Клиникасы
:
Аурудың ағымында 8-17 күннен 21-ші күнге дейін инкубациялық кезең,
3-5 күнде алғашқы (продромальды) кезең, бөртпелену кезеңі 3-4 күн, пигментациялану
кезеңі 7-10 күнге, сауығу кезеңі 1-2 айға созылады.
Продомальды кезеңде айқын катаральды синдром байқалады: жарықтан қорқу, конь-
юнктивит, қабақтың ісінуі, коньюнктиваның қызаруы, склера тамыларының инъекциясы,
мұрыннан көп мөлшерде кілегейлі бөліністің шығуы, дауысының қырылдауық болуы,
жабысқақ жөтел, круп, жалпы уыттану белгілерінің арытуы (дене қызуының 38,5 -39
о
дейін көтерілуі), энантема (еріннің, қызыл иектің кілегей қабағында сұр-ақшыл түсті
көкнәр (мак) дәніндей, қызыл түсті жіпшемен қоршалған папула-Бельский-Филатов-
Коплик дағы) пайда болады
(114 сурет).
Бөртпелену кезеңі дақты-папулезді бөртпелердің
(115, 116, 117 суреттер)
пайда
болуымен сипатталады.
Бөртпелер бірінші күні бетінде және мойында, екінші күні – денесінде, қолдарында,
үшінші күні – дененің қалған бөлімдерінде пайда болады
(124 сурет).
Бөртпелену жоғары қызбамен бірге жүреді. Терінің пигментациясы мен түлеуі
бөртпеленіудің жүру бірізділігімен жүреді.
Қызылшада терідегі бөртпелер гистологиялық тұрғыдан дерманың жоғары қабатта-
рында орналасқан арнайы емес қабыну процессімен сипатталады. Бөртпелердің шығу
кезеңі жаңадан дене қызуының көтерілуімен бірге науқастың басталуының 2-3-ші күндері
басталады. Қызылшада бөртпе дене қызуының көтерілуімен бірге басталады. Бөртпелер-
дің алғашқы элементтері құлақтарыдың артында және беттің ортасында анықталады.
Содан кейін тәуелік бойына бөртпелер барлық беттің, мойынның және біразырақ кеуде
қуысының жоғарғы бөлігінің терісінде пайда болады. Бөртпелер ауыз-мұрын ұшбұрышы
терісінде де байқалады
(118,119, 120 суреттер)
.
Достарыңызбен бөлісу: |