Сабақ Пәні: Қазақ әдебиеті Тақырыбы: Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек» толғауы



Дата26.08.2017
өлшемі70,45 Kb.
#27851
№3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясы КММ

Ашық сабақ
Пәні: Қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек» толғауы

Өткізген: Хабидуллина Баян Жаровна

2016-2017 оқу жылы




Мерзімі

26.11.2016ж

Сабақтың тақырыбы:

Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек» толғауы

Мақсаты:

М. Сұлтанқожаұлының өмір жолы мен шығармашылығы бойынша түсінік қалыптастыру. «Ілімге толса көкірек» толғауын меңгерту. Өзіндік, жұптық, топтық жұмыс жасау арқылы сыни тұрғыдан ойлауға, өзіндік ойын дәл, тиянақты айта білуге дағдыландыру.

Нәтижесі:

Ақынның өмірі мен шығармашылығы бойынша түсініктері қалыптасады. Тақырыппен танысады, меңгереді. Тапсырмаларды орындауда сыни тұрғыдан ойлауы дамиды.Ойын нақты, ашық айта білуге дағдыланады.

Әдіс-тәсілдер

Жұптық, топтық жұмыс, «Кластер» әдісі, постермен жұмыс, БББ кестесі

Сілтеме

Қазақ әдебиеті 8 сынып, орфографиялық сөздік, Жыраулар поэзиясы, Ежелгі дәуір әдебиеті

Ресурстар мен жабдықтар

Кітаптар, плакат, маркер, бағалау парағы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

3 минут


Оқушылармен амандасу, түгелдеу, топқа бөлу(түрлі түсті қағаздар арқылы)

1-топ ынтымақ

2-топ бірлік

3-топ береке


топқа бөлініп, орындарына отырады



бағалау парағы

бағалай парағы бойынша бағаланады

1.Үй жұмысы

2.Сабаққа қатысу

3.Тың-дерек ізденіс

4.Өз ойы


өзін-өзі бағалайды.

II. Үй тапсырмасын пысықтау.
8 минут

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.

«Миға шабуыл»

«Зар заман» толғауын жатқа айтады. Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

«Зымыран сұрақтар» 1. Шортанбай Қанайұлы кім?

2.Шортанбай өмір сүрген кезеңде қазақ қоғамына қандай өзгерістер енді?

3.Шортанбай шығармаларын атаңдар.

4.Шортанбай шығармаларының басты тақырыбы не?

5.Шортанбай Қанайұлын неге «Зар заман ақыны» дейді? Майлықожа жайлы

таным деректер іздеп келу берілді


баяндайды, жатқа өлең окиды, сұрақтарға жауап береді

Жаңа сабақ

Білу

«Ой қозғау» әдісі

10 минут


(М.Сұлтанқожаның өміріне видео ролик)

М.Сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармашылығымен танысып,



«кластер» құрастыру

Оқушыларға тақырыптың мазмұнын ашатын сұрақтар қою.

1.Майлықожаның өмір жолы туралы не айтасыңдар?

2. «Толғау» өлеңін қай жақтың поэзиясына еліктеп жазған?

3.Ақын өлеңдерінің бізге қандай тәрбиелік мәні бар?

4.Майлықожаның айтыс өнеріне қатысы бар ма?

5.Өлеңнен толғауға тән қандай ерекшеліктерді байқауға болады?

6. «Ілімге толса көкірек» толғауы бізді неге шақырады? Осы өлеңде ақын не айтқысы келді?

7.-Ілімге толса көкірек,-дейді ақын.Көкірек деген сөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

8.Сендердің ойларыңша, ілім сөзі қандай мағына береді?

Білім ілімі,өнер ілімі, ғылым ілімі дейміз.

9.Көкірек неге ілімге толу керек?



Кітаптан өздері оқиды

Оқушылар кластер құрастырады


Кітаптан өздері оқиды
Оқушылар қойылған сұрақтарға жеке, топпен ізденіп, тұжырым жасап, жауап береді.

Таным дерек

5 минут


Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармашылығына қосымша мәлімет жинақтау




Айналмалы бекеттер

5 минут


Майлықожаның әдеби мұрасы

1.Ілімге толса көкірек

2.Жақсы болсын жұбайың

3.Ұрлықтың түбі қорлықты толғаулары

4.Тотынама

5.Қасқыр

6.Аңқау мен қу

7.Нақыл дастандар


Түсіну

3 минут




«Жыр», « Жырау», «Жыршы», «Толғау» сөздерінің мағынасын ажырату.


Әр топ өздеріне берілген сөздердің мағынасын ажыратып жазады.

Жыр- поэзиялық шығармалардың жалпы атауы.Батырлар жыры,тарихи жырлар,лиро-эпостық жырлар,жыраулар поэзиясы,толғаулар,термелер т.б.Жырау-Әрі ақын, әрі шешен.Ырғағы бар, ұйқасы белгілі өлеңді жыраулардың өздері шығарып, терең мағыналы, шешен сөздер нақыл сөздер болуы керек.Жыршы-жыр айтушы, таратушы.Толғау-белгілі бір мақаммен, музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен айтылады.


ІІ.Кесте толтыру

5 минут

Майлықожа өлеңдерінен үзінді

Өлеңдерінің мазмұны, тақырыбы

«Ұрлықтың түбі – қорлық-ты»

Өтірік айтпауға, адал болуға, ұрлық жасамауға шақырады.

Ілімге толса көкірек

Ашылар көзі санаңның



Білімді болсаң көп нәрсеге қол жеткізуге болады, барлық нәрсе білімде дейді.

Жігіттің көркі – өнері

 

Жақсылардан шыққан сөз,

Алтынды гауһар бедерлі.



 

Бақ пен дәулет тең келсе,

Адамның толар кемелі.



 

Жақсының жолы жарық күн,

Жаманның жолы – көмескі.



 

Сабыр – ақыл серігі,

Сабырсыз болма асығып.



 







Жинақтау

Кері байланыс

(рефлексия)

2 мин


БББ кестесін толтыру

Білемін




Білгім келеді




Білдім






Әр оқушы БББ кестесін толтырады




Бағалау

2 минут


оқушылар өздерін бағалайды. Мұғалімнің бағалауы

Оқушылар бағаларын күнделіктеріне қойдырады.

Үйге тапсырма

2 минут


Толғаудан үзінді жаттау.М.Сұлтанқожаұлының даналық ойларын тауып жазып келу.

Оқушылар толғаудан үзінді жаттайды, өздері ізденіп, тауып жазып келеді. Өлең құрылысына талдау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет