Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет925/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   921   922   923   924   925   926   927   928   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Ажырату диагнозы. 
Ревматикалық эндокардит:
1) тұрақты және айқын инфекция-
лық токсикоз тән емес; 2) патологиялық процессте артитикалық синдром басым келеді; 3)
тромбоэмболикалық асқынулар басым келеді; 4) қабынуға қарсы емге тиімділік
байқалады.
Басқа балалар инфекциялық аурулары
– инфекциялық эндокардитте патологиялық
процесстің даму сатысына тән белгілер жоқ. 
Емі және профилактикасы.
 
Клиникалық көрінісі талас тудырмаса микробиология-
лық зерттеудің нәтижесін күтпей емдей бастайды. 
Антибактериялық ем:
-
қоздырғышы белгісіз болса
: цефтриаксон, тәулігіне 80-100 мг\кг венаға (дозаны бір
рет немесе екі инъекцияға бөледі), немесе ампициллин, тәулігіне 200 мг\кг венаға,
570


(дозаны төртке бөліп жібереді) немесе құрамында β-лактамаза ингибиторлар бар
антибиотиктер (амоксиклав және басқалар) тәулігіне 30мг/кг 6–8 рет венаға
гентамицинмен қосарлап (4,5–7,5мг/кг ) 6 дозаны бөліп, тәуелігіне 8 рет жіберіледі.
-
стафилококктық инфекцияда
: оксациллин, тәуілігіне 200мг\кг венаға (дозаны бөліп 4
рет жібереді) гентамицинмен қосарлап (4,5-7,5мг/кг, дозаны бөліп, 8 сағат сайын
жібереді) егеді. 
-
көгерген стрептококк анықталса
: бензиллинпенициллиннің судағы ертіндісі тәулігіне
250 000 бірлік кг\кг венаға (дозаны 4 сағат сайын салады) жібереді. Балалар үшін ең
жоғары тәуліктік доза 20 000 000 Б.
-
энтерококктар анықталса: 
пиперациллин немесе тикарциллин, тәулігіне 200-300мг\кг
венаға (дозаны 6 сағат сайын бөліп жасайды) гентамицинмен қосарлап тәулігіне 3-7,5
мг\кг (дозаны бөліп, 8 сағат сайын) венаға, немесе құрамында β-лактамаза
ингибиторлар бар антибиотиктер қолданылады.
Антибактериялық емнің ұзақтығы 4-6 апта құрайды. 
Қатал немесе жартылай төсектік режим
(антибактериальды терапия кезінде). 
Инфекция ошақтарын санациялау. 
Қабынуға қарсы ем
(иммундыққабыну фазасында): ацетилсалицилқышқылы, тәулі-
гіне 50-75мг\кг (тәулігіне 2г-нан артық болмауы керек); индометацин, вольтарен тәулігіне
1-3мг\кг; бруфен тәулігіне 1-3мг\кг; кортикостероидтар (көрсеткіштері бойынша).
Иммунокоррекция:
гипериммунды арнайы антимикробты плазма пассивті
иммунотерапия ретінде қолданылады.
Кардиотрофиялық ем.
Тисті бөлімдерді қараңыз. 
Хирургиялық емді жүргізеді:
1) қанайналымының тұрақты жетіспеушілігі; 2) айқын
тромбоэмболикалық синдромда; 3) қақпақтардың прогрессивті деструкциясы; 4) туа
біткен жүрек ақауларында; 5) саңырқұлаулықтық эндокардитте; 6) консервативті ем тиімді
болмағанда.
Инфекциялық эндокардиттің профилактикасын
 
антибактериальдық дәрілерді пай-
даланып (парентеральді) жүргізу тек
жоғары қауіп байқалғанда
жүргізіледі. Эндокардит
даму қаупі жасанды жүрек қақапақтары бар ауруларда, сонымен қатар биопртездері бар
ауруларда; ревматикалық жүрек ақауы бао науқастарда байқалады. Туа жүрек ақауында
және митральды қақапақтардың пролапсінде эндокардит даму мүмкіндігі төмен болады. 
Бұндай жағдайда антибиотиктер хирургиялық емдерде, стоматологиялық
араласруларда, эндоскопиялық зерттеулерде және т.б. қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   921   922   923   924   925   926   927   928   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет