Мектепке дейінгі оқушылардың тілін дамыту



Дата05.01.2017
өлшемі156,2 Kb.
#6425
Мектепке дейінгі оқушылардың тілін дамыту.

Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгері жүру – ұлы мұрат. Қазіргі заманда білім беру әлемдік құрылымның маңызды элементінің біріне айналады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

19 ғасырда еңбек еткен педагогтар алғаш рет балалар анатомиясы мен физиологиясының педагогика және тәрбие жұмыстарын дамытудағы маңызын дәріптей бастады. Атақты педагог К.Д. Ушинский (1824-1871) балалардың дене құрылысы мен мүшелер қызметін білмей тәлім-тәрбие жұмыстарын, балаларға білім беруді белгілі бір бағытта дұрыс жолға қою мүмкін еместігін айтқан.

Алғаш рет 1939 жылы А.Н. Северцов тұжырымдаған, кейіннен П.К.Анохин дамытқан (1949) системогонез туралы ілімнің, мүшелер жүйелерінің гетехронды түрде даму принципінің жасқа байланысты физиологиялық дамуына ықпалы күшті 

болды. П.К. Анохиннің бұл пікірі бойынша, бала организмнің түрлі кезеңдерде дамуы, оның құрылымдарының бір-біріне уақытқа байланысты өзгеруі арқылы жетілетіндігін байқатады.

И.П. Павлов тәрбие беру теориясы мен практикасы үшін физиологияның үлкен маңызы бар екенін атап айтқан. Ол барлық тәрбие беру және даму заңдылықтары физиологияға негізделген деп көрсетті. Сонда тәрбиеші осы айтылған заңдарды оқушылардың жастарына сай пайдаланып, оқу-тәрбие жұмыстарының бағытын дұрыс анықтауы тиіс. Балалардың жас ерекшеліктерін білу мұғалім үшін баланың жеке басының ерекшелік қасиетін дұрыс қалыптастыруға, оның күш қуатын және ақыл-ойын дұрыс бағалай білуге үлкен мүмкіндік туғызады. Педагогика ғылымының көрнекті 

қайраткері және халық ағарту ісін ұйымдастырушы Н.К. Крупская былай деген: «Педагог, біріншіден, не білуі тиіс, — ол адам денесінің құрлысы мен қызметін яғни, адам денесінің анатомиясы мен физиологиясын және оның дамуын. Онсыз жақсы педагог болуға, баланы дұрыс өсіріп, тәрбиелеуге мүмкін емес».

Балалар мен жас өспірім организмінде, органдарының құрлысы және қызметінде, ересек адамдармен салыстырғанда, 

ерекшеліктер бар, себебі, балалар өз өмірінің әр түрлі кезеңдерінде көп өзгереді. Балалардың жас кезеңдеріне тәуелді морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерді білу, оны тәрбие жұмыстарына тиімді пайдалану — әрбір мектеп маманының міндетті ісі.

Әсіресе, жас мамандардың педагогтік шеберлігінің дұрыс қалыптасуында баланың жас ерекшеліктеріне тән қабылдау және ойлау процестері, оның жеке басының даму заңдылықтары жөнінде білудің елеулі маңызы бар.

Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы балабақшада өтілетін барлық сабақтарда (шығарма оқу, сауат ашу, сурет, математика, музыка, дене шынықтыру, т.б.) 



баланың жасына қарай жүргізіледі. Мысалы, жазда балабақша ауласында, «Жайлауға саяхат», «Шопан ата қонақта», «Ыдыс дүкені», «Мектеп», «Мұғалім», «Дәрігер», т.б. творчествалық ойындар өткізіледі. Бұл ойындарға қажетті материалдарды тәрбиешілер дайындап, балаларды қатыстыра отырып, өздері жасайды. Олар әзірленген түрлі түсті «кәмпит», «нан», «тоқаш», «құрт», «ыдыс-аяқ», «Жайлау» ойыны үшін жасалған киіз үй, үй мүліктері, төсек-орын, көрпе жастық, кілем, алаша — балалардың бұрын үйренген сөздердің дұрыс айтуға, бір-бірімен сөйлесіп, пікір алысуға, бір-біріне әңгімелеп беруге мүмкіндік беретіні сөзсіз [3, 7]. Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты біреу, ол — жас ұрпақты жан жақты тәрбиелеу, ой өрісін, сана-сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім-дағдыларға үйрету. Сол себепті қазақ педагогикасы және «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында» сәбидің тілін дамыту, ауызекі дұрыс, 

мәдинетті сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге бағыттап отыру ісіне назар аударады. Өйткені баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі — тіл. Ал тілдің дамуы оның сана сезімінің, ой өрісінің жетіле түсуіне негіз болады.

Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын, бала айналадағы адамдармен, өзі қатарлас балалармен белсенді қарым-қатынас жасайды. Өмірде кездесетін түрлі іс-әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады. Дәл осы жас шамасында баланың сөз қолдану ерекшелігін терең зерттеп, талдаған балалардың көрнекті жазушысы К. Чуковский оларды «данышпан лингвистер» деп атаған болатын.

Баланың айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабақшада арнайы өтетін сабақ, ойын, еңбек процестерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады. Балаға бағдарламалық материал негізінде білім беруге баса назар аудару керек.

Оқу жылына жоспар жасағанда баланың жақсы сөйлей білуін бағдарлау, сөздік қорын дамыту, ой өрісін кеңейту жұмысына өте мұқият қарау қажет. Ол үшін әр тәрбиеші, әрбір балабақша меңгерушісі бағдарламада берілген материалды өздері ыждағаттықпен оқып-үйренуі керек. Осыдан соң тәрбиеші қандай тақырыпты қай кезде, қалай, қандай мақсатта, қай сабақпен байланыстыра өткізу керектігін анықтай отырып, әр сабаққа қажетті материалды, балаларға қойылатын нақты 

сұрақтарды (көркем әдебиет тақырыбы, ойын, балаларға қойылатын сұрақтар) көрсетіп, жоспарлайды.

Ал ана тілінен берілетін мағлұматтар бағдарламада жалпылама берілген. Олай болса, сол көрсетілген мағлұматтарды дәлме-дәл бөліп жоспарлау тәрбиешіден творчестволық шеберлікті талап етеді.

«Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының» соңында тіл дамытудан өтілетін апталық сабақ саны анық көрсетілген. Тәрбиеші осыны басшылыққа ала отырып, өзі 

жұмыс істейтін топта өтілетін сабақты жоспарлайды. Ең алдымен «Айналадағы өмірмен таныстыру және баланың тілін дамыту» деген бөлімге талдау жасайды. Осыдан соң бағдарламалық материалды оқу жылы бойынша бөледі. Ана тілінің сабақ кестесі мен күнтізбелік жоспарын жасайды.

Әр топта өтілетін тіл дамыту, шығарма оқу, қоршаған орта туралы бақылату сияқты жұмыстар апталық сағат саны бойына жоспарланады. Жаңа бағдарлама бойынша сәбилердің бірінші (2-ден 3 жасқа дейін) тобында тіл дамыту, қоршаған ортаны бақылату аптасына екі рет, дидактикалық ойын, дене қимылы тәрбиесі бір рет жүргізіледі. Сонда оқу жылы бойына 64 сабақ тіл дамытудан, 32 сабақ ойын, сенсорлық тәрбие (бұл да тіл дамытуға сәйкес) барлығы 96 сабақ өтіледі. Тәрбиеші бағдарламалық материалға талдау жасай отырып, тіл дамыту 

жұмыстарын, сабақ түрлерін (ойын-сабақ, сурет, ойыншық көрсетіп әңгімелесу, шығарма оқу, сөздің дыбысталуын дұрыс айтуға үйрету сияқты), жұмыс түрлерін белгілейді. Оған қажетті материалдар әзірлейді.

3-тен 4 жасқа дейінгі сәбилер тобында да тіл дамыту сабақтары осылайша жұпталады. Бұл топтағы ерекшелік – қоршаған ортамен таныстыруға аптасына 1 сағат, тіл дамытуға – 1 сағат және шығарма оқуға -1 сағат бөлінеді. Сонда бұл топта да жыл бойына 96 сабақ өтіледі. Тәрбиеші қоршаған ортаны бақылату процесінде баланың сөз қорын молайтуға баса назар аударады. Себебі мектепке дейінгі балалардың 

сөздік қоры өмірден, өзін қоршаған ортадан алынады. Бақылау сабақтарының басты міндеттерінің бірі – затты таныта отырып, сол заттың атына, іс-әрекетке қатысуына, түр-түсіне байланысты сөздерді түсіндіру. Сонымен қатар бұл топта көрген-білгені жайында өз бетімен әңгімелеп айтуға үйрету жұмысы да жүргізіледі.

Тәрбиеші тіл дамыту жұмысында жоспар жасағанда (96 сағатты — әдебиет оқу, тіл дамыту) сабақ түрлеріне сай дәл жұптауы керек. Бір ай ішінде тіл дамыту жұмысы қай аптада қандай тақырып бойынша жүргізілетінін, әдеби шығарма оқу, бақылау жұмысын аптаның қай күні өткізген жөн екенін 

мұқият анықтауы керек. Қандай тақырыпты қай кезде, не мақсатта, қандай сабақпен байланыстырып өткізетінін белгілей отырып, сол сабақтың тақырыбын, оқылатын шығарманы, ойын, сурет атын жоспарда атап көрсетеді.

Мысалы, сәбилер тобында күзгі табиғатты бақылату керек делік. Тәрбиеші бұл тақырыпты жалпылама алмайды. Күзгі бақша, көкөніс жинау туралы тақырып белгіленсе, онда бақылаудан соң «Күзде» деген суретті көрсетіп әңгімелесу. «Қияр мен капуста» деген ертегіні оқу, «Қызғаншақ» деген тақпақты жаттау, «Бұл не?» деген ойын (көкөністермен) 



сабақтары өткізіледі. Сабақ түрлері белгілі күндерге бөлінеді. . Бағдарламада айналадағы дүниемен, табиғатпен таныстыру жұмыстарына жеке бөлімдер берілген. Алайда балабақшада өтілетін тіл дамыту жұмыстары аталған бөлімдерге практикалық жолмен сабақтаса жүргізіледі. Өйткені мектепке дейінгі баланың тілі өзін қоршаған орта арқылы толығады. Қоғамдық, маусымдық мағлұматтар, жан-жануарлар дүниесі туралы білім беру, баланың логикалық ойын, сөйлеу қабілетін, сөздік қорын дамыту біртұтас қарастырылады. Сондықтан тәрбиеші бағдарламаның осы бөлімдерінен берілетін материалдарды тіл дамыту жұмыстарымен сабақтастыра, үйлестіре жоспарлауы керек. Аталған сабақтарды жоспарлау барысында үнемі балалардың сөйлеу дәрежесі ескеріледі. Оқу жылының алғашқы аптасында тәрбиеші балалармен жекелей сөйлесе жүріп, сөйлеу дәрежесін анықтайды, аты-жөнін, әке-шешелерінің атын, әжесі, атасы, аға-інісі, ойыншықтары жайлы сұрап әңгімелеседі. Осыдан соң бағдарлама мазмұны негізінде күнтізбелік жоспар жасалады. Жаңа бағдарлама бойынша үш жасқа қараған балаларды сөз ішіндегі барлық дауысты-дауыссыз дыбыстарды дұрыс тыңдап, дұрыс айтуға үйрету, сөйлеу мүшелерін жетілдіру, сөзді, «сөз», «дыбыс» деген ұғымды меңгерту, сөздік қорын молайту көзделеді. Аталған сабақтарды жоспарлау барысында үнемі балалардың сөйлеу дәрежесі ескеріледі. Оқу жылының алғашқы аптасында тәрбиеші балалармен жекелей сөйлесе жүріп, сөйлеу дәрежесін анықтайды, аты-жөнін, әке-шешелерінің атын, әжесі, атасы, аға-інісі, ойыншықтары жайлы сұрап әңгімелеседі. Осыдан соң бағдарлама мазмұны негізінде күнтізбелік жоспар жасалады. Жаңа бағдарлама бойынша үш жасқа қараған балаларды сөз ішіндегі барлық дауысты-дауыссыз дыбыстарды дұрыс тыңдап, дұрыс айтуға үйрету, сөйлеу мүшелерін жетілдіру, сөзді, «сөз», «дыбыс» деген ұғымды меңгерту, сөздік қорын молайту көзделеді. қолданылады [3, 17-20].

Бағдарламада 2-3 жастағы балаларға әңгімелеуге, оқып беруге халық ауыз әдебиетінен, балалар жазушыларының шығармаларынан, туысқан халықтар әдебиетіне жеңіл тақырыптар алынады.

2-3 жастағы балаларға ертегілерді ауызша әңгімелеп береді. Сондықтан ертегі мазмұнын еске түсіру үшін сұрақтар беріледі де, соған тиісінше жауап алады. Ал ертегіні оқып беруден бұрын дайындық жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, «Лақтар мен қасқыр», «Бауырсақ» ертегілері оқылса, лақтар сияқты секіру, маңырау, бауырсақтай домалау, Қайтті? Қандай? Не істеді? деген сұрақтарға жауап бергізе отырып, қимыл-қозғалысын жасату. Ертегі сюжетіне арналған суреттерді фланеграфта орнын ауыстырып көрсетеді.

Сабақта шығарма сюжетіне орай көріністер жасату, рөлге бөліп орындау (кейіптендіру), көлеңке театрын көрсету. Балаларға таныс ертегіні көрнекі құралсыз айтып беріп, есте сақтауға үйрету.

Жаңа бағдарлама мазмұнына сәйкес екі жастағылармен өтілетін тіл дамыту сабақтары мына түрде жүйеленеді: оқу жылының алғашқы жартысында затты көрсете отырып, оның қалай аталатынын айтып түсіндіру; сол затпен ойната отырып, сөзбен дұрыс атап айтуға үйрету. Өйткені балабақшаға жаңадан қабылданған балаға айналасындағы заттар, 

ойыншықтарды тану қиын, жуыну, киіну сәттерінде өздігінен еркін сөйлесіп, белсенді қимыл-әрекет жасайтын баланың жаңа ортаға, ондағы күн режиміне, балалар коллективіне, тәрбиешіге үйреніп, үйлесіп кетуі бірден ойдағыдай бола бермейді. Өйткені ол жаңа ортаға келді. Ұжымдық жұмыс түріне (ойын, сабақ, серуен, тағы басқа) үйренуге тиісті, олай болса, бұл топта өтілетін оқу-тәрбие жұмысында тәрбиеші күн режимін дұрыс ұйымдастыра отырып, балаларды ұжымдық жұмыс түріне қызықтыра білуге тиісті. Балаға жылы шырай білдіре жүріп, олармен жүргізілетін 10-15 минуттық сабақта ойын әдісін түрлендіре қолданып, балаға өмірге қажетті әр затты таныстыруда ойната отырып сөйлесуі керек. Сол себепті бағдарламада көрсетілген сабақ ойын түрінде берілген. Мысалы, заттық ұғымдарды меңгертуде ойыншықтармен ойын-көріністер жасату. Ондай көріністер мына түрде: «Ғажайып қалта», «Әткеншек», «Үйшіктегі кім?», (кімдер?). Затпен әр түрлі қимыл-қозғалыс жасата ойнатып, күнделікті өзіне қажетті әрекетті түсініп, дұрыс орындауға (тамақтандыру, киіну, шешіну) үйрету мақсаты көзделеді. Сондықтан «Қуыршақты ұйықтату», «Қуыршаққа тамақ беру», «Қуыршақ өлең айтып, би билейді», тағы басқа сан түрлі ойын өткізіледі. Бұл ойындар — жай ғана ермек үшін емес, баланың күн режимі, күнделікті іс-әрекетімен сабақтасып жатқан жұмыс түрлері. Осындай ойын балаларды сөйлеуге, қарапайым еңбек түріне, ұжымдық бірлесе жұмыс істеуге, адамгершілікке үйрете отырып, болашақ өміріне қажетті білім-дағдылардың ең басты түрлерін меңгеруге негіз болады.

Тәрбиеші қуыршақтарды, үй жануарларының, құстардың ойыншық мүсіндерін көрсете отырып: «Қуыршақ қонаққа келді, ол сендермен бірге өлең айтып, би билейді, серуенде ойнағысы келеді», — деп түсіндіреді. Балалардың өздерінен ойыншықтары туралы сұрай отырып, оларды сөйлетеді. «Менің қуыршағым үлкен, сенің қуыршағың қандай? Мына қуыршақ жуынып жатыр. Сен үйде не істейсің?», тағы басқа сұрақтардың көмегіне сүйеніп, екі-үш сөзден құралған сөйлемдер айтуға жаттықтырады [3, 34-35].

5-6  жас жоспарына сәйкес күніне екі сабақтан аптасына 10 сабақ өтіледі. Оның ішінде тіл дамыту, айналадағы өмірмен 

5-6  жас жоспарына сәйкес күніне екі сабақтан аптасына 10 сабақ өтіледі. Оның ішінде тіл дамыту, айналадағы өмірмен таныстыру, көркем әдебиет оқу сабақтарына аптасына 3 сағат беріледі. Осыны тәрбиеші кезекпен өткізеді. Бұл аталған сабақ түрлері бір-бірімен тығыз байланыса жүргізіледі. Өйткені тіл дамыту, сөз қорын молайту әдебиет пен айналадағы өмір шындығына негізделеді.

Оқу жоспарында көрсетілген сабақтарды нақты тақырыптарға бөліп жоспарлауда балалардың жас ерекшелігі ескеріледі. Әсіресе, 3 жастағы балардың оқу ісін ұйымдастыруда таным қабілеттерін дамытуға көбірек назар аударған жөн.

Баланы ана тілінде сөйлеуге, айналасын бақылап, тани түсуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың негізгі бір түрі – 



дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі кезеңде баланың тілін дамытуда өте маңызды роль атқарады. Балаға бағдарламалық материалды меңгерту, үйренген білім-дағдылырын бекіту жұмыстары осы дидактикалық ойындар арқылы іске асады. Онсыз сәбилерді қажетті білім дағдыларына үйрету; түрлі тәрбие жұмыстарын жүргізу; олардың сөздік қорын молайтып, есту, көру, сөйлеу мөлшерін дамытып, жаттықтыру қиындыққа соғатыны сөзсіз. Сондықтан балабақшаның тәрбиешілеріне арналған бағдарламалық жоспарды басшылыққа ала отырып, балалардың бақылап көргендерін тиянақтап, естерінде берік қалдыру, сөздік қорларын дамыту үшін төмендегідей дидактикалық ойындар ұсынылған: «Жасырылған затты тап», «Ғажайып қапшық», «Ойыншықты тап» (оның түрін, көлемін, формасын атап айт – домалақ, көк, кішкене, т.б.), «Қолыңмен байқап көр, атын айт» (бала дорбаға салынған заттарды қолымен танып, алады), «Жаңа қуыршақты қабылдау», тағы басқа ойындары. Сәбилер тобындағы балалардың көпшілігінің сөздік қоры аз, әлі өз беттерімен сөйлеуге үйренбеген. Сондықтан олармен мұндай ойындар көбірек өтіледі. Ойынның әр түрі тәрбие мақсатына қарай, алмастырылып отырылады. Бұдан басқа аулаға, серуенге шыққан кезде де, түрлі бақылау уақыттарында да ойынға ерекше көңіл бөлінеді. Ойын арқылы сәбилер өмір тіршілігіне қажетті жайттармен танысады. Көргенін айтып беру арқылы сөйлеуге жаттығады. Өйткені әрбір ойын оқылған материалды бекіту, мазмұнын айқын түсіндіру, көрген заттарын ойын арқылы нақтылап, есіне сақтау мақсатында өтіледі [3, 48-50].

Балабақшадағы естияр, ересек тобындағы оқу-тәрби

жұмысында, балалардың сөздік қоры мен сөйлеу дәрежесі, бағдарламада аталған әдеби шығармаларды меңгерту — әңгімелеп беру, шығармалардың жанрын ажырата білу (әңгіме, ертегі, өлең, т.б.), оқыған шығармаларды есте сақтау деңгейі ескеріледі.

Ол үшін бағдарламалық шығарламаларды оқу, тыңдау, әңгімелеу, әңгімелеп айтқызу (сабақта және сабақтан тыс) жұмыстары жүргізіледі. Бақылау жұмысы әңгімелесу, әңгімелету, жаттығу жұмыстарына негізделеді.

Естияр балалар тобында (5-6 жас) тіл дамыту сабақтарының тақырыптары төмендегідей:

1        сөз құрап тұрған дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, сөз, дыбыс туралы ұғымдарды практикалық жолмен меңгерту.

2        грамматикалық формаларды қолданып, сөйлей білуге, жалаң, жайылма, құрмалас сөйлемдер құрап айтуға үйрету.

3        сөйлеу тілін байыту мақсаты көзделе отырып, әрбір сабақ түріне, мазмұнына қарай сөздік жұмысын жүргізіп отыру.

4        байланыстырып сөйлеуге үйрету.

5        көркем әдеби шығармалар оқу.

6        оқылған шығарма мазмұнын әңгімелету.

7        шығармашылық әңгіме құрату.

Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту мәселесі жаңа бағдарлама бойынша осы бағытта белгіленген. Алайда әлі оқи, жаза білмейтін балаларға жалпы тілге қойылатын талаптарды меңгерту, жаңа сөз үйрету, сөйлеу тәсілдеріне жаттықтыру, қоғам өмірінен, табиғат тіршілігінен тыс емес, осылармен тығыз бірлікте, сабақтаса жүргізіледі. Олай болса, тәрбиешілер тіл дамыту сабағын жоспарлағанда баланың өмірден алған әсерін, естіп, білгенін ұдайы ескеруге тиісті. Сөз үйретуге арналған сабақтар экскурсия, бақылау жұмыстарымен үйлестіріле жүргізіледі.

Тәрбиеші қай тақырыпта қандай бақылау, экскурсия, әңгімелесу, әңгімелету сабақтарын өткізгенде де балаға берілетін білім мен зат арасында шартты байланыс болуын 

ескерту керек. Сөздік атауларды бала санаулы түсініп, дәл танып–білсін. Мысалы, балабақша үйін бақылату, үйдің оң және сол жағында көше аттары, сол көшедегі немесе қарсысына орналасқан басқа мекеме туралы балаларға атап айтып түсіндіруі керек. Бала мұндайда «оң жақ», «сол жақ», «қарсы алдында» деген сөздерді үйренеді.

Айналадағы өмірді бақылату жұмысында екі түрлі әдіс 

қолданылады:

Біріншісі – баланың өмір шындығын қабылдап түсінуі. Бұл бақылату жұмысында іске асады. Осының нәтижесінде түрлі заттармен өмір құбылыстары туралы айқын елес қалады. Көріп, таныған заттардың атына, қажеттігіне, түр түсіне, формасына байланысты сөздік қоры дамиды.

Екіншісі – заттармен өмір құбылысы нақтылай түсіндіріп, бақылатып көрсету. Мұндайда тәрбиеші адамдардың өмір тіршілігі – еңбек процесі, өлі және тірі табиғат ерекшелігі 

туралы әңгімелеп беріп, жүйелі түрде салыстыра көрсетіп таныстырады. Әрбір бақылау, әңгімелету, әңгімелесу сабақтарында сабақ мазмұнына қарай диафильм ойыншық суреттер көрсетіп, әдеби шығармалар оқытылады. Сабақты осылайша көрнекі құралдарды пайдалана отырып, өмірмен, іс–тәжірибемен байланысты жүргізгенде ғана баланың санасында айналадағы дүние жөнінде айқын елес қалады.

Сөзді түрлі формада қолдануға үйрету жұмыстары тіл дамыту сабақтары кезінде іске асады.

Тіл дамыту, сөз қорын молайту сабақтарында баланы сөз ішіндегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету ісіне баса назар аудару керек. Балалардың көбінің сөз ішінде кездесетін р, л, с; ш, ж, з, б, п, ф дыбыстарын айтуға қиналатыны байқалады. Кейде бала аталған дыбыстарды жеке–жеке дұрыс айтады да, сөз ішінде дұрыс айта алмайды.

Балалардың дыбыс қолдануында мынадай кемшіліктер кездеседі: сөз ішінде дыбысты дұрыс айтпау, сөзде дыбыс қалдырып айту; сөз ішінде дыбыс алмастыру. Мысалы, қуыршақ–құршақ, қолғап–қолбақ, орамал-омалар –омайлар.

Дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру жұмыстарын басқа 

сабақтарда (шығарма оқу, дидактикалық ойын, бақылау) сабақ мазмұнына қарай жүргізуге болады. Бала оқу жылы ішінде бағдарламада көрсетілген дыбыстарды түгелдей дұрыс айтатын болуы қажет.

Жоғарыда аталған кемшіліктерді түзету үшін ең алдымен балаға қиын р, ш, з, с, ж дыбыстары жиі кездесетін сөздерді тыңдата отырып, баланың құлағын (есту қабілетін дамыту)  сөздің дыбысталу ерекшелігіне төселдіру керек. Онан соң дыбыстарды жекелеп айтып, сөйлеу мүшелерінің осы дыбыстарды айтқанда қалай қолданатыны балаға көрсетілуі жөн. Мысалы, ш дыбысын айтқанда ерін алға қарай сәл ғана сүйірленіп тілдің ұшы тістен алыстап, артқы көмейге қарай 

жиырылады, ж дыбысы да сол сияқты айтылады. С дыбысын айтқанда ерін аз ғана ашылып, тіл төменгі тістің түбіне таяу келеді, з дыбысы да осы сияқты айтылады. Соңғы дыбысты айтқанда бір ерекшелік — аздаған үн қатысады[3, 66].

Мектеп жасына дейінгі балалар негізінен өте қарапайым түрде әңгімелейді және тек жай сөйлемдермен немесе көмекші сұраққа бір сөзбен ғана жауап береді. Әсіресе көркем әдеби шығармаларды мазмұндап айтып беру қазақ тілінде жұмыс істейтін балабақшаларда айтарлықтай емес. Сондықтан 

тәрбиешілердің бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгендері дұрыс. әңгімелеуге үйреткенде мыналарды ескеру қажет:

1       балалардың қойылған сұраққа дұрыс, толық жауап беруі;

2       тәрбиеші қолданған күрделі сөйлемдерді қайталатқызу;

3       өздеріне сөйлемдер құрату;

4       сөйлемге қажет сөздерді ойлап тауып айтуға үйрету;

5       сөз жасау, сөзге түрлі жалғау–жұрнақтар қосып айтуға үйрету;

6       суретті көрсете отырып және суретсіз (белгілі оқиғаға) 

әңгіме құрату.

Сөйлеуге үйретудің негізгі әдістерінің бірі – тәрбиешінің балаларды жетекші сөздер арқылы әңгімеге қатыстыра білуі.

Әңгімелеп беру сабақтары айына бір-екі рет өтіледі. Естиярлар тобында оқу жылының басында ойыншықтарды, суреттерді сипаттап айтуға үйрету сабақтары жүргізіледі. Желтоқсан, қаңтар айларынан бастап оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеп беру сабақтары басталады.

Сабақта қолданылатын әдістер тәрбиешінің сұрақ қойып 

жауап алуы, тапсырма беруі, түзетуі, көрсетуі, әңгімелеп беруі. Дидактикалық ойындар ойнатып балаларға таныс заттар мен ойыншықтардың суреттерін көрсетіп әңгіме құратуға болады.

Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеп беруге үйретуде тәрбиеші шығарма мазмұнына сай сұрақтар бере білуі керек. Қойылған сұрақтар балаға ой салатындай, жауап беруге мәжбүр етерліктей, шығарма мазмұнын ашатындай, әңгіме желісін бұзбайтындай болуы керек.

Балаларды өздері көріп – бақылаған жайттары туралы айтуға үйрету үшін ең алдымен тәрбиешінің өзі әңгімелеп беруі тиіс, соңынан балаларға айтқызады. Баланың жауабын үнемі бақылап, түзеп, бірінің айта алмағанын екіншісіне айтқыотырады. Сабақ тәрбиешінің қорытынды жасауымен аяқталады.

Тәрбиеші балалардың әңгімелерді кейбір фактілерді толықтырып отыруы тиісті.

Оқылған шығарма мазмұнын бір рет қана әңгімелету жеткіліксіз, оны бір–екі аптадан соң қайталаған жөн. Алғашқыда шығармаға арналған суреттер бойынша келесі сабақта әңгімелетеді.

Әңгімелеп беруге үйретуге бағдарламада көрсетілген шығармаларды алу керек: «Кім күшті?», «Залым түлкі», «Қырманда», «Әтеш пен ит», т.б.

Әңгімелесу сабақтарында тәрбиеші бала әңгімесінің мазмұнын бақылап отырады, оның қандай сөздерді, сөйлемдерді қолданғанын қадағалайды. Оның лексикалық қатесін түзетіп, сөйлеу тілінің даму ерекшелігіне қарай дұрыс әңгімелеуге бағыт беріп отырады.



Міне, тіл дамыту жұмыстарының барысында балалар нені меңгеру керектігін атап көрсеттік. Қорытындылай келе, мектепке дейінгі балаға дұрыс берген білімнің нәтижесінде олардың болашақта сөздік қоры мол, сауатты азамат болуларының негізі осында қаланатынын біз болашақ тәрбиешілер дұрыс түсінгеніміз жөн. Тіл дамыту бойынша оқылатын әрбір сабақ өзінше ерекше болуы керек. Және де ол баланың бойына сіңіп, тамырын тереңнен алғаны жөн деп ұғамыз.
Каталог: uploads -> doc -> 0821
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0821 -> Бағдарламасы Түсінік хат > Бағдарлама Елбасының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы "Тәуелсіздік толғауына" сәйкес әзірленді
0821 -> Ақсан жалпы орта білім беру мектебі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет