ҚАЗАҚСТАНДА ПЕДИАТРИЯНЫҢ ДАМУЫ Балалар туралы ғылымның басы ескі дәуірдің IV ғасырында медицинаның негізін
қалаушы Гипократтың «Баланың табиғаты» атты кітабының өмірге келуімен
байланыстырылады. Одан кейін Цельс, Гален, Соран (I және II ғасырлар) балалар, оларды
күту, тәрбиелеу туралы жазған.
Ғылым шежіресінде, әсіресе медициналық ғылымның, араб мәдениетінің өкілдері
белгілі орын алады. Сонымен қатар, олардың педиатрия ғылымында сіңірген еңбектері де
айтарлықтай.
Олардың ішінде Орта ғасырдың ғұлама дәрігерлерінің бірі Абу Бакр Мохаммад ибн
Закария ибн Яхья Ар-Разиды (865 – 925) атауға болады.
Шығыс елдерінің ғалымдарының көзқарасына жүгінсек, педиатрия ғылымының
негізін қалаушы болып Шығыстың ғұлама оқымыстысы Абу Али ибн Сина есептелуі
керек. Алғашқы рет оның жазған еңбектерінде бала организмінің анатомиялық құрылысы
мен физиологиялық ерекшеліктері айқын көрсетіледі. Абу Али ибн Синаның көзқарасы
бойынша бала организмінің құрылысы негізінен құрсақ ішіндегі дамуға байланысты
болады. Ол организмдегі бұзылыстарды ұрық пайда бола бастаған кезеңдермен
байланыстырады. Баланың қалыпты дамуы үшін босану ағымының алатын орнына үлкен
көңіл аударған.
Абу Али ибн Сина өсу және даму процесстері туралы мағлұмат беріп, өсу кезеңін 3
сатыға бөлген:
сәбилік кезең – бұл кезеңде нәресте қозғалуға, тұруға дайын емес; екінші
кезең –
балалық шақ , әлі тісі шықпаған, бірақ, тұрып, мүшелердің қатайғанынан кейінгі
кезең; үшінші кезең –