104-бап. Жүктілікті жасанды түрде үзу
1. Әйелдің жүктілікті жасанды түрде үзуге құқығы бар.
Жүктілікті жасанды түрде үзудің алдын алу мақсатында
дәрігерлер моральдық-
этикалық, психологиялық және физиологиялық теріс салдарларды, ықтимал асқынуларды
түсіндіруге бағытталған әңгімелер өткізуге міндетті.
2. Жүктілікті жасанды түрде үзу әйелдің қалауы бойынша жүктіліктің он екі аптаға
дейінгі мерзімінде, әлеуметтік айғақтар бойынша - жүктіліктің жиырма екі аптаға дейінгі
мерзімінде, ал жүкті әйелдің және (немесе) шарананың
өміріне қатер төндіретін
медициналық айғақтар болған кезде (шарананың дамуы мен жай-күйінің
өмірмен
сыйыспайтын туа біткен кемістігі түзелмейтін монотектік
генетикалық аурулар болған
кезде) - жүктіліктің мерзіміне қарамастан жасалады.
3. Кәмелетке толмаған адамның жүктілікті жасанды түрде үзуі
олардың ата-
аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі.
4. Емдеу-профилактикалық ұйымдарда әйелдің қалауы бойынша жүктілікті жасанды
түрде үзуге дейін және одан кейін, контрацепция әдістері мен құралдарын жеке іріктеуді
қоса алғанда, медициналық-әлеуметтік консультация өткізіледі.
5.
Достарыңызбен бөлісу: