Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Ж е д е л а ғ ы м д ы п н е в м о н и я л а р д ы е м д е у



Pdf көрінісі
бет739/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   735   736   737   738   739   740   741   742   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Ж е д е л а ғ ы м д ы п н е в м о н и я л а р д ы е м д е у
Жедел пневмонияны емдеу келесі кезендерге бөлінуі тиіс:
1. Ауруханаға дейінгі учаскелік дәрігердің әрекеті.
2. Аруханаға жатқызғаннан кейінгі, ауруханадағы дәрігерлер әрекеттері.
3.
 
Емделіп шыққаннан кейінгі учаскелік дәрігердің, пульмонологтың, бала-бақша,
мектеп медиңина қызметкерлерінің әрекеттері.
Жедел пневмониямен ауырған науқасты дұрыс емдеу тактикасы төмендегі
принциптерге негізделуі тиіс:
Аурудың әрбір синдромының, кезеңінің клиникалық физиологиясын дұрыс түсіну.
Науқастың иммунологиялық жағдайын қабыну процессінің белсенділік дәрежесін,
әрбір кезеңнің синдромның клиникалық физиологиясының ерекшелігін ескере отырып бір
принципте емдеу шараларын жүргізу.
Жедел пневмониямен ауыратын науқасқа 2-3 кезендік емдеуді ұйымдастыру. 1-ші
саты емді арнайы стационарда немесе реабилитация бөлімінде. 3-ші саты қайталанатын,
созылған өкпе аурулармен ауыратын, әлсіз балаларды санаторий тектес стационарда
денсаулығы түзелгенге дейін емдеу.
Жедел пневмония туралы бірдей түсінік ауруханаға тускенге дейінгі деңгейдін өзінде
дұрыс диагностика жасауға ықпал етеді.
Үйде емдеу мерзімінің ұзақтығына бірдей көзқарасы.
Балаларды үй жағдайында жедел пневмониядан емдеу:
1. Пневмонияның жеңіл түрлері (асқынусыз, токсикоз, ТЖ, жүрек-қан тамыр жетіс-
пеушілігі құбылысының болмауы).
2. Жақсы тұрмыс жағдайында, отбасы мүшелерінің жалпы, санитарлық мәдениет
деңгейінің жоғарлығы.
3. Дәрігердің тағайындаған емін ата-анасының уақытында орындауына дәрігердің
сенімі болған жағдайда.
4. Өкпе ауруының қайталауға, созылмалы түріне ауысуына ықпал етуші факторлар-
дың болмауы.
Қызба байқалатын мерзімде, яғни 4-5 күн бойына, төсектік режим сақталады. Ауру-
дың алғашқы күндері ата-анасы баланы шудан қорғап тыныштық жағдай ұйымдастрыуы
керек. Мүмкіндігінше баланы бөлек бөлмеге салып, отбасының басқа мүшелерімен көп
қатынаста болмауын қарастыру керек. Бірінші күндері баланың көбірек ұйықтағаны жөн.
Науқастың белсенді кезінде мүмкіндігінше баланы алдандырып, көңілін аулап, көңілді
болуына жағдай жасау қажет. Емшек жасындағы балаларды жиі қолға алып, қалпын жиі
458


ауыстырып тұру керек. Жедел пневмониямен ауырған баланы таза ауада қыдырту 10-15
о
басталады. Бұл деңгейден ауа температурасы төмен болғанда, таза қыдыру үшін
веранданы (дәлізді) немесе жақсы желдендірілген басқа бөлмені пайдалану керек.
Қыдыратын бөлменің температурасын біртіндеп төмендетіп (2-3 күнде 2-3
о
-қа) отырады.
Емшек еметін балалар үшін тәуелік бойындағы сұйықтық мөлшерін, емшек сүтін
немесе жасанды сүт қоспасын (жасанды тамақтанатындар үшін) қоса есептегенде 140-150
мг/кг дене салмағына болу керек. Науқас баланы бұрынғысынан жиірек, бірақ аз
мөлшерден тамақтаныдру керек. Тамақатану арасында демалыс беру керек. Тағам
толыққұнды, механикалық жағынан жақсы өңделетін, жеңіл сіңірілетін және баланың
жасына сәйкес болуы керек. Тағам құрамынан экстрактивті заттарды, ащы заттарды алып
тастау және ас тұзын шектеу керек. 
Емшек жасындағы балалардың емізер алдында мұрнын тазалап, қажет болса,
тамырларды тарылтатын тамшылар тамызу қажет. Егер мұрын арқылы дем алуды дұрыс
қамтамасыз ету мүмкін болмаса, асты қасықпен берген жөн. Сауығу кезінде балалардың
тағамы көк-өністер мен жеміс-жидек есебінен дәрумендерге бай болуы керек. Сусынды
жылы күйінде берген жөн: тәтті шай, итмұрын, түймедақ немесе қараөрік қайнатпалары
шырындар, морстар, оралит (глюкоза 20г, натрий хлориді 1,5г, калий хлориді 1,5г, натрий
бикорбанаты 2,5г, 1 литр суға ерітіледі). Ішетін судың жалпы мөлшері әдеттегі көлемнен
300-400 мл артық болуы керек. 
Үйде гипоксияны төмендетуге бағышталған шаралар бөлмені тұрақты желдендіріп
тұрудан тұрады. Жылы күндері терезе ұдайы ашық тұруы керек. Бөлме температурасы 17-
18
о
жоғары болмауы керек. Тыныс жолдарының клегейлері құрғап қалмау үшін, бөлменің
ауасын тұрақты ылғалдандырып тұру керек. Баланың киімі тиімді болғаны жөн, баланы
шектен тыс киіндіре бермеген дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   735   736   737   738   739   740   741   742   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет