Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы


Стоматологтардың назарына



Pdf көрінісі
бет268/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Стоматологтардың назарына.
Ревматологиялық ауруларға тән ауыз қуысының арнайы 
өзгерістері жоқ. Олар негізгі аурулардың активтілігіне, жүргізілген емге
 
(
глюкокортикоидтар, 
иммунодепресанттар, 
антибиотиктер
), 
саңырауқұлақтық 
инфекциялардың қосарлануына, тістердің және ауыз қуысының клегей қабатының
дистрофиялық өзгерістерге, тістерін дұрыс тазаламауға (буындардың функциялық 
бұзылыстарына байланысты) байланысты болуы мүмкін.
Стоматологиялық көмек көрсеткенде буынның функциясының бұзылуының орналасқан 
жері мен дәрежесін анықтау қажет. Жақ-самай буындары зақымданғанда ауызды ашу, 
омыртқа жотасының мойын бөлігі зақымдалғанда басын кейін шалқайту қиындайды. 
Стоматологта емделген кезде зақымдалған буындарға ұзақ уақыт бойына салмақ түсірі 
аурудың өршуіне әкелуі мүмкін. Ауыз қуысын санациялау науқас үшін, бүйрек үсті 
безінің жетіспеушлігіне әкелуі, әсіресе глюкокортикоидтар қабылдайтын науқастарда, 
мүмкін жағдай екенін ұмытпау керек. Осы жағдайды болдырмау үшін күрделі 
стоматологиялық процедуралар алдында бұлшық етке глюкокортикостероидтар енгізу 
тиімді деп есептеледі. Антибиотиктер стоматологиядығы қабылданған ұстанымдар 
бойынша тағайындалады. 
Шұғыл көмек жасау керек болғанда ревматизммен ауыратын балаларға стоматологиялық 
көмек емдеуші дәрігердің қатысуымен жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын бақылап отырып 
жүргізіледі. Емдердің басқа түрлерін сауығу кезеңінде жүргізген жөн.
 
Көбіне ревматикалық процесстің дебютінде инфекциялық аурулар жатады. Жедел 
инфекциялық аурулармен (жәншау, баспа) ауырғаннан кейін көптеген кариестік тесіктер 
пайда болуы мүмкін. 
Жақ-бет аймағында инфекция ошақтарының болуы ревматикалық аурулардың өршу 
себептері болып, негізгі аурудың асқынулы ағымды болуына ықпал етеді. Диспансерлік 
бақылау бағдарламасына міндетті түрде стоматологтың бақылауы және онда емделу 
енгізілуі керек. 


435 
10. АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ 
Асқазан, он екі елі ішек аурулары асқорыту аурулары
ішінде балалар 
арасында кең тараған ауру және ол балалар гастроэнтерологиялық патологиясының 58-
65% құрайды, яғни 1000 балаға шаққанда 100-150 ауру бала кездеседі. 
Кең тараған инфекциялық емес асқорыту жүйесінің аурулары құрамы 
(А.М.Запруднов, 1999 ж.) төмендегідей болып келеді:
1. 
Эзофагогастродуэденальды аймақ аурулары 
(27% мектепке дейінгі балаларда, 51% 
мектеп жасындағы балаларда)


функциялық аурулар (моторлық - (әрекеттік), секреторлық); 

органикалық аурулар; 
- даму ақаулары; 
- қабынулық-деструктивті аурулар (эзофагиттер, гастриттер, гастродуодениттер, панк-
реатиттер, ойық жара ауруы).
2. Гепатобилиарлы жүйе аурулары (38% мектепке дейінгі, 41% мектеп жасындағы 
балаларда): 
– функциялық аурулар (билиарлы жолдың дисфункциясы); 
– органикалық аурулар; 
- даму ақаулары; 
- қабынулық -дистрофиялық аурулар- холангиттер, холециститтер, гепатиттер; 
- заталмасу бызылыстары аурулары; 
- паразитарлы аурулар; 
- ісіктік аурулар. 
3. Ішек аурулары (38% мектепке дейінгі, 8% мектеп жасындағы балаларда): 
– функциялық аурулар (дискинезиялар, ішек тітіркену синдромы); 
– органикалық аурулар: 
- туабіткен аурулар (даму ақаулары, алғашқы мальабсорбциялар); 
- қабынулық- дистрофиялық аурулар (Крон ауруы, арнаулы емес жаралы колит); 
- ісіктер. 
Ас қорыту жолдарының аурулары ер балаларға қарағанда (40%-дай), қызбалаларда 
жиі кездеседі (60% жақын). Көбіне (86%) балаларда екі және одан көп мүшелер 
зақымдалған қосарланған аурулар байқалады.
10.1. ЭЗОФАГОГАСТРОДУОДЕНАЛЬДЫ АЙМАҚ АУРУЛАРЫ 
ГАСТРОЭЗОФАГЕАЛЬДЫ РЕФЛЮКСТЫ АУРУ 
10.1.1. Г астроэзоф аг еальды рефлюк сты а ур у (ГЭРА) – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет