Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Антибиотиктерді алдын алу ма қсатында



Pdf көрінісі
бет1379/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1375   1376   1377   1378   1379   1380   1381   1382   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Антибиотиктерді алдын алу ма қсатында
қолдану ойдан шығып, өзін
ақтамады, сондықтан оларды қолданбаған жөн: саңырауқұлақ және басқа емге ұстамды
инфекциялар қаупі жоғарылады. Бұнын тек спленэктомиядан кейін пайда болатын
802


иммундық тапшылыққа қатысы жоқ, себебі мұндай аурулар операциядан кейін 1/2 

1 жыл
бойы пневмо,- және менингококктік инфекцияларға өте сезімтал келеді, бициллин-5
тағайындау бұл жағдайдың алдын алуын қамтамасыз етеді. Спленэктомиядан кейін ең
кемі жарты жыл бициллин жасағаны жөн. Осымен катар, сульфаниламидтерді ұзақ мезгіл
қолданудың (көбінесе бисептол) антиденелер түзу кемістігі бар балаларда өте тиімділігі
анықталды.
Иммундық тапшылықтан өрбіген бактериальдық инфекцияларда антибиотиктер
ертерек қолданылып, сонынан бөлінген қоздырғышқа және оның сезімталдығына сәйкес
емге өзгеріс енгізілгені жөн. Иммундық дәрілердің бағытты әсері (стафилококке қарсы
иммуноглобулин мен плазма, көк-жасыл ірің таякшасына антиденелері мол плазма т.б.)
белгілі инфекцияларда өзіне артқан сенімді ақтады. Лямблиозда метронидазол (трихопол),
дертті саңырауқұлактар инвазиясында 

тиісті антибиотиктер тағайындалады.
Тамақ бұзылыстары
бұл ауруларда оқтын-оқтын парэнтеральды түрде тамақта-
нуды керек етеді, себебі ішектерде сорылу қабілеті жиі нашарлайды. Ауыр анемияларда
(Нв 70 г/л-ден кем) рентген сәулесімен (1500 Рад) сәулелендірілген эрмасса кұю жөнін
шешу керек. ИТС ауруларына тұтас қан немесе онын бөлшектерін құю (эритроцитарлық,
лейко-, тромбомасса) қауіптілігі тек адам иммундық тапшьшығы (ВИЧ), А, В, С, Д, Е

гепатиті, цитомегалия, Эпштейн-Барр, герпес вирустарын және басқада бактериальдық
инфекциялар жұқтыру ғана емес, «қожайынға қарсы трансплантат» әсері мүмкіндігінде.
«Қожайынға қарсы трансплантат» әсері (ҚҚТӘ) балаларда ИТС-сыз да сүйек майын,
бауыр, бүйрек және басқа ағзалар енгізгеннен кейін өрбуі ықтимал. Бұл НLА бойынша
реципиентпен үйлеспейтін құйылған қан, сүйек майы немесе трансплантатқа донорлық
белсенді Т-киллерлер болуына қатысты: ИТС бұл жағдайды жиілетіп, ҚҚТӘ болуын
оңайлатады.
Жедел ағымды КҚТӘ, әдетте, сүйек майын немесе тіндер енгізу, қан құюдан
(инкубация мерзімінің 3 айға созылуы мүмкін) соң 7-14 күннен кейін көрініс береді: кіші
немесе дақты бөртпелер, эксфолиация немесе токсикалық эпидермолиз жағдайына
соқтырып (Лайл синдромы), диарея, мелена, мальабсорбция синдромы, гепатоспленомега-
лия, сарғаю, пневмония (көбінесе цитомегаловирусқа қатысты), жүрек аритмиялары,
неврологиялық өзгерістер болады.
Жедел ағымды ҚҚТӘ-нін 4 түрлі ауырлық дәрежесін ажыратады: I 

кішігірім неме-
се дақты бөртпенің денені жабуы 50%-дан кем, жалпы жағдайы және асқорыту ағзалары
қабілеті дұрыс, билирубин мөлшері 34-51 мкмоль/л; II

бөртпелер дененің 50-100 %-н
жабады; диарея тәулігіне 500-1500 мл, билирубин 51-102 мкмоль/л, қызу шамалы, жалпы
жағдайы орташа; III

эритродермия жайылмалы, билирубин 102-257 мкмоль/л, диарея
тәулігіне 1500 мл-ден асады, жалпы жағдайы нашарлайды, қызу 38,5
о
аса; IV 

буллездік
эритродермия тері сыпырылуымен, билирубин деңгейі 257 мкмоль/л-ден көп, диарея
тәулігіне 1500 мл-ден асады, жалпы жағдайы өте нашар, қызба, енжарлық байқалады.
Созылмалы ҚҚТӘ

өзіндік формада (трансплантация немесе қан құюдан 3 айдан
кейін басталады) немесе жедел ағымды ҚҚХӘ-нің салдары болуы ықтимал: диарея,
салмақ жоғалту, азу, шаршау, бауыр циррозы, эзофагит, мальабсорбция синдромы, тері
бұзылысы склеродермияға ұқсаса, эритродермия түлеуі, окулофарингиальдық және тері
өзгерістері Шегрен ауруы тәрізді белгілер байқалады. Қанда: гипергаммаглобулинемия,
эозинофилия, айналыста көптеген иммунды комплекстер көрінеді. Оппортунистік
инфекциялар, капсулды бактериялар бактериемиясы тән.
Екі формасының да емінде антилимфоцитарлық және антимоноцитарлық
глобулиндер, кортикостероидтар, циклоспорин және басқа иммунодепрессорлық дәрілерді
түрлі алмастырулармен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1375   1376   1377   1378   1379   1380   1381   1382   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет