Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару
4-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат принциптері
1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат:
1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алу құқықтарының
теңдігін қамтамасыз ету;
2)
мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың
жеке және қоғамдық
денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі
;
3)
ана мен баланы қорғау;
4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;
5) денсаулық сақтау жүйесі қызметіндегі профилактикалық бағыттың басымдығы;
6) медициналық көмектің қолжетімділігі;
7) медициналық көмектің сапасын ұдайы арттыру;
8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;
9) медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметінің
сабақтастығы;
10) медициналық және фармацевтикалық білім берудің үздіксіздігі мен сабақтасты-
ғын қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып қамтамасыз ету;
11) отандық медицина ғылымын мемлекеттік қолдау, денсаулық сақтау саласындағы
ғылымның, техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін және әлемдік тәжірибені енгізу;
12) ерікті өтемсіз донорлықты көтермелеу;
13) отандық әзірленімдерді және бәсекеге
қабілетті медициналық және
фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуды мемлекеттік қолдау;
14) азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын
қамтамасыз етуге қоғамдық
бірлестіктердің қатысуы;
15) денсаулық
сақтаудың халықтың сұранысын, мұқтажын қанағаттандыруға және
өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарлылығы;
16) салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесу;
17) халықтың денсаулығын, дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатқызу
принциптері негізінде
жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: