Медициналық этиканың халықаралық кодексі. Дүниежүзілік медицина қауымдастығының 3-ші Бас ассамблеясында қабылданған, Лондон, қазан, 1949 ж., 22-ші (1968) және 35-ші (1983 ) Дүниежүзілік медицина ассамблеяларымен толықтырылған. Дәрігерлердің жалпы міндеттері. Дәрігер әрқашан ең жоғары кәсіби стандартқа сай болуы керек. Дәрігер науқас мүдесі
үшін ғана қолданылатын кәсіби шешімдердің бостандығы мен тәуелсіздігі тұрғысынан өз
пайдасына бағышталған әсер етуіне жол бермеуі керек.
Дәрігер Адам құндылықтарын құрметтеу мен қамқоршылық танытуда науқасты
басты орынға қойып, өзінің кәсіби мамандығына қарамастан, медициналық көмектің
барлық жағына толығымен жауап беруі керек.
Дәрігер өз науқастары мен әріптестеріне адал болып және ыждағаттылық
танытпайтын, жалғандыққа жол беретін әріптестеріне қарсы күресуге міндетті.
Дәрігер науқастың, әріптестерінің, басқа медициналық қызметкерлердің құқықтарын
құрметтеуге және де дәрігерлік құпияны сақтауға міндетті.
Дәрігер медициналық көмек көрсету кезінде науқастың физикалық және психикалық
денсаулығына нұқсан келтіретін әрекеттерді тек науқас жағдайы қажет еткенде ғана жасау
керек.
Дәрігер жаңалықтар, жаңа технологиялар және емдеу әдістері жайлы мәліметтерді
кәсіби емес арналар арқылы бергенде өте сақ болуы керек. Дәрігер жеке өзі тексерген
мәліметтерді ғана айтуға міндетті.