Аты- жөні, тегі Абиева Тилектес Жумабаевна



Дата27.07.2017
өлшемі65,5 Kb.
#22127

Жоба авторы

Аты- жөні, тегі

Абиева Тилектес Жумабаевна

Аймақ

Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысы

Мектеп орналасқан жер

Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе 2 тұрғын массиві

Мектеп аты №

«№6 жалпы білім беру орта мектебі» ММ

Жоба мазмұны

Жобаның тақырыбы

Адам өміріндегі компьютердің маңызы

Жоба туралы қысқаша мәлімет

Бұл жоба информатика пәні бойынша 7- сынып оқушыларына арналған.

Біз білім беру үрдісінде теорияны тәжірибемен ұштастырып қана қоймай, оқушылардың еркін ойлауына және ақпараттық технология саласындағы соңғы стандарттарға сай жұмыстануына жағдай жасаймыз. «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Сондықтан жас ұрпақ желаяқ заман ағымынан қалып қоймас үшін ең алдымен жаңа технологияларды меңгеруі қажет.

Пәндер

Информатика

Сынып

7-сынып

Жобаның ұзақтығы

2 сабақ, 2 апта

Жобаның негізі

Білім стандарты

«Информатика» пәні бойынша стандарт «ҚР Білім туралы Заңы» және ҚР жалпы орта білімнің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша жасалды. Ол 12 жылдық оқу үлгісіне көшуге байланысты информатика бойынша білім саласында біріккен мемлекеттік саясатты жүргізуге мүмкіндік береді.
Информатика құрылымды оқытады және информацияның жалпы қасиеттері шынайы әлемнің маңызды құрамы сияқты болып табылады. Сонымен қатар информатика – бұл, компьютерлік желілердің көмегімен ерекшеленіп, информацияларды жіберу, сақтау, өзгерту және қолданумен байланысты қызметтің дамыған, ғылымиланған саласы.
Информатика қоршаған ортаны тануда жүйелік-информациялық амалды жүзеге асыратын ғылыми мағлұматтың табиғат пен қоғамдағы информациялық процестер жөніндегі маңызды саласының бірі бола бастады.


«Информатика» пәні оқушыда әлемнің информациялық бейнесі, сонымен қатар қызметтің өзекті тәсілдері жинақталған ғылыми мағлұматтар жүйесінің құрылымдалуына мүмкіндік бере отырып, жалпы білім беру қызметін орындайды. Білім саласының тәрбиелік қызметі оқушыда информациялық қоғам жағдайында сәйкес қызметтер мен тәртіптер тәсілдерін құруда, адамгершілік, гуманистік принциптерге негізделген этикалық түсініктердің, көзқарастар мен сенімдердің жасалуынан тұрады.
Информатика орасан даму күшіне ие. Ол оқушының шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ойлаудың операциялық-алгоритмдік және мазмұндық –логикалық түрлерінің құрылуына мүмкіндік беретін, негізгі пәндердің бірі болып табылады.
«Информатика» оқушыда білім, икемділік және дағды жиынтығын қалыптастыра отырып, компьютерді оқу құралы ретінде кеңінен пайдалануды қамтамасыз ететін қызмет ету функциясын атқарады.



Жобадан күтілетін нәтиже

Жоба аяқталғаннан кейін:

  • иілгіш және компакт дискілер не екенін;

  • дискіжетек пен CD-ROM қалай құрылғанын;

  • ақпаратты оқу мен жазу қалай жүретінін;

  • қандай жағдайларда қандай ақпарат тасуыш қолдану керек екенін;

  • ақпарат тасуыштардың негізгі параметрлерін;

  • иілгіш және компакт- дискілермен жұмыс істеу ережелерін;

Бағыт беруші сұрақтар

Негізгі сұрақ

Адам өміріндегі компьютердің маңызы қандай?

Тақырыпқа сай проблемалық сұрақтар

  1. Қазіргі кезде флоппи дискілер не себепті қолданыста емес?

  2. Компьютерге дейін ақпаратты өңдейтін қандай құрылғылар қолданылған?

Тақырыптық сұрақтар

1.Ақпаратты сақтауға арналған құрылғыларды ата.

2. Ақпараттың өлшем бірліктерін рет-ретімен ата.

3. Иілгіш дискі мен қатқыл дискінің айырмашылығы қандай?

4. Дискіжетек дегеніміз не?

5. Дискіжетек қайда орналасқан?

6. Комьютердің сыртқы жадының қызметі қандай?

7. Ақпарат тасуыштардағы файлдарды қалай ашамыз?

8. Флоппи дискінің сиымдылығы қандай?

9. Дискілерге ақпараттарды қалай жүктейміз?

10. Иілгіш дискінің неше беті бар?


Бағалау жоспары

Бағалау кестесі

Жобаға дейін бағалау

Жоба барысында бағалау

Қорытынды бағалау

Жобаға дейін бағалау (Оқушылардың белсенділігі, ұйымшылдығы)

Жоба кезіндегі бағалау (оқушылардың жоба барысында жасалған жұмыстарын бағалау)

Жоба соңындағы бағалау (Оқушылардың жобаны қорытындылауы, айтылған пікірлер, ситуациялық сұрақтар)

Бағалау әдістері

Жобаға байланысты оқушыларды бағалаудың әдістері көп. Мысалы, топтық жеке бағалау.

Топтық бағалау оқушылардың топпен жұмысы, ұйымшылдығы бағаланады. Жеке оқушының айтқан пікірі, сабаққа белсенділігі, сұрақтарға жауап беруі арқылы бағаланады.

Жоба туралы мәліметтер

Бастапқы білім, білік, дағды

Оқушының білімділігі,техникалық сауаттылығы,өзіне деген сенімділігі.

Тақырыптық шаралар

Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруда түрлі ойын тәсілдерін, жобаға байланысты тақырыптың қызықты болуы,проблемалық сұрақтар, апталықтардың қызықты жүргізілуі арқылы белсенділіктерін арттыруға болады.

Материалы для дифференцированного обучения

Қиын оқушылармен жұмыс жасайтын мәліметтер

(Қиын оқушы)



Оқушылардың ішінде сабаққа белсенділігі аз, өз деңгейі төмен (1 деңгей) оқушыларды сабаққа тарту үшін жеңіл сұрақтар мен әртүрлі жеңіл әрі қызықты тапсырмалар беру.

Дарынды оқушылар

Дарынды оқушылардың мүмкіндіктеріне байланысты оқулықтан тыс тапсырмалар, рефераттар, проблемалық сұрақтар, ізденуді талап ететін мәліметтер беру.

Жобаға керекті материалдар

Технологиялар– құрал- жабдықтар (қажетті пункттерді белгілеу)

Фотоаппарат, компьютер, видеокамера, проектор

Технологиялар– бағдарламалық жабдықтар (қажетті пункттерді белгілеу)

Интерактивті тақта.

Баспа материалдары

Оқулықтар, әдістемелік журналдар (Информатика негіздері)

Басқа қажеттіліктер

Презентация

Ғаламтор ресурстары

Жобаға қажетті сайттармен жұмыс жасау

htpp//google.kz, htpp//yandex.kz

http://wiki.iteach.kz



Басқа ресурстар

Мұғалімдерді,ата-аналарды шақыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет