11. Вирустық гепатиттер, полиомиелит вирустық гепатит



бет1/7
Дата06.01.2022
өлшемі30,18 Kb.
#109843
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
№11.Вир.гепатит,полиомиелит-1
Арайлым, жуптық, жуптық, жуптық, Документ (1), Sledy ruk, 1541498957, Тест Математика негіздері 111 ОДК ОДВ курс каз.-1, 50489, 9 клас бэб

11. ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТТЕР, ПОЛИОМИЕЛИТ

Вирустық гепатит

Вирустық гепатит - вирустармен шақырылып, тері, шырышты қабаттарының сарғаюымен, бауырдың зақымдануымен сипатталатын жұқпалы ауру. Қазіргі кезде вирустық гепатиттердің 5 түрі анықталған: гепатит А, В, Д, Е және С. Қоздырғыштары -вирустар, қоршаған ортаға төзімді, ұшпалы емес. Эпидемиология. А және Е гепатиттерін жұқпалы ішек инфекцияларына жатқызуға болады, өйткені жұғу жолдары ас қорыту ағзалары арқылы өтеді. В,Д,С гепатиттерінде қоздырғыш парентеральды жолмен тарайды: қан арқылы, тұрмыстық қатынас арқылы да тарауы мүмкін, плацента арқылы. Д гепатиті көбінесе В гепатитімен бірге қосылып өтеді, клиникасы бірдей, бірақ өте ауыр, белгілері тез дамиды, жиі өліммен аяқталады. В,Д,С гепатит түрлері көбінесе 1 жасқа дейінгі балаларда кездеседі, өйткені осы кезде балаға парентеральды жолмен түрлі егулер жасалады: ауруларына байланысты қан, плазма құйылады немесе бала вирусты құрсақтағы кезеңде анасынан плацента арқылы жұқтыруы мүмкін. Клиника. Гепатиттің барлық түрлерінің клиникалық айқындалуы бір-біріне ұқсас, 4 кезеңде өтеді: жасырын, сарғаю алдындағы, сарғаю және жазылу кезеңдерінде. 1. Жасырын кезең -А және Е гепатиті түрлерінде 35-40 күнге; В, Д, С гепатиттерінде 2-6 айға дейін созылады. 2. Сарғаю алдындағы кезең 7-10күнге созылады. Алғашқыда баланың жалпы жағдайы бұзылып, тәбеті нашарлайды, лоқсып, құсады, кейде іші өтеді, әлсірейді. Кейбір балаларда ауру ЖРВИ сияқты катаралды қабыну белгісінен басталады. Аталған кезеңнің аяғына қарай зәрдің түсі қоңырланып, нәжісі ақшылданып өзгереді. Қан құрамын тексеріп көргенде билирубин мөлшері көбейіп (тікелей билирубин есебінен), зәрде өт пигменттері пайда болады. Баланың бауыры қабырға астынан қолға білініп, ұлғайғаны анықталады. 3. Сарғаю кезеңінде алдымен көздің, жұмсақ таңдайдың шырышты қабаттарының, кейіннен тері қабатының сарғыш түске боялуы анықталады. Осы кезде терісінің қышуы, кейде теріде геморрагиялық бөртпе пайда болуы байқалады. Бауыр көлемі бұрынғыдан ұлғая түседі, талағы да үлкеюі мүмкін. Зәрдің түсі қою сыраның түсіне ұқсап өзгеріп, нәжісі ағарып кетеді. Қан құрамында билирубин мөлшері жоғарылай түседі, ферменттердің-АЛТ және АСТ белсенділігі артады. 4. Жазылу кезеңінде аталған клиникалық белгілер біртіндеп әлсіреп, лабораториялық көрсеткіштер жақсарып орнына келеді. Вирустық гепатиттердің ауырлық дәрежесі жалпы улану деңгейіне, сарғаю дәрежесіне, биохимиялық көрсеткіштердің нәтижелеріне қарай бағаланады. Көбінесе А және Е гепатиттері жеңілдеу, В және С түрлері ауыр, ал В және Д гепатиттері қосылған жағдайда өте ауыр түрде өтеді. Осы түрінде асқынулары да –бауыр комасы, ДВС синдромы байқалады. Кішкентай балалардағы өту ерекшеліктері - гепатиттің В түрі жиірек кездеседі, көбінесе құрсақтағы кезеңде плацента