шығып таныстырылымды қорғайсыздар. Таныстырылмның мағынасы мен тақырыпты қамтылуын қадағалайды. Толықтырулар жасайды. анықтауды ұсынады.

 

Оқушылар: таныстырыламдарын түсіндіріп өтеді. Топпен шыққан жағдайда бәрі де сөйлеуге тырысулары керек.

 

Топтық жұмыс немесе көшбасшылықты көрсете алады. диалог


Топ аралық бағалау


 Флипчарт, суреттер


Анализ


Синтез

5 мин

Мұғалім асқорыту формуласы тақырыбында фильм көруді ұсынады, талдауды сыныптағы бір (ол бала дарынды бала болу керектігін ұмытпау керек) бала талдау 


Оқушылыр фильмді мұқият көреді және талқылауға дайын болуы керек. Уақыт болған жағдайда диалог құруға болады.


Жеке, топтық

жұмыс.

диалог



Өзін-өзі

және өзара

бағалау

Интерактивті тақта, физиологиялық фильм


Бағалау


1-2мин

Мұғалім топтық және

жұптық жұмыстарды,кейбір

оқушыларды жеке

бағалайды.

Сабақтың мақсатына орай қандай

нәтижеге қол жеткенін,өзін өзі

бағалайды.


Астың ас қазанда қорытылуының маңызын ұғады.

Маңызын түсінеді, өзінің іс-әрекетін бақылай алу үшін стикерлерге рефлексия жазады.



 

 Стикерлер, смайликтер

Үйге тапсырма

 

1 мин



Оқулықтан &47 оқу,мазмұнын талдау. Оқушы дәптеріне деңгейлік тапсырмаларды орындау./ оқушы өз мүмкіндіктеріне қарай кемі 3 тапсырма орындауы тиіс/

Рефлексия


Не үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап-тілектер

 

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет