Болжамы: Тиімді емделсе қолайлы-науқастар 90-95% жазылады.
Профилактика: анықталмаған.
Диспансерлік бақылау ересектер емханасына аударғанға дейін жүргізіледі.
Ауруханадан шығарылғаннан кейін зәр анализі мен артериальды қан қысымы
өлшеніп тұрады:
- Алғашқы 3 айда – 2 аптада 1 рет;
- Келесі 4-9 айда – айына 1 рет;
- Келесі 2 жылда – 1 тоқсанда 1 рет.
Интеркурентті аурулар кезінде дессенсибилизациялық дәрілер тағайындалып, өршу
кезінде және аурудан соң зәр анализін жасайды.
680
Жылына екі рет стоматолог, отоларинголог кеңестерін алады. Күзде және көктемде
ішек құрт жұмыртқаларына анализ жасайды. Алдын ала егулер эпидемиялық көрсеткіш-
тер бойынша жүргізіледі. Иммуноглобулиндер енгізуге қарсы көрсеткіш болып келеді.