арқылы жұқтырады; сарғаю алдындағы кезең қысқарақ болады (2-3 күн); сарғаю тез дамиды, ұзағырақ сақталады; қанда билирубин мөлшері жоғарырақ болады, бауыр көтерілуі де айқынырақ білінеді; көк бауырдың ұлғаюы жиірек байқалады; асқынулары жиірек кездеседі; баланың сауығуы кешірек басталады; ауыр гепатиттерден ересек балалармен салыстырғанда өлім жиірек байқалады. Емдеу. Науқас бала міндетті түрде стационарда емделуі керек: 1. төсек режимі клиникалық сауыққанша сақталады; 2. емдік диета-стол №5-көмірсуларына бай, мал өнімдерінің белоктарымен толықтырылған тағам түрлері, сүт тағамдары, кеңінен жеміс-жидектер мен көкөністер беріледі, сусын мөлшері жеткілікті болуы керек, тәулігіне 2-2,5л дейін; 3. витаминдер табиғи көкөніс, жеміс-жидектер түрінде енгізіледі; интоксикацияның ауыр дәрежелерінде сұйықтықтар көк тамырға тамшылата егу арқылы тағайындалады-гемодез, 0,9% физиологиялық ерітінді, неокомпенсан, 5% глюкоза т.б. жалпы көлемі тәулігіне 1,5-2,5л дейін; қажетіне қарай қатарынан диуретиктер егіледі; 4. жүйелі түрде асқазан мен ішекті тазалап тұру (аутоинтоксикацияның алдын алу үшін) қажет; 5. симптомдар бойынша ем: ДВС дамыса-плазма, гепарин 5-10 мың ед/ттәулігіне+курантил,трентал; геморрагиялық синдромда-викасол 1%-5мл дейін, 3-4 күн бойы бұлшық етке, дицинон 2 мл тәулігіне 2-3 рет егіледі; 6. мазасыздану байқалса, тыныштандыратын дәрілер-дроперидол, седуксен; 7. өт қуатын дәрілер (холензим, холосас, жүгерінің шашағы) және Демьянов әдісімен тюбаж жүргізіледі; 8. гепатопротекторлар (эссенциале, легалон, карсил) тағайындалады; 9. созылмалы гепатит түрінде вирусқа қарсы интерферон-В, С гепатиттерінде 2-3млн ед/тәулігіне 3 күн бойы күн сайын, одан кейін 3 аптаға дейін күн ара егіледі. «Д» бақылау - науқас бала стационардан шыққасын 10 күн -1 ай аралығында емдеуші дәрігердің тексерісінен өтеді. Одан кейінгі бақылауды емхананың жұқпалы аурулар бөлмесінің дәрігері жүргізіп отырады. А гепатитінің жеңіл түрлерінде ешқандай клиникалық, лабораториялық өзгерістер байқалмаса, ”Д” есептен шығарылады. В және С гепатиттерінде реконволесцент әр ай сайын тексеріліп, жағдайына қарай түрлі мерзімдерге “Д” есепке алынады. Баланың барлық шағымдары клиникалық белгілері жойылып, бауыры мен лабораториялық көрсеткіштері қалпына келгеннен кейін 3 ай өткесін барып есептен шығарылады. Алдын-алу: арнайы және жалпы шаралардан тұрады. Арнайы шарасы иммунизация жүргізу болып табылады.Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінде 15.08.97ж. қабылданған №404 бұйрығына сәйкес, ол үшін арнайы дайындалған ВГВ вакцинасы қолданылады. Вакцина сүзіліп, тазартылған дайын антигендерден немесе қанында НbsAg-нің титрі жоғары адамдардың плазмасынан дайындалады. Вакцинация 3 екпеден тұрады. Жалпы шараларға - науқас баланы дер кезінде оңашалау; қарым-қатынастағыларды бақылауға алу, 35 күнге карантин тағайындау, қанын биохимиялық тексеріске алу; ауру ошағында дезинфекция жасау; донорлардың қанын мұқият тексерістен өткізу; медициналық құрал-жабдықтарды талапқа сай залалсыздандырып барып қолдану; санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізіп отыру жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет