1. Оториноларингология дегеніміз не ? осы мамандаықтың қандай тармақтары бар?



бет1/22
Дата08.02.2023
өлшемі1,05 Mb.
#167888
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
дифка лор
ikesim-khan

1билет
1. Оториноларингология дегеніміз не ? осы мамандаықтың қандай тармақтары бар?


Оториноларингология- құлақ, мұрын, тамақ яғни жоғарғы тыныс жолдарын және құлаө ауруларын диагностикалау және емдеуге маманданған медицина бөлімі. Бұл атау бірнеше латын сөздерінен шыққан: oto-құлақ, rhinos- мұрын, laryngos - кеңірдек логос- ғылым.


Балалар оториноларингологиясы- балаларда жоғарғы тыныс жолдары мен құлақ ауруларын емдеу және диагностикалауға негізделген. Отоневрология- ішкі құлақтың жүйке аппаратының және оған іргелес анатомиялық түзілімдердің ауруларын қарастырады. 
Фониатрия- дауыс патологиясын зерттейді. Аудиология- есту функцияларының патогенезін диагностикасын, емдеу және профилактикалық мүмкіндіктерін зерттейді.


Вестибулология- вестибулярлы анализатормен байланысты патологияларды емі мен диагностикасын зерттейді.
2. Жедел іріңді ортаңғы отит. Ағымм кезеңдері. Этиологиясы. Емдеу және диагноз қою принциптері.


Жедел іріңді отит- бұл дабыл қуысының шырышты қабығының жедел іріңді қабынуы. 3 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі. Этиологиясы- жергілікті және жалпы резистенттілік төмендеуі, дабыл қуысына инфекция өтуі. Дабыл қуысына инфекция есту түтігі арқылы немесе гематогенді өтуі мүмкін. Ағымы: 1- перфорацияға дейін: негізгі шағымы қатты құлақ аурсынуы, құлақ бітелуі, құлаққа шу естілуі бір уақытта жүреді. Есту қабілеті төмендейді. Жалпы интоксикация, температура 38-39с. Ооскопияда дабыл жарғағы қызаруы, сыртына қарай томпайып шығуы, ақшыл жамылғы көрінеді. 2-3 күннен кейін созылады. 2- перфоративті: дабыл жарғағы тесіліп, іріңді бөлініс болады. Ауырсыну басылад, дене қызуы төмендейді. Бөлініс кейде көп мөлшерде қан аралас болады. Ірің ағу 5-7 күнге созылады. 3- репаративті саты- іріңді ағу және спонтонды перфорацияның тыртықтануы көрінеді. Есту қалпына келеді. Дабыл жарғағында қызару, инфильтрат жойылады. Диагноз: шағымына, анамнезіне, отоскопиялық көрінісіне қарай қойылады. Емі: клиникалық белгілеріне кезеңдерге науқас жағдайына қарай қойылады. Амбулаторлы режим, тамыртарылтатын- нафазолин- дәрілер күніне 3 рет 5 тамшыдан. Перфорацияға дейін кезінде бор қышқылы 3% левомицетин жартылай глицерин қосып тағайындау . Отипакс тамшыларын қолдану. Антибиотиктер - амоксицилин 7-10 күн тәул 3рет 0,5 г парацетамол, диклофенак. Жарты спирттік қыздыру компрессін жергілікті қою. Есту түтігін катетерлеу. Дабыл жарғағы ісінсе- парцентез көрсетіледі.


3. Науқас 42 жаста мұрынмен дем алудың қиындауына, мұрын қуысынан көп мөлшерде шырыштың бөлінуіне, иіс сезудің нашарлауына шағымданады. Лғашқы рет жоғарыда айтылған шағымдары төрт жыл бұрын пайда болған, сол кезден бастап арқашан мұрны нашар дем алады. Аурудың асқынуы жиі болып тұрады. Сол кезде науқас тек қана ауыз арқылы дем алып, мұрыннан көп мөлшерде шырышты бөлінділердің болатынына шағымданады. Объективті: мұрынның шырышты қабатының гиперемиясы мен ісінуі анықталады. Мұрын қалқаншалары әсіресе төменгі және ортаңғы үлкейген. Мұрынның тыныс жолдары тарылған. Мұрын қуысының түбінде ақ түсті шырыш жиналған. Мұрынның шырышты қабатына адреналин ертіндісін жаққаннан кейін түсі бозарады бірақ мұрын қалқаншаларының көлемінің кішірейуі анықталмаған. Мұрынның қосалқы қуыстарының пальпациясы ауырсынусыз. Басқа ЛОР ағзалары патологиясыз. Сіздің қойған диагнозығыз, тексеру жоспары және емдеу әдісі қандай?


Диагноз: созылмалы гипертрофиялық ринит


Анамнез морби анамнез вита, мұрын және мұрын қойнауларын қарап тексеру, эндоскопиялық зерттеу, ринопневмометрия


емдеу: хирургиялық ем - гипертрофияланған жерлерін кесңп алып тастау, тыныс алуды қалпына келтіру, аздаған гипертрофия болса химиялық заттармен күйдіру, төменгі мұрын қалқандарының шырыш асты ультрадыбысты дезинтеграциясы, лезерлі деструкция, шырыш асты вазотомия жасалады. Мұрын қалқандарының шырышты қабаты мен сүйек негізінің айқын фиброзды гипертрофиясыда мұрынмен тыныс алу бұзылғанда төменгі конхотомия немсе остеоконхотомия қолданылады.
2билет

  1. Сыртқы мұрын дәне мұрын ұуысының анатомиясы. Мұрын шырышты қабығының құрылысы. Мұрын жолдары, олардың топографиясы, мұрынның қандай қосалқы қуыстары мұрын жолдарына ашылады.

Сырқы мұрын сүйектен шеміршектен тұрады сырты терімен жабылады. Пішіні пирамидаға ұқсас. Сыртқы мұрынның маңдай сүйегімен шектесетін аймағы - мұрын түбірі, ол мұрын қырына, ол мұрын ұшына жалғасады. Ұшы аймағында мұрын қабырғалары қозғалмалы, олар мұрынқанатын түзеді. Бос жері мұрын тесігін, арасында қозғалмалы мұрын орталығы бар. Мұрын қуысы - ауыз қуысы, алдыңғы бас сүйек шұңқыры және көз ұялары арасында жатады. 4 мұрын маңы қуыстары бар: жоғарғы жақ қуысы, сына тәрізді, маңдай, торлы. Мұрын қуысының 4 қабырғасы бар: төменгі, жоғарғы, медиалды, латералды. Осы латералды қабырғасы бірнеше сүйектен тұрады. Латералды қабырғасында 3 жұп мұрын қалқаны бар: төменгі, ортаңғы, жоғарғы. Барлық мұрын қалқандары мұрын латералды қабырғасына сопақша болып орналасқан, олардың астында төменгі, ортаңғы, жоғарғы мұрын жолдары болады. Балаларда мұрын жолдары тар. Төменгі мұрын жолы төменгі мұрын қалқаны мен жоғарғы жақ қойнауының аралығында орналасқан. Төменгі мұрын жолының латералды қабырғасы төменгі бөлігінде қалың, сондықтан жоғарғы жақ қойнауына пункциясы осы жерде, төменгі мұрын қалқанынан 1,5см жоғары жасаған дұрыс. Ортаңғы мұрын жолы ортаңғы және төменгі мұрын қалқандарының арасында орналасқан. Торлы воронкаға алдына және үстіне қарай маңдай қуысының шығару сағасы, ал артына және астына қарай жақ үсті қойнаудың сағасы орналасқан. Жарты ай сияқты саңылауда тор сүйектің алдыңғы және ортаңғы ұялары ашылады. Жоғарғы мұрын жолы ортаңғы мұрын қалқанынан мұрын төбесіне дейін орналасқан. Жоғарғы мұрын қалқанынң артқы шеті деңгейінде сына тәрізді торлы шұңқыр орналасқан, ол жаққа торлы лабиринттің артқы ұялары ашылады.

  1. Таңдай және мұрын жұтқыншақ бадамшабездерінің гипертрофиясы: клиникасы, диагностикасы, емі.

Таңдай және мұрын - жұтқыншақ бадамша бездерінің ұлғаюы көбінде 3-14 жас аралығындағы балаларда жиі кездеседі. 14 жастан кейін жұтқыншақ бадамшалары кішіірейеді. Аденоидтар мұрын-жұтқыншақтың артқы жоғары бөлігінде дамиды, бүйір қабырғаларына дейін төмендеп, есту түтігіне қарай таралады. Мұрын-жұтқыншаққа берік бекіп пішіні дұрыс емес дөңгелек түрінде болады. тіндері жұмсақ, ақшыл қызғылт түсті болып келеді. Жұтқыншақ бадамша безінің ұлғаюы 3 дәрежеге бөлінеді: 1- аденоид желбезектің үштен бір бөлігін жауып тұрады, 2- аденоидтар желбезектің үштен екі бөлігін жауып тұрады, 3- хоана толығымен жабылады. Клиникалық белгілері аденоидтар ұлғаюына байланысты, оның белгілері: мұрынмен тыныс алудың қиындауы, мұрыннан шығатын бөліністер, есту түтігінің қызметінің бұзылысы. Таңдай бадамшасының ұлғаюы тыныс алудың бұзылысымен, сөйлеудің анық болмауымен, аденоид ісінуімен бірге жүрсе тыныс алудың, ұйқының бқзылуымен, түндегі жөтел қорылдаумен, миға ауа жетіспеуімен көрінеді.
Диагностика. Клиникалық көріністеріне, пальпация, рентгенография, артқы риноскопия арқылы мұрын жұтқыншақ бадамшасының ұлғаю дәрежесін, тікелей эндоскоппен мұрын жұтқыншақ күмбезін есту түтігі маңын аденоидты тіндердің орналасуын анықтауға болады. Таңдай бадамша безінің ұлғаюы созылмалы гипертрофиялық тонзиллиттен ажырату керек, ол жиі қабынулармен қоса фарингоскопияда өзгерістермен жүреді. Таңдай бадамшасы ұлғаюын ісіктерден- лимфосаркома, лимфагранулематозданажырату керек, ол кезде лимфа түйіндерінің ұлғаюы, ал ісіктерде бадамшалар ассиметриясы, тіндер қаттылығы, жараның болуы, лимфа түйіндер қабынуы болады.
Емі. Таңдай бадамшасы ұлғаюы 2-3 дәрежелі болса - тонзиллотомияда таңдай бадамшасы жартылай алынады.
Аденоидтардың 2-3 дәрежелі ұлғаюы болса аденотомия ал егер ұлғаю 1 дәрежелі болса, консервативті ем қолданылады. Консервативті емге антигистаминды, гомеопатикалық ем, жерглілікті- протаргол, колларголертінді, эуфорбиум тағайындау, дәрумендер, физиотерапиялық емдер жатады. Аденоид белгілері болса фузафунгин антибиотикпен ингаляция. Мұрын қуысын мұрын жұтқыншақты теңіз тұздарымен шаю - аквамарис. Гиперсенсибилзациялаушы емдер, антибиотиктер, макролидтер тағайындалады.

Сит есеп
Науқас 28 жаста, мұрынның шырышты қабатының құрғауына, мұрын қуысында қабыршақтардың пайда болуына, иәс сезудің төмендеуіне шағымданады. Мұрыннан жиі қою іріңді, кейде қан аралас бөлінділер шығады. Объективті: мұрынның шырышты қабаты құрғақ, күрт жұқарған, оның беткейінде құрғақ қабыршақтар, арасында қою іріңді бөлінділер. Мұрын қалқаншалары кішірейген, мұрын жолдары кеңейген. Жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабаты құрғақтау, бірақ мұрын қуысының шырышты қабатымен салыстырғанда аздау деңгейде. Басқа ЛОР ағзалары патологиясыз.. Сіздің диагнозының, тексеру және емдеу жоспары


Жауабы:
Диагноз - атрофиялық ринит


Сұрап, қарап тексеру, Алдыңғы ринскопия, биопсия, рентгенографтя, эндомикроскопия кешенді ем қолдану.
қабыршақтарды кетіруге йод қосылған физиологиялық ертіндімен бір екі рет жуып тазалауда қолданады. мұрынға тамшы ретінде А Е дәрумендерінің майлы ертінділерін қолданады. жергілікті қан айналымды жақсартуға 2-3 апта люгель ертіндісін жағады. 2-3% теңіз тұзымен мұрын қуысын жуу.
жалпы әсерлә заттар тері астныы немесе бұлшықетке биогенді стимуляторлар, дәрумендер, йод темір препараттары тағайындалады.
Билет 5



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет