Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет32/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

мойынның артқы бетіндегі түйіндер; г) бұғана үсті 
түйіндері. д) бұғана асты түйіндері; е) шынтақ
түйіндері; ж) шап түйіндері. 
жылжытып кейін шығарылады. Әдетте, бұл топтар жеңіл 
табылады, қалыпты жағдайда кішкене горох тәріздес 
болады. Бұл түйіндерді үлкейген сілекей безімен айыру 
үшін, сілекей безі қатты фасциямен жабылғандықтан қолмен ұстау мүмкін 
болмайтындығын естен шығармау керек. Ал, лимфа түйіндерін қолмен ұстауға болады. 
Мойынның алдыңғы бетіндегі лимфа түйіндері бет терісінен, құлақ безінен мұрын, 
тамақ және ауыз кілегей қабықтарынан лимфа жинайды. Олар — төс бұғана-емізіктік 
бұлшық етінің 
(т. Stеpпосlеіdотаstoіdeus) 
алдыңғы қырынан алдыңғы аймағында 
жүргізіледі 
(85 б сурет). 
Дені сау балаларда кішкене горох мөлшеріндей болады. 
Мойынның артқы бетіндегі лимфа түйіндері төс-бұғана сүйір бұлшық етінің артқы 
қыры мен трапеция тәрізді бұлшық еттің аралығында орналасқан 
(85 в сурет). 
Олар 
мойын терісінен, аздап жұтқыншақтан лимфа жинайды. Бұларды пальпациялағанда, 
саусақтарды осы бұлшық ет тіндерінің бойымен жылжытады. 
Бұғана үсті лимфа түйіндері бұғана үсті шұңқырының аймағында орналасады. Олар 
кеуденің, плевраның жоғарғы бөлігінен, өкпе ұшынан лимфа жинайды. Бұғана үсті 
шұңқырда пальпацияланады 
(85 г сурет). 
Бұғана асты лимфа түйіндері аттас шұңқырда орналасады. Лимфаны кеуде 
қуысынан, плеврадан жинайды. Бұғана астынан жоғарғы қабырғалар бойымен 
пальпацияланады 
(85 д сурет).
Бұл лимфа түйіндерін пальпациялағанда, баланың қолын 
жоғары көтеріп, төрт саусақты қолтық шұңқырының түбіне дейін енгізеді де, баланың 
қолын төмен түсіреді. Содан кейін саусақтарын төмен қарай жылжытып, сипалайды.
Шынтақ түйіндерін пальпациялау баланың білегінен ұстап, шынтағынан тіке бұрыш 
жасап бүгеді. Содан кейін, он қолдың сұқ және ортаңғы саусақтарымен 
 sulcus
biсіріtаlіs
теdiаlіs 
бойымен шынтақ деңгейінде және одан сәл жоғары сипалайды 
(85 е сурет).
Шап лимфа түйіндері шап жалғамасының бойымен 
(85 ж сурет) 
пальпацияланады. 
Тақым шұңқырындағы лимфа түйіндерін пальпациялау үшін, баланың тізесін бүгіп, тақым 
шұңқырындағы жұмсақ тканьдарды сипап қарайды. Қалыпты жағдайда анықталмайды. 


78 
Талақты пальпациялау үшін, баланы шалқасынан жатқызып, екі аяғын сәл бүгіп, 
жастығын алып, ішін босаң ұстауға бейімдейді. Тексеруші сол қолымен сол сүбені бекітіп 
ұстап 
(81 сурет), 
ал оң қолымен төменнен жоғары қарай саусақтарын жылжытып, 
талақтың төменгі ұшын табуға тырысады. Егер талақтың мөлшері аздап үлкейген болса, 
науқас терең дем алғанда, талак төмен жылжып ұшы тексерушінің қолына тиеді. 
Талақтың қол ұшына тиюі, оның мөлшерінің 1,5-2 есе үлкейгенін білдіреді. Өскен 
талақтың бүйректен айырмашылығы – оның ойықшасын (қақпасын), пальпациялап, 
анықтауға болады. Егер шалқасынан жатқан балада талақ пальпациямен анықталса, 
баланы оң қапталына жатқызып пальпациялау керек 
(81 сурет).
Науқас оң қырына, оң аяғын созып, сол аяғын тізесінен және ұршығынан бүгіп 
жатады. Тексеруші сол қолын VII - X қабырғалар деңгейіне салып бекітіп ұстайды. Оң 
қолын саусақтарын бүгіп X қабырғаға қарсы 3 - 4 см төмен қабырға доғасы параллель етіп 
салады. Іштің бетінің терісін сәл кіндікке қарай тартып, саусақтарын «қалта» жасай 
отырып ішке батырады. Науқас дем 
алғанда, талақ өскен болса, тексерушінің 
саусақтарына тиеді. Қалыпты жағдайда 
талақ саусаққа ілінбеу керек. Талақтың 
мөлшері консистенциясы ауыратынды-
ғы, бетінің жағдайы, анықталады. 
Талақтың мөлшерін анықтау үшін, 
жәй 
перкуссия 
қолданылады. 
Перкуссиямен талақтың ұзындығы мен 
көлденең 
мөлшері 
анықталады. 
Ұзындығын анықтау үшін, плессиметр 
саусақты қабырғаға ортаңғы қолтық асты 
сызығына перпендикулярлы етіп, сол 
сүбеге салады да, соның бойымен дыбыс 
тұйықталғанша 
перкуссия 
жасайды. 
Қалыпты жағдайда ІХ-қабырға деңгейінде болады. Осы сызықтың бойымен төменнен 
жоғары қарай бірінші нүктеге қарай перкуссия жүргізіп, дыбыстың тұйықталу нүктесін 
табады. Осы нүктенің арасы талақтың ұзындығы болады. Мектеп жасына дейінгі 
балаларда ол 3-4 см, мектеп жасындағы балаларда 5-7 см. Талақтың көлденең мөлшерін 
анықтау үшін, оны ойша екіге бөліп, ашық дыбыстан тұйық дыбысқа қарай немесе кері 
бағытта перкуссия жүргізіеді. Талақтың көлдене-ңі мектеп жасына дейінгі балаларда 2-3 
см, мектеп жасындағы балаларда 3 -5 см 
(86 сурет)

Лимфа түйіндерінің үлкею синдромы.
Лимфа түйіндері әртүрлі инфекцияда, қан 
ауруларында, ісікте және т.б. ауруларда үлкееді. 
Лимфа түйінінің бір тобының (регионарлы) жедел үлкеюі, үстіндегі терінің 
жергілікті реакциясымен (гиперемия, ісік), ауырсынуы стафило- және стрептококкты 
инфекцияда (пиодермия, фурункулез, баспа, отит, жараның инфекциялануы, экзема, 
гингивит, стоматит және т. б.) байқалады. Шүйденің, мойынның артқы бетінің, бадамша 
және лимфа түйіндерінің үлкеюі – ұшпада, жәншауда (скарлатина), инфекциялық 
мононуклеозда, жедел респираторлы инфекцияда байқалады. 
Лимфа түйіндерінің жайылып үлкеюі диссеминацияланған туберкулезде байқалады. 
Тағы бір созылмалы инфекциялық ауру сарыпта (бруцеллез), лимфа түйіндері орман 
жанғағындай үлкейіп, аздап ауыратын болады. Сонымен қатар, талақтың үлкейгені 
байқалады. 
Лимфа түйіндерінің үлкеюі инфекциялы-аллергиялық науқастарда байқалуы мүмкін. 
Висслер-Фанкони аллергиялық сепсисі диффузды микрополиаденопатиямен сипатталады. 
Лимфа түйіндерінің көрнекті үлкеюі қан ауруларында байқалады. Көбіне-көп, 
лейкозда лимфа түйіндерінің жайылып үлкеюі байқалады. Олар ертерек мойын аймағында 
жақсы білінеді. Мөлшері, әдетте, үлкен емес, орман жаңғағындай болады. Дегенмен, ісікті 
86 сурет. 
Талақтың перкуссиялық мөлшерін 
анықтау



79 
түрлерінде мөлшері әжептәуір болуы мүмкін. Бұл түрлерінде мойын, көкірек қуысындағы 
лимфа түйіндері пакет құрауы мүмкін 
(87 сурет).
Созылмалы миелолейкоз балаларда сирек кездеседі, лимфа түйіндері үлкейеді, бірақ 
айтарлықтай болмайды. 
Лимфа түйіндері көбіне ісік процессінің, алғашқы ісіктің немесе олардағы 
метастаздың орталығы болады. 
Лимфасаркомада үлкейген лимфа түйіндері көзге көрінеді немесе сипалағанда, 
(пальпациялағанда) айналасындағы тканьдармен бірігіп өскендіктен, қозғалмайтын және 
басылу белгілерін (ісік, тромбоз, салдық) беретін, үлкенді-кішілі ісікті дене ретінде 
байқалады. 
87 сурет. Лимфогранулематозда мойын лимфа түйіндерінің үлкеюі. 
Лимфа түйіндерінің үлкеюі лимфогранулематоздың негізгі белгісі болып 
есептелінеді: конгломерат, пакет сияқты болып мойын және бұғана асты лимфа түйіндері 
үлкейеді. Олар алғашқыда қозғалып тұрады, айналасындағы тканьдармен бірікпеген 
болып келеді. Ал, кейінірек бір-бірімен, айналасындағы тканьдармен бірігіп, қатайып, 
ауырмайтын немесе сәл ғана ауыратын болады. Пунктатта немесе гистологиялық 
препаратта Березовский-Штернберг клеткаларының болуы тән. 
Лимфа түйіндерінің үлкеюі хлоромада, көбейген миеломада, ретикулосаркомада 
байқалуы мүмкін. Регионарлы лимфа түйіндерінде залалды ісіктерде жиі метастаздар 
байқалады. 
Шеткі лимфа түйіндерінің үлкею синдромы «X» ретикулогистиостозда (Летрер-Зиде, 
Хенд-Шюллер-Христиан аурулары) байқалуы мүмкін. Бұл синдромда мойын, қолтық 
немесе шаптардың лимфа түйіндері үлкеюі байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет