Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет741/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   737   738   739   740   741   742   743   744   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Витаминмен емдеу.
 
С, В
1
, В
2
витаминдері физиологиялық мұқтажыдықтан 4 есе
артық қолданылады. 
459


Фитотерапия.
 
Пневмонияның жедел кезінде
 
жастан асқан балаларға, қақырық
жүргізу әсері бар өсімдіктер жиынтығы (қараандыз тамыры, мия тамыры, шалфей, өгей
шөп, тасшөп) қолданылады. Қайың, шайқурай жапырақтарын қолдануғада болады.
Қуаттандырушы ем.
 
Жақсару және сауығу кезінде
 
жедел кезеңнен кейін 2-3 апта
бойына төмендегі дәрілермен организмнің қорғаныс қабылетін қуаттандыру жүргізіледі: 
Натрий нуклеинат (Natrii nucleinas). Нуклеин қышқылының натрий тұзы ашытқыны
гидролиздеу нәтижесінде алынып, тазаланған. Ұнтақ күйінде шығарылады. Бір жасқа
дейнгі балаларға – 0,005-0,01, 2-5 жаста – 0,015-0,05, 5-7 жаста – 0,05-0,1 г, 7-14 жаста –
0,2-0,3 г-нан күніне 2-3 рет 5-8 күн және оданда ұзақ береді. Сол сияқты Метилурацил
(3-8 жасар балаға – 0,25 г, 8 жастан ересек балаға – 0,25-0,5 г-нан күніне 3 рет), Дибазол
(Бір жасқа дейін – 0,001 г, 1-3 жаста – 0,002 г, 4-8 жаста – 0,003 г, 9-12 жаста – 0,004 г, 12-
ден асқан балаға 0,005 г ашқарынға күніне бір рет), Пентоксил (бір жасқа дейін 0,015, 1-3
жаста – 0,025, 3-8 жаста – 0,05, 8-12 жаста – 0,075, 12 жастан асқанда – 0,15 г күніне 3-4
рет), Жень-шень тұндырмасы (күніне 15 тамшыдан 3 рет), сұйық элеутерококк сығындысы
(тамақтан жарты сағат кейін күніне 5-20 тамшыда 25-30 күн бойына), А, В
5
, В
6
, В
1
, В
2
витаминдері қолданылады. 
Жедел пневмониямен ауырған науқастарды ауруханада емдеу.
Науқасты емдеуді ауруханаға түскеннен бастау керек. Емнің негізгі сатылары: су
тәртібін тағайындау, тиімді емдәм, антибиотикалық ем, тыныс және жүрек жетіспеушілі-
гін жою, қышқылды сілтілік жағдайды қалыптастыру, гипертермиямен, құрысу
синдромымен және т.б. күрес, гипокалиемия, ТІШҰ синдромыдарының алдын алу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   737   738   739   740   741   742   743   744   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет