225
Люст феномені
– перкуссиялық балғамен кiшi жiлiншiк басын тақылдатқанда,
табанның тез жиырылуы және оның сыртына қарай иiлуi байқалады.
Труссо белгiсi
– иықтағы екiбасты бұлшыкет тұсындағы тамыр-жүйке
байламын
саусақпен басқанда, сәби қолының төменгi жақтагы бұлшықетiнiң тартылуы салдарынан
«акушер қолы» көрiнiсi білінеді.
Эрб белгiсi
– күші 5 мА-ден төмен токпен катодты айырғанда, бұлшықеттердің
таргальваникалық қозғыштығының артуы байқалады.
Маслов белгiсi
– сау баланың аяғына ине шаншыса, оның дем алуы жиiлейдi, ал ауру
(тетания) болса, дем алысы аз уакытқа тоқтап қалады.
Сондай-ак әртүрл вегетативтiк бұзылыстар болады: жүрек
соғуының жиiлеуi,
тершеңдiк, иек, қол еттерiнiң дiрiлдеуi, тыныстың тұрақсыздығы (диспноэ), сонымен бiрге
үрейлену, ұйқысыздық, жалпы мазасыздық орын алады. Осы кезде биохимиялық
тәсiлдермен гипокальциемия, гиперфосфатемия, алкалоз барын анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: