Өкпе поликистозы (кистозды гипоплазия). Ең жиі кездесетін ақаулардың бірі. Инфекцияланған өкпе поликистозы клиникалық көрінісі айқын болып келеді . Науқасты көп
мөлшерде қақырық байқалатын жөтел мазалайды, сиректеу қан қақыру байқалады. Өкпе
бетінде сықырлайтын ылғалды сырыл («дауылпаз бытырасы»), үлкен қуыс байқалса –
амфоралық дыбыс естіледі. Оральды крепитация естіледі. Науқастар физикалық дамудан
қалыс қалады, созылмалы гипоксия белгілері байқалады.
Кеуде қуысының рентгенограммасында тор тәріздес құрылымдар, бронхограммада
немесе компьютерлік томографияда – дөңгелек қуыстар байқалады.
Туа біткен бөліктің (лобарлық) эмфизема. Бұл ақауда зақымдалған бөліктің толық
жетілмеуі немесе бронхтың шеміршегінің болмауы байқалады, сондықтан өкпеіші
қысымның жоғарлауы мен зақымдалған бөліктің паренхимасына созылуына себеп
болатын, тыныс шығарғанда ауаның тұрып қалуы байқалады. Негізгі клиникалық белгісі –
ауырлық дәрежесі зақымдалған бөліктің кебу (гиперинфляция) дәрежесімен анықталатын
тыныс жетіспеушілігі.