Бронхит бронхтардың әртүрлі, яғни жұқпалы, аллергиялық,
физико-химиялық себептердің әсерінен қабынуы.
Бронхиттер 3 топқа жіктеледі
:
-
жедел бронхит
-
жедел обструктивті бронхит
-
жедел бронхиолит
Қазіргі кезде қосымша тағы бір топты бөледі, ол рецидивті (қайталама) бронхит деп
аталады.
259
Бронхиттердің критериялына оның қабынуының клиникалық белгілері және өкпе
тінінің зақымдалу белгілерінің болмауы жатады.
Сонымен қатар, бронхиттерді, ағымына байланысты, жедел және созылмалы дертпе
бөледі.
6.1.3.1. ЖЕДЕЛ БРОНХИТ
«Бронхит» немесе «жедел бронхит» деген термин ұзақ уақыттан бері белгілі және
бұл атау тек дәрігерлер арасында ғана емес, жалпы жұртшылық ортасында да кең
қолданылады.
Жедел бронхитте тыныс жолдарының обструкциялық клиникалық белгілері
білінбейді.
Балалар арасында жедел бронхит кез келген вирусты, бактериялы немесе
саңырауқұлақты респираторлы жұқпалы аурулардан кейін дамуы мүмкін. Вирустардың
ішінде негізінен парагрипптің І және ІІІ түрлері, респираторлы-синцитиальды (РС)
вирустың және аденовирустардың маңызы үлкен, ал риновирустар мен микоплазмалар
жедел бронхитте сирек кездеседі, ал жұқпалы тұмау вирусы одан да сирек кездеседі..
Респираторлы жұқпалы аурулардан сол бронх өзгеріп, екінші рет бактериялы
жұқпалы аурулардың дамуына жағдай туады. Бұл жағдайда стафилококктар, пневмококк,
стрептококк, кей кезде Грам бойынша боялмайтын таяқшалар аурудың қоздырғышы
болып есептелінеді.
Патогенезі:
Бронхиттың жедел қабынуы мұрын-жұтқыншақтан басталады да, одан
әрі тыныс жолының төменгі бөліктеріне көмей, трахея, бронх, бронхиолдарға жайылады.
Вирус тыныс жолдарына түскеннен соң эпителиалды клеткалардың саны, әдетте
вирустың патогендік қабілетіне тура пропорциональды болады. Зақымдалған эпителийдің
өлуі және олардың сылынып түсуі бактериялардың, көбіне стафилококктардың,
пневмококктардың тіндердің ішіне қарай жылжып, семуіне жағдай туғызады.
Жедел бронхиттың клиникалық белгілері көбіне көп респираторлы аурудың
этиологиясына байланысты болады. Респираторлы вирусты инфекциядағы бронхиттің
негізгі белгісі жөтел, ол әуелі құрғақ, жабысқақ болады да, трахеит қосылғаннан кейін
жөтелген кезде төстің асты ауырып немесе сыздауы тәрізді сезім пайда болады. Жөтелдің
ұзақтығы әртүрлі болады, бірақ аурудың екінші аптасында жөтел жеңілденіп, ылғалданып,
қақырық түсіп, бірте-бірте тоқтайды.
Дененің қызуы негізгі вирусты ауруға және метаболизмнің бұзылу дәрежесіне де
байланысты болады. Жай бронхитте тыныс жетіспеушілігі өте көп байқалмайды, тіпті бір
жасқа дейінгі балалардың өзінде шамалы ғана ентігу байқалып, қосымша бұлшық еттері
болар болмас тыныс алуға қатысып, цианоз байқалады.
Перкуторлық өзгерістер болмайды, тек бронхтардың тарылуы кезінде өкпе
дыбысының ашықтығы анықталуы мүмкін. Құрғақ, ірі және орташа ылғалды сырылдар
қосылып естіледі және олар жөтелген кезде өзгеріп отырады. Көбіне аускультативтік
өзгерістер екі жақтан басталады, яғни екі өкпедегі аускультативтік көрініс бірдей болады,
ал бір жақты бронхит балаларда өте сирек кездеседі.
Рентгенде өкпе суреті күшейіп, ұсақ көленкелер пайда болады, көбіне ол екі жақта
бірдей, өкпе түбірінде және төменгі ішкі аймақтарда байқалады.
Пневмонияны клиникалық белгіллері бойынша толық жоққа шығара алмаған
жағдайда, әсіресе ерте жастағы балаларда ажырату қиындықтары пайда болуы мүмкін.
Бұндай жағдайда зақымдалудың диффузды, екі жақтан да физикальды белгілердің бірдей
болуы, жергілікті белгілердің болмауы, яғни өкпенің белгілі бір шектелген жерінде тыныс
пен сырылдың өзгермеуі бронхитты анықтауға көмектеседі және баланың жалпы жағдайы
өзгермейді, болар болмас ентігу байқалып, кейде дене қызуы 38
o
-тан жоғарламауы
мүмкін.
260
Егер жедел бронхит ұзақ уақытқа созылса және ауруы қайталай берсе, жедел
бронхитты басқа аурулардан ажырату қажет. Ірі бронхта бөгде дененің тұрып қалуы
созылмалы және қайталама бронхиттың себебі болуы мүмкін.
Емі:
Жедел бронхитты үйден емдейді, тек жедел респираторлы вирусты жұқпалы
ауру қатан өткенде немесе пневмониядан ажырату керек болған жағдайда ғана, балаларды
ауруханаға жібереді. Күн тәртібі аса көп шектелмейді.
Баланың бөлмесіндегі ауа неғұрлым ылғалды болуы керек, ол үшін әртүрлі әдістерді
пайдалануға болады, мысалы, қыстың күні батареяларға сулы таза шүберектерді жайып
қою керек және т.б.
Жедел бронхиттың арнайы этиотропты емі жоқ, себебі, ол вирустарға байланысты
пайда болатын ауру. Антибиотиктер мен сульфаниламидтерді мүмкіндігінше қолданбаған
жөн.
Бактериальды немесе вирусты-бактериальды бронхитте антибиотиктер міндетті
түрде қолданылады, негізінен кең спектрлі антибиотиктер ампициллин, оксациллин 1кг
дене салмағына 100мг-нан есептеп қосады. Микоплазмалы бронхитте эритромицин
тағайындау керек, 1кг салмағына 40-50мг нан. Қақырықты жұмсарту үшін ылғалды бумен
жіне минеральды сулармен демалу керек және ішуге 1%-ты йодты калий тағайындалады.
Қақырық түсіретін дәрі-дәрмектер. Жөтел басатын дәрі дәрмектерді жедел бронхитте
қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |