. 7.4. ТУА БІТКЕН БРОНХ-ӨКПЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ АҚАУЛАРЫ Өкпенің созылмалы ауруларымен ауыратын науқастардың 10%-да
бронх-өкпе жүйесінің даму ақаулары анықталады.
Өкпе агенезиясы, аплазиясы, гипоплазиясы. Бұл даму ақаулары клиникалық тұр- ғыдан кеуде қуысының – ақау жағынан тегістелуі немесе ішіне тартылуы – деформация- сымен білінеді. Перкуссиялық дыбыс осы аймақ үстінде тұйықталады, тыныс шулары
болмайды немесе айтарлықтай әлсірейді. Жүрек дамымай қалған өкпе жағына ығысады.
Өзіне тән рентгенологиялық белгілер – ақау жағында кеуде қуысының көлемінің
кішреюі, осы аймақта қарқынды қараю, сау өкпенің, алдыңғы көкірек арқылы, қарсы
жаққа (пролобация) ығысуы. Бронхографиялық көрінісі өкпенің дамымай қалу дәрежесін
анықтауға мүмкіндік береді.