4) штат санының қысқаруына немесе мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының
таратылуына байланысты қызметкер босап қалған жағдайда, бюджет қаражаты немесе
жұмыс берушінің есебінен қайта даярлаудан өтуге;
5) еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруына байланысты өміріне немесе
денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
6) азаматтың өміріне қауіп төнген жағдайларда ұйымдарға немесе азаматтарға
тиесілі байланыс құралдарын, сондай-ақ қолда бар көліктің кез келген түрін оны таяу
жердегі медициналық ұйымға жеткізу үшін кедергісіз және тегін пайдалануға;
7) қызметтік тұрғын үй берілуге;
8) жүріп-тұру сипатындағы қызметіне байланысты көлік шығыстарын өтетуге;
9) кәсіптік міндеттерін жоғары сапалы деңгейде орындағаны үшін көтермеленуге;
10) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға;
11) медицина қызметкері тарапынан ұқыпсыз немесе немқұрайлы көзқарас болмаған
кезде, азаматтың денсаулығына келтірілген зиян үшін кәсіптік жауапкершілікті
сақтандыруға құқығы бар.
2. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларының
біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау бюджет қаражаты, жұмыс берушінің
қаражаты, өз қаражаты есебінен, сондай-ақ тыйым салынбаған басқа көздер есебінен
жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала
үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне
мынадай әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары ұсынылады:
1) жергілікті өкілді органдар айқындайтын мөлшерде лауазымдық айлықақыға
қосымша ақы;
2) коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды облыстардың,
республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді органдары
белгілеген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен өтеу;
3) жеке меншігінде малы барлар жергілікті өкілді және атқарушы органдардың
шешімі бойынша жемшөппен, мал жаюға және шөп шабуға арналған жер учаскелерімен
қамтамасыз етіледі;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңілдіктерден басқа,
денсаулық сақтау қызметкерлеріне жергілікті өкілді органдар жергілікті бюджеттердің
қаражаты есебінен қосымша жеңілдіктер белгілеуі мүмкін.
4. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде жұмыс
істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне «Агроөнеркәсіптік кешенді және
ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының
Заңында
көзделген әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары ұсынылады.
5. Қызметтік және кәсіптік міндеттерін атқару кезінде АИТВ жұқтырылған
материалмен жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және
фармацевтика қызметкерлерінің АИТВ жұқтыруы кәсіптік ауруға жатады.
Осы адамдарға кәсіптік ауруына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы
кезеңінде Қазақстан Республикасының еңбек
Достарыңызбен бөлісу: