11. Вирустық гепатиттер, полиомиелит вирустық гепатит



бет7/7
Дата06.01.2022
өлшемі30,18 Kb.
#109843
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
№11.Вир.гепатит,полиомиелит-1
Арайлым, жуптық, жуптық, жуптық, Документ (1), Sledy ruk, 1541498957, Тест Математика негіздері 111 ОДК ОДВ курс каз.-1, 50489, 9 клас бэб
Диагноз қою. Эпидемиологиялық анамнез жинау; клиникалық белгілерін ескеру (катаральды белгілерден кейін 1 аптаның ішінде парез, параличтер пайда болуы); лабораториялық тексерістер жүргізу: 1). жұтқыншақтан жағындыны алғашқы 5 күннен кешіктірмей алу керек; 2). нәжісті ауру басталғаннан 14 күнге дейінгі мерзімде тексеріске алуға болады. Арнайы шыны флаконға 4-5г нәжісті жинап, резеңке қақпағының сыртынан лейкопластрьмен бекітіледі де, мұздатқышқа қойылады. Лабораторияға 72 сағат ішінде жеткізілуі керек, тасымалдау кезінде де температура +4,+8 градустан жоғары болмауын қамтамасыз ету керек (жаз айларында арнайы термоконтейнерлерде), өйткені полиомиелит қоздырғыштары жоғары температураға шыдамсыз келеді (№535 бұйрық 27.12.95.) 3). жұлын-ми сұйықтығы тексеріске 2-3мл көлемінде алынып, қысымы,клеткалар мен белоктар мөлшері анықталады. 4). серологиялық тексерістер жүргізу үшін көк тамырдан қан алынады (қандағы антиденелерді анықтау, олардың титрінің келесі тексерісте жоғарылағанын байқау); 5). электромиография (бұлшық ет күшін тексеру) полиомиелитке диагноз қоюға көмектеседі. Емдеу. Арнайы емі жоқ, міндетті түрде стационарда жүргізіледі. Препаралитикалық кезеңде: қатаң төсек режимі; симптомдық ем (температура түсіретін, ауруын басатын, антигистаминді, тыныштандыратын дәрілер егу); менингеальды белгілер пайда болса, дегидратациялық ем (зәр қуатын препараттар-лазикс, диакарб), сульфат магнезиі 25%, 20-40% глюкоза ерітіндісін көк тамырға егу; жұлыннан сұйықтық алу жүргізіледі. Паралитикалық кезеңде – баланың бұлшық еттері контрактураға ұшырамауын қадағалау, арнайы аяқ-киім кигізу, ауруды басатын және жылытатын процадуралар тағайындау қолданылады. Ауыр жағдайларда дем алысының қиындап жұту, дем алу бұзылғанда арнайы реанимациялық бөлімге жатқызып, қажетті көмек көрсету керек болады. Орнына келу кезеңінде - нерв импульстарының таралуын және нерв өткізгіштігін жақсартатын дәрілер егу: прозерин 0,05%мл бұлшық етке; дибазол 0,001-0,005; витамин В1, глютамин қышқылы, церебролизин 1-2 күн сайын, АТФ, биогенді стимуляторлао-алоэ, ФИБС бұлшық етке егіледі; физиотерапиялық ем: емдік ванналар, парафин, озокерит, душ, массаж жүргізіледі. Емдеу курсын жылына 3 рет қайталап отыру қажет. Контрактураларға қарсы арнайы лангеталар, манжеткалар қолданылады; санаториялық-курорттық ем өткізген дұрыс. Қалдық өзгерістер кезеңінде - физио-ем, массаж, емдік жаттығулар, ортопедиялық операциялар жасау қолданылады. Алдын –алу: Арнайы шаралар: 1956 жылдан бері полиомиелитке қарсы арнайы ОПВ вакцинасы қолданылады. ОПВ (оральная полиомиелитная вакцина) қызғылт түсті ерітінді түрінде шығарылады және ИПВ (инактивированная полиомиелитная вакцина) АКДС вакцинасымен бірге егіледі. Жалпы шаралар: ауру баланы тез арада оңашалау; СЭС-ке жедел хабар беру; ошақта дезинфекция жүргізу; қарым-қатынастағы балаларға (балалар мекемелеріндегі) 20 күнге карантин тағайындап, бақылау ұйымдастыру; санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет