Скорбут
.
Ызақорлық, ентігу, тәбеті төмендеу, апатия, анорексия, субфибрилетет,
субпериостальдық гематомалар, эпифиздің өсуі, рахитке қарағанда, үшкірлеу қабырға
«таспихтары» байқалады. Аяқтарының алшақтап, қозғалуының шектелуі (жалған сал),
«құрбақа» кейпіне ұқсау көрініс береді. Гиперстезия пайда болып, қозғалғанда, қол
тигізгенде ауырсынады. Диафиздер ауырсынады және ісінеді. Темір мен фолаттар
тапшылығынан анемия дамиды. Үлкен балалардың аяғы құрысады, жаралар ұзақ
жазылмайды. Егер балада тіс болмаса, қызыл иек қанталамайды, бірақ гингивит болады.
Аяқта, арқада петехийлер, гематурия, мелена болады. Субфибрилитет, балтырдың ісінуі
байқалады. Гипотрофия көрініс береді.
С витаминінің қандағы мөлшері 0,006 г/л-ден аз. А.И. Нестеров бойынша,
капилярлар резистентігі 15 петехийден көп. Түтікше сүйектердің R-граммасында (тізе
буынында жақсы білінеді) күнгірттік пайда болады, сүйектің арқауы жұқарып, әйнек
тәрізденеді, деструкция аумағы, периостальдық кальцификаттар, метафизде көптеген
сынықтар анықталады.
С витаминіне бай тағамдар: жаңа көкөністер, жемістер, цитрустар (қара мойыл,
мүкжидек).
Достарыңызбен бөлісу: |