Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет681/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   677   678   679   680   681   682   683   684   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Емі.
 
Күніне аскорбин қышқылы 200-300 мг беріледі. Алғашқы күндері 100- 150 мг-
нан парентеральды жолмен беруге болады.
Д витамині
.
 
Д витаминінің бірнеше түрлері (Д
2
, Д
3
, Д
4
, Д
5
) бар. Практикалық
жағдайда Д
2
, (эргокальциферол) және Д
3
(холекальциферол) ғана қолданылады. Бала
организмінің өзінің Д витаминін түзу қабілеті болғанмен, ол негізінен тамақпен
қабылданады. Провитамин (эргостерол) және Д витамині тамақпен ішекке түсіп, 12-елі
427


немесе ащы ішектің жоғарғы бөлігінде сорылады. Өт тұздарының араласуымен, олар
эстерификацияланып, Д витамині майлы қышқылдармен бірге хиломикрон түрінде соры-
лады. Д витаминінің сорылуы ішек-қарынның жолдарының перистальтикасы арытатын
ауруларда және өт қышқылдары жетіспегенде бұзылып, Д гиповитаминозы дамиды.
Д
3
витамині сорылғаннан кейін, бауырдың қақпа венасының жүйесіне түсіп, гепа-
тоциттің микросомында оттектің және пиримидиндік нуклеотидтердің қатысуымен,
гидроксилазының әсерінен гидроксихолекальциферолға (25-ОН-Д
3
) айналады. Бұл мета-
болиттің активтілігі Д витаминіне қарағанда сүйекке кальцификациялану әсері бойынша
1,5 есе, ішекте кальцийдің сорылуына әсері бойынша 500 есе артық болып келеді. Мета-
болизмнің бұл сатысы клиницистер үшін өте маңызды болып келеді, өйткені ол бауырдың
созылмалы ауруларында пайда болатын остеопорозды, рахиттың жедел дамуын, рахит-
тың, бауыры толық жетілмеген шала туылған балалардағы емге беріктігін түсіндіре алады.
Одан әрі Д
3
витамині бүйрек клеткаларының митохондрияларында НАДФ, цитхром
оттегісі Р-450 және флазопротеминдердің қатысуымен альфа-гидроксилазының әсерімен
25-ОН-Д
3
-тен 1,25 гидроксихолекальциферолға (24,25-ОН-Д
3
) ауысады. Бұл құрылымдар
гормон тәрізді әсер етеді. 1,25-гидроксихолекальциферолдың ішектен кальцийдің
сорылуына әсерінің активтілігі Д витаминінен 10000 есе артық. Оның пайда болуының
бұзылуы созылмалы бүйрек ауруларында байқалатын қанқа сүйегінің бұзылыстарына
әкеліп соқтырады. Д
3
витамині және оның активті метаболиттері 12-елі ішектің дистальды
бөлігінде тамақтық ботқадан кальцийдің сорылуын қамтамасыз етеді. Кальцийдің
сорылуы энергия жоюмен жүреді. Д
3
витамині және оның активті метаболиттері кальцийді
тасылмалдайтын альфа-глобулин тобына жататын белоктың түзілуін стимуляциялайды.
Кальций байланыстырушы белоктың пайда болуы кальцийдің қанға түсуін қамтамасыз
етеді. Кальций байланыстырушы белоктың түзілуі қандағы кальцийдің мөлшеріне
байланысты деп есептелінеді. Д витамині жетіспегенде, рахит дамиды.
Д витамині аздап жұмыртқаның сарысында, уылдырықта, сары майда болады.
Бауырда, балық, әсіресе треска майында, ит балықтың бауырында көп мөлшерде болады.
Д витаминінің активтілігі халықаралық бірлікпен (ХБ) есептелінеді. I ХБ 0,000025 мг
(0,02 мкг) химиялық таза Д витаминін құрайды. Өсімдік тағамдарында Д витамині
болмайды. Д витаминінің негізгі бөлігі теріде ультракүлгін сәуленің әсерімен
холестериннен пайда болады. Адам организмі үшін Д

витамині активтілі болып келеді.
Д витаминін көп бергенде гипервитаминоз дамиды. Ол тәбетінің төмендеуі, кейде
анорексия, терісінің сарғыш тартуы, дене салмағын қосуының төмендеуі, еңбегінің ерте
жабылуы сияқты белгілермен анықталады. Қанда 2,7 ммоль/литрден артық
гиперкальцемия байқалады. Жүрек тамыр және зәр шығару жүйелері зақымдалуы мүмкін.
Сонымен қатар, кальцийдің сүйекте ғана емес, жүректің бұлшық еттерінде, бүйректе және
т.б. мүшелерде тұнып, тастар пайда болғаны анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   677   678   679   680   681   682   683   684   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет