249
көптеген амин қышқылдарының (триптофан, метионин, цистеин, глутамин және басқа)
алмасуына және май алмасу процессіне белсенді қатысады.
В
6
витамині жетіспегенде, ерте жастағы балаларда дене дамуы тежеледі, алақаны мен
аяқ басы ісініп, қызарады, қозу жоғарыланып эпилепсия
тәрізді тырысулар байқалуы
мүмкін. Макроцитарлық гипохромды анемия байқалады.
В
8
витамині (Н витамині, биотин). Организмде май қышқылдарын синтездеуге
қатысады. Жұмыртқаның сарысында, бауырда, бүйректе болады. Биотиннің жетіспеу-
шілігінде дерматит, психикалық бұзылыстар байқалады. Тәуліктік мұқтаждық 20 мг.
В
9
витамині (фоль қышқылы). Мегалобластардың жетілуіне және кейбір
аминқышқылдарының метаболизміне қажет. Күшті антианемиялы әсері бар. Фоллаттар
көптеген
тағамдарда болады, бірақ көк өсімдіктерде және кейбір шикі еттен жасалған
тамақтарда көп мөлшерде болады. Ана және жануарлар сүттерінде фоллаттар аз болады.
Жаңа туылған балаларда қоры көп емес, ал шала туылған балаларда өте аз. Гиповитаминоз
дамығанда фоль қышқылы тәуелігіне 1-2 мг-нан беріледі.
В
12
витамині (цианокобаламин). Эритроциттердің пайда болуына, жеті-луіне және
майлардың метаболизміне қажет. В
12
витамині адам организмінің тінінде пайда болмайды.
Табиғатта негізінен микроорганизмде синтезделеді. Адам организмінде ішек флорасымен
синтезделіп, қанға түседі де бүйрек, бауырда, ішек қабырғасында қор күйінде тұнады.
Цианокобаламиннің бауырдағы қоры 12 айдан артық сақталады. В
12
витамині
жетіспегенде гиперхромды
мегалобластикалық анемия, атрофиялық гастрит, глоссит,
нейропатия, витилиго (алапес), жұлын-ми бұзылысы байқалады.
В
12
витамині бауырда, қызылшада, бүйректе, етте, балықта, ірімшікте, сүтте көп
болады. В
12
тәулігіне 5-8 мкг/кг есебінен бұлшықет ішіне күнара тағайындалады.
В
15
витамині (пангам қышқылы). Липотроптық қасиеті бар. Холиннің синтезіне
көмектеседі, дегидрогеназалардың активтілігін арттыру арқылы тканьдық тынысты
стимулдейді. Пирожүзім және сүт қышқылының
тотығуын арттыру арқылы
детоксикацияны үлкейтеді. Мал және өсімдік тағамдарының құрамында кең тараған (бұл
витаминге өсімдіктердің тұқымы бай). Осыған байланысты пангам қышқылы
Достарыңызбен бөлісу: