254
▪ фарингитте және трахеитте азапты (қиын), жабысқақ, азөнімді жөтел байқалуы наркоти-
калық емес орталықтан жөтелге қарсы әсер ететін дәрі (синекод) қолдануға көрсеткіш
бола алады.
Күні бүгін вирустық инфекцияның этиотропты емінің мүмкіндігі айтарлықтай
шектелген. Вирусты респираторлы аурудың (ЖРА) алғашқы күні және қатынаста болған
балаларда алдын алу үшін мұрын жолдарына лейкоцитарлық интерферрон немесе
экзогенді интерферондар (гриппферон, реаферон, интерген, лакферон)
тамызады немесе
виферон жағымды майын мұрын қуысына салады, тоқішекке виферонды (1 немесе 2 рет
жасына сәйкес) немесе кипферонды балауыз салады.
Гриппте олармен бірге вирусқа қарсы дәрілер тағайындайды: бір жастан асқан бала-
ларға ремантадин (5 мг/кг 2 рет қабылдауға) немесе альгирем − ремантидиннің сироп
түрінде шығарылатын түрі (1 жастан 10 мл-ден, 4-6 жаста 15 мл-ден; 1-ші күні 3 рет, 2-3-
ші күндері күніне 2 рет, 4-ші күні – 1 рет), «ақ» қызба байқалатын балаларға но-шпа (1
мг/кг әр қабылдауға) қосып, немесе арбидол (балаларға 2 жастан бастап 0,05 г, 5 жастан
0,1г, 12 жастан – 0,2 г күніне 3-4 рет) беріледі. Интерферон индуциялайтын, басқада
респираторлы инфекциялық аруларда әсер ететін, дәрі балалар анаферонымен (6 айдан
бастап: 1-ші тәуелікте әр 30 минут сайын 1 таблеткадан 5 рет, қалған уақытта 3 рет, тәулі-
гіне барлығы 8 рет, одан әрі 5-7 күн бойына күніне 3 рет беріледі) қосарланып беріледі.
Жоғары тыныс жолдарының бактериальды этиологиялы ЖРА-ларында (бактериаль-
ды отит, синусит, тонзиллит)
амоксициллин, амоксициллин/клавуланат (тәулігіне
амоксициллин бойынша есептегенде 40-50 мг\кг) .
Аурудың микоплазмалық және хламидийлік этиологиясында ең тиімді болып
макролидтар есептеледі (эритромицин 30-40 мг\кг 2-4 рет, азитромицин – 10 мг\кг 1-ші
күні, қалған 4 күнге 5 мг\кг есебінен тағайындалады). Жоғары тыныс жолдарының
вирусты ауруларында антигистаминді дәрілерді тағайындау негізсіз деп есептелінеді.
Стеноздаушы ларинготрахеитте көрсетілетін шұғыл көмек:
І-дәрежелі тарылу – оттегілік палатада немесе бетперде арқылы оттегі беру (тәулігіне
4-6 рет, 10-15 минут бойына, нафазолин 0,5% ертіндісі, 30 мг преднизолон). Ингаляциядан
кейін дренажды қалыптарда жөтелді стимуляциялау.
ІІ- дәрежелі тарылуда І-дәрежелі тарылуда көрсетілген көмектер көрсетіледі.
- бұлшық етке 0,6 мг\кг есебінен дексаметазон енгізу немесе басқа кортико-стероидтар-
дың сәйкес дозаларын қолдану. Бұл дозаларды кейін тағы қайталауға болады.
- ингаляциялық кортикостероидтар – бекламетазон дипропионат 50-100 мкг есебінен
тәулігіне 2-3 рет тағайындалады;
- бу-оттегілік палаткаларда немесе бетперде арқылы ингаляция (1:1000 адреналин
ертіндісін) жасалады, тиімділігі жақсы болса сағат сайын ұқыпты бақылау барысында
қайталайды;
- диуретиктер (б\е лазикс 1%)
қолданып, инфузиялық ем жргізіледі;
- қажет болса, синдромдық ем жүргізіледі (гипертермияны, құрысу синдромын, жедел
жүректамыр жетіспеушілігін).
Токсикоз, 3-дәрежелі тыныс жетіспеушілігі, жедел жүрек-тамыр жетіспеушілігі
байқалса интубация мәселесі шешілу керек.
ІІІ- дәрежелі тарылу:
- дәрі-дәрмексіз ем 1-11 – дәрежелі тарылуда көрсетілгендей;
- преднизолон 3-5 мг\кг
венаға жіберіледі;
- оксигенотерапия;
- ингаляциялар (30 минутқа дейін), тиімділігі байқалмаса жедел трахеяны интубация-
лайды да, бұғана асты венаға катетер қояды;
IV-дәрежелі тарылу: Шұғыл түрде трахеяны термопластикалық түтікшемен
интубациялау (түтікше диаметрін есептеуді тиісті бөлімнен қара).
Достарыңызбен бөлісу: