Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1428/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1424   1425   1426   1427   1428   1429   1430   1431   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Клиникалық көрінісі.
 
Аурудың ағымы айтарлықтай өзгерімпаз болып келеді: шама-
лы білінетін түрлерінен менингоэнцефалит, гепатит, агранулоцитоз, тромбоцитопения,
гемолитикалық анемия, орхит, миокардит, талақтың жарылуы байқалуы мүмкін ауыр түр-
леріне дейін. Инкубаиялық кезең 5 күннен 2 айға (әдетте 2-3 аптаға), бастапқы кезең 5
күнге дейін, айқын кезеңі 7 күнге, кері даму кезеңі 7 күнге созылады, ал реконвалесценсия
кезеңі жеке шешіледі. 
Ару жалпы интоксикация синдромынан (әлсіздік, дене қызуынылық ем бактериялық
асқынулардан субфибрильді көрсеткіштерден жоғары деңгейге дейін көтерілуі) және жо-
ғары тыныс жолдарының катарльды синдромынан (тамағының ауруы, мұрынмен тыныс
алдуың ауырлауы, бетінің жоғары бөлігінің және қасының ісінуі) басталады. Жиі, мойын
лимфатүйіндерінің ұлғаюымен, бадамша бездерінде жабынды байқалып, мұрынмен тыныс
алу қиындап, дене қызуының 38-40
о
көтерілуімен білінеді. Науқастардың бауыры мен
талағының ұлғаюы (гепатолиенальды синдром), шеткі қанда типті емес мононуклеарлар
анықталады. Лимфатүйіндерінің басқа топтарының ұлғаюы 10-30 мм-ге болады.
Полиадения аурудың өзіне тән белгісі болып келеді. Экзентема арудың ағымының үшінші,
бесінші күндері пайда болады. Олар макулопапулезді, розеолезді петехиальды сипатты
болады. Ампициллин қабылдап жатқанда экзантеманың пайда болуы тән болып келеді. 
Гемограммада лейкоцитоз, кеңплазмалы лимфоциттер, лимфомоноцитоз, типті емес
мононуклеарлар (10% -дан артық). 
Арнайы
серологиялық реакциялар
: Гофф-Бауэр, Пауль-Буннель. Полимеразды
тізбектік реакция вирусты анықтайды. Арнайы иммуноглобулиндердің М классын зерттеу.
7 күнде 1 рет қан трансаминазаларын, билирубинді тексереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1424   1425   1426   1427   1428   1429   1430   1431   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет