Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Өкпенің лимфоцитарлық гиперплазиясы мен лимфоцитарлық



Pdf көрінісі
бет1391/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1387   1388   1389   1390   1391   1392   1393   1394   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Өкпенің лимфоцитарлық гиперплазиясы мен лимфоцитарлық
интерстициальдық пневмонит
– преднизолон тағайындау көрсеткіші (тәулігіне 1-2
мг/кг есебінен, 2-4 апта бойына) болып келеді. 
Пневмоцисталық пневмония.
ВИЧ-ке ұшыраған балаларда (ЖИТС аурулары
немесе СД
4
-лимфоциттері саны қанның 1 мкл-де 400-ден кемдері) алдын-алу үшін
триметоприм (75 мг/м
2
) мен сульфаметоксозил (375 мг/м
2
күніне 2, аптасына 3 рет) немесе
қанға пентамидин (4 мг/кг айына 1-2 рет) беруге болады. Үлкендерде пневмоцисталық
пневмонияның алдын-алу үшін пентамидин аэрозоль түрінде қолданылады, бұл әдіс
тиімділігі балаларда әлі анықталған жоқ.
Пневмоцисталық пневмониямен ауырғандарды емдеу үшін триметоприм (20 мг/ кг)
мен сульфаметоксозил (100 мг/кг) қоса тағайындалса, бұл мөлшер 4-ке бөлініп 2-3 апта
814


бойына ішуге беріледі (бұны көтермеген жағдайда осы мөлшерде қанға жібереді) немесе
пентамидин 4 мг/кг (қанға 2 бөліп 12 сағат) есебінен бұл да 2-3 аптаға тағайындалады.
Пентамидиннің жанама әсерлеріне қан қысымы төмеңдеуі, жүрек аритмиялары, құсу,
қандағы мегалобластық өзгерістерлейкопения, алмасу бұзылыстары (гипогликемия, ги-
покальциемия, гиперкалиемия), тері бөртпелері тіпті Стивенс-Джонс сиңдромына дейінгі
көрініс жатады. Триметоприм мен сульфаметаксозол асқынулары: фолий қышқылы
кемістігі (асқорыту жолдарының бұзылысы, гипотрофия, лейкопения, мегалобластық
анемия және т.б.), метгемоглобинемия, гемолитикалық анемия, метаболикалық ацидоз,
олигурия мен лейкоцитурия -сульфаниламидтердің бүйрек өзекшелеріне тұнуы себебінен.
Осы жағдайларды ескеріп, кейбір асқынулардың алдын-алу үшін екі дәріні қабылдау
кезінде балаға фолий қышқылы (лейковорин) күніне 5 мг, ішуге берілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1387   1388   1389   1390   1391   1392   1393   1394   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет