Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет28/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

(27 сурет). 
Тургор мен терінің созылғыштығының бұзылуы 
әдетте қабаттасып жүреді. Бірақ, ұдайы бұлай бола бермейді. Мысалы, эксикозды 
токсикозда терінің созылғыштығы тургор өзгеруісіз нашарлайды, ал II–III дәрежелі 
гипотрофияда керісінше болады. 
Терінің ылