Астматикалық (демікпелік) бронхит
– көбіне 1 жасқа дейінгі балаларда
кездеседі, ол демікпенің бір түрі болып саналады. Астматикалық ұстаманың патогенезінде
созылма бөлінуінің бұзылуының маңызы үлкен, соның нәтижесінде ұстама неғұрлым жәй
басталып, ұзақ жүреді және кілегей көп бөлінеді.
Балалардағы демікпенің қайталануы өте маңызды және 7-10 күнге созылады. Тыныс
жолдарының қабынуымен қатар, аралас ентігу, ауыр, шулы дем алу байқалады және тыныс
шығаруы ұзарып, қиындайды.
Демікпе ұстамасынан айырмашылығы демікпелік бронхитте тұншығу өте қатты бай-
қалмайды, көбіне дене қызуы көтеріліп, құрғақ ысқырған және әртүрлі ылғалды сырылдар
естіледі. Екеуінің бір-бірінен ажырататын ерекшелігіне спазмолитиктердің демікпелік
бронхитте әлсіз көмектесуі жатады. Қазіргі кезде бұндай термин қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |