Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет692/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   688   689   690   691   692   693   694   695   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

В
15
витамині (пангам қышқылы).
Липотроптық қасиеті бар. Холиннің синтезіне
көмектеседі, дегидрогеназалардың активтілігін арттыру арқылы тканьдық тынысты
стимулдейді. Пирожүзім және сүт қышқылының тотығуын арттыру арқылы
детоксикацияны үлкейтеді. Мал және өсімдік тағамдарының құрамында кең тараған (бұл
витаминге өсімдіктердің тұқымы бай). Осыған байланысты пангам қышқылы
(«пан»

барлық жерде, 
«гами» 
– тұқым) деп аталған. 
Р витамині (цитрин, рутин).
Тамыр қабырғаларының өткізгіштігін төмендетеді.
Тотығу-тотықсыздану реакциясына белсенді қатысады. Кейбір мүшелерде (талақ, бүйрек
және басқа) С витаминінің жиналуына ықпал етеді. Р витамині гиалуронидазаның әсерін
тежейді. 
Алдын алу.
Баланы дұрыс әртүрлi тағамдармен жеткілікті тамақтандыру, көкөнiстер
мен жемiстердiң жеткiлiктi болуын қадағалау, көктем кезiнде витаминдер тапшылығы жиi
дамитынын есте ұстау керек. Бала алғашкы айларынан сиыр сүтiмен тамақтандырылса,
тәулiктiк кажеттiлiгiне сәйкес С, А, РР, Е витаминдерiн қосымша тағайындау қажет.
Баланың витаминдерге сұранысы – қызуы жоғары инфекциялық ауруларда, созылмалы
асқорыту, тыныс жолдары, бауыр, бүйрек аурулары, антибиотиктер мен сульфаниламидтер
тағайындағанда, жоғарылайды. Бұл жағдайларда тiптi гиповитаминоздардың клиникалық
белгiлерi жоқ болса да, кешендi ем кұрамында С, В
1
, В
2
, А, В
6
витаминдерi берiледi. Онын
мөлшерi жасына сай, физиологиялық сұранымынан 3-4 есе артық болғаны жөн. Мiндеттi
түрде балалар ұжымдары мен ауруханаларда (балалар мен үлкендер үшiн),
перзентханаларда тағамдар витаминделуi тиiс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   688   689   690   691   692   693   694   695   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет