Астматикалық (демікпелік) жағдай (Status astmaticus)
Әдетте ауру қатаң өткенде байқалады. Науқастың жағдайы ұзақ уақыт қатаң болған
кезде ентігу, ауыр дем алу, өкпе-жүрек жарамсыздығы пайда болып, бір тәулік бойына
ауық-ауық, әрі өте жиі, жалпы жағдайы нашарлап, тұншығу, жөтел байқалады, қан
айналысының бұзылуы, цианоз күшейе түседі. Көптеген мүшелер мен жүйелердің қызметі
бұзылады. Демікпеге қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер, аурудың жағдайын тек
уақытша ғана жақсартады. Терісі бозарып, цианоз, ысқырған ауыр тыныс мазалайды.
Өкпеде тыныс әлсіреп, құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Демікпелік статустың
таралмаған ұстамасы кезінде жаңадан қапыл ұстама басталып, асфиксия болуы мүмкін.
Ұстама аралық кезеңде демікпе белгілері болмайды, ол ұстамалық тұншығудан соң
бірнеше күннен соң басталады. Егер демікпе өте ауыр түрде өтпесе, бұл кезеңде
клиникалық белгілер болмайды. Орташа және ауыр түрде өткен ұстамадан соң бозару,
енжарлық, көз астының көгістенуі, дене дамуынан қалыс қалу, кеуде пішінінің әртүрлі
өзгерулері байқалады. Өкпе үстінде тимпаникалық дыбыс, әлсіз тыныс пен құрғақ
сырылдар сақталып қалады.
Астматикалық жағдайды үш сатыға бөледі. (А.Г. Чучалин)
Достарыңызбен бөлісу: |