13) басқа да медицина және фармацевтика қызметкерлері тарапынан Ар-намыс
кодексінің нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және олардың жолын кесуге;
14) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде белгіленген киім нысанын сақтауға
тиіс.
3. Пациенттермен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері: 1)
жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік,
лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға
қарамастан адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
2) мұқтаж болған әрбір адамға медициналық көмек көрсетуге;
3) адам өмірін сақтау өзінің борышы екенін әрдайым есте ұстауға;
4) азаматтардың мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайтуға
жәрдемдесуге;
5) пациенттерге қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол
бермеуге, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттердің жолын кесу жөнінде күш-
жігер жұмсауға;
6) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан негізделген сын айтылуына жол бермеуге,
сынға сабырлылықпен қарауға, сындарлы сынды өзінің кәсіптік қызметіндегі
кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін пайдалануға тиіс.
4. Өз әріптестерімен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері:
1) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен
биязылық танытуға;
2) пациенттің мүддесі талап етсе, риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және
әріптестерінен кеңес сұрауға;
3) басқа медицина және фармацевтика қызметкерінің кәсіптік біліктілігіне көпшілік
алдында күмән келтірмеуге;
4) қазақстандық медицинаның дәстүрлерін және жетістіктерін байытуға тиіс.
5. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін сақтауы
олардың кәсіптік борышы болып табылады.
6. Денсаулық сақтау ұйымының ұжымы оның басшысының шешімі бойынша
медицина және фармацевтика қызметкерінің Ар-намыс кодексінің ережелерін сақтамау
фактісін қарап, қараудың нәтижесі бойынша қоғамдық мін таға алады.
7. Денсаулық сақтау ұйымының басшылары Ар-намыс кодексі мәтінінің көрнекі үгіт
орындарында орналастырылуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: