437
Өңештің тарылуы
– тамақ ішкеннен кейін бірден қатты құсу және регургитация,
дене салмағының төмендеуі, рентгенологиялық немесе эндоскопиялық зерттеулермен
анықталады.
Туа біткен өңештің ахалазиясы.
Алғашқы белгілері (дисфагия, регургитация) 3-5
жастан асқан балаларда байқалады. Өңешке эндоскопия (немесе рентгеноскопия)
жасағанда гипертонус жағдайда тұрған өңештің төменгі сфинктерінің жұтынған кезде
босаңсымауы анықталады.
Емі және алдын-алуы.
Емдәмі және өмір режимі қалыптастырылады:
1.
тағамды көп мөлшерде ішпеу, түнге қарай тамақ ішпеу;
2.
тамақ ішкеннен кейін 1,5-2 сағат бойына жатпау, еңкейіп жұмыс жасамау;
3.
өңештің төменгі сфинкторының тонусын төмендететін тағамдарды (майлар, қуырған
тамақтар, кофе, шокалад, цитрусты жемістер, газдалған сусындар) және дөрекі
клетчаткалы тағамдар (жаңа пияз, сарымсақ, қырыққабат, бұрыш, редис) шектеледі;
4.
шылым шегуден бас тарту;
5.
керуеттің бас жағын көтеріңкіреп (15 см) жатып ұйықтау;
6.
белбеуді қатты тартпау;
7.
өңештің төменгі сфинктернінің тонусын төмендететін дәрілерді (холинолитиктер,
тынышталғыштар, ұйықтатындар, нитраттар, теофиллин, ß-блокаторлар, кальций
каналдары блокаторлары және т.б.);) мүмкіндігінше қолданбау.
Дәрі-дәрмектік ем бағытталады:
1.
асқазан сөлінің жаугершілігін төмендету (антацидтер, антисекреторлы дәрілер);
2.
өңештің моторикасын қалыптастыру (прокинетиктер).
Рефлюкс – эзофагитті емдеу үшін, өңештің клегей қабатына тұнатын, құрамында
альгия қышқылы бар топалкан (топаал) және альгикан
селективті антацидтер
болып
есептеледі. Антацидтер әдетте, тамақтан 1-1,5 сағат кейін күніне 3-4 рет және түнге қарай,
қосымша күю және төс артының ауруы байқалғанда беріледі.
Антисекреторлы заттар
– эрозивті эзофагитте қолданылады. Н
2
-гистаминблока-
торлардың 2 және 3 ұрпақтары (ранитидин немесе фамотодин) немесе Н
+
К
+
АТФазы
ингибиторлары (омеперол, ланцепрозол, пантопрозол), 3-4 апта бойына қолданылады.
Прокинетиктер
өңештің төменгі сфинктернінің тонусын артырады және асқазаннан
эвакуацияны жылдамдатады. Дофа-рецепторлар блокаторларын (мотилиум 1мг/кг есебі-
нен тамақтан 30 минут бұрын тәулегіне 3 рет); холиномиметиктер (препульсид тәулігне
0,5мг/кг есебінен) қолданылады. ГЭРА-ны емдеу басында антисекреторлы заттар (2-4
апта), содан кейін антацидтерге прокинетиктер қосып, 4-6 апта бойына беріледі.
3 және 4 дәрежелерінде Н
+
К
+
АТФазылар ингибиторларына прокинетиктер қосып, 4-
6 апта бойына тағайындалады.
Эзофагиттің алдын-алу
гастроэзофагальды рефлюксті мүмкіндігінше ерте анықтап,
емдеуді, тамақтануды және өмір салтын оңтайландыруды қамтиды.
Диспансерлік бақылау
3 жыл бойына жүргізіледі:
- өршу кезеңінен 1-ші жылы бақылау жылына 4 рет;
- 2-ші жылдан бастап жылына 2 рет.
Динамикалық бақылаудың негізгі әдістері:
- сұрастыру және объективті зерттеу;
- жылына 1 рет эзофагоскопия.
Өршуге қарсы ем әдістері – емдәм, антацидтер, поливитаминдер, биостимуляторлар,
фитопрепараттар, бальнеотерапия.
10.1.2. ФУНКЦИЯЛЫҚ ДИСПЕПСИЯ
Функциялық диспепсия (ФД) -
ең болмағанда 12 апта бойына қайталанатын
соңғы жыл бойына байқалатын, асқорыту жолдарының негізінен моторикалық бұзы-
Достарыңызбен бөлісу: