Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет978/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   974   975   976   977   978   979   980   981   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Ем
 
сауықтырмайды, дегенмен көп жағдайда аурудың үдеуін жойып, мүгедектіктікті
болдырмайды. Ем активті болуы керек. Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді
қолданудың тиімділігі төмен. Айқын клиникалық көрінісі байқалса таңдамалы ем болып,
тәулігіне 2-3 мг\кг есебінен тағайындалған ГК (преднизолон) есептелінеді.
106 КЕСТЕ
ЖҮЙЕЛІ ҚЫЗЫЛ ЖЕГІНІҢ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯЛАРЫ
Критериялары
Белгілері
Бет сүйегі деңгейінде 
және ұртындағы бөрт-
пелер
Дискоидты бөртпелер
Фотосезімталдық
Ауыз қуысында жара-
лардың пайда болуы
Артрит
Серозит
Бүйректердің 
зақымдалуы
Неврологиялық 
бұзылыстар
Гематологиялық 
бұзылыстар
Иммунологиялық
бұзылыстар
Жалпақ немесе тері үстіне шығып тұратын, мұрынерін 
қыртысында байқалмайтын, бекітілген эритема.
Айналасында қабыршақты және фолликулярлы тығынды 
шамалы жоғары эритроматозды дақтар, уақыт өте атрофиялық 
тыртықтар дамиды.
Күн көзіне жоғары реакция нәтижесінде терілік бөртпелену.
Ауыз қуысында және мұрынжатқыншақта ауырсынбайтын 
жаралар
Ауырсыну, ісінуі немесе жалқық (экссудат) байқалатын екі 
немесе оданда көп буындардың эрозиясы жоқ артриттер
Плеврит-плевриттік ауырсыну, плевралардың үйкелу шуы неме-
се плевра қуысында экссудат бар екендігінің құралжабдықтық 
дәлелдері. Перикардттардың үйкелу шуының болуымен, ЭКГ 
және УД зерттеулермен дәлелденген перикард қуысында экссу-
даттың болуы дәлелденген перикардит.
Тәулігіне 0,5 г-нан артық тұрақты протеинурия
Цилиндрлер (эритрацитарлық, гранулярлық, аралас).
Құрысулар, ұстамалар
Психоздар
Ретикулоцитоз байқалатын гемолитикалық анемия.
Лейкопения – 4000 жасушадан аз 1 мкл-де.
Лимфопения – 1500 жасушадан аз 1 мкл-де. 
Тромбоцитопения – 100 000 жасушадан аз 1 мкл-де.
Оң LE- тест
Нативты ДНК-ға антидене титрының жоғарлауы
Смит антигеніне антиденелердің (Sm-антиденелері) анықталуы
Кем дегенде 6 ай бойына сифилиске реакцияның жалған оң 
болуы
608


Антинуклеарлы 
антидене
Жегі тәріздес синдром индукциялауға қабылетті дәрілер 
қабылдамағанда АНА титрінің артуы.
Активтілігі төмендеген кезде, ұзақ мерзім қолданылатын, интермиттирленген
қабылдау жобасына ауысуға болады. Имунодепрессивті препараттардан жиі циклофосфан
(3-5мг\кг) немесе циклоспорин (5-6 мг\кг) күнде қолданылады. Көзге көрінетін тиімділігі
3-4 аптадан кейін байқалады, сондықтан ГК-мен қосарлап қолдану қажеттілігі туады. 
Иммунодепрессантар қолдануға көрсеткіштер:
1. процесске көптеген мүшелер мен жүйелердің, әсіресе бүйректің қатысуымен
байқалатын жоғары дәрежелі активтілік;
2. айқын жағымсыз әсеріне (стероиджинақтау әсері) байланысты ГК-ның «басу» дозасын
төмендету қажеттілігі.
Жедел дамуында басынан бастап гормональды-цитостатикалық тағайындалу керек,
пульс-терапия (метилпреднизолон 30 мг\кг-ға дейін, кейде циклофосфанмен 10-15 мг\кг
есебінен қосарланады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   974   975   976   977   978   979   980   981   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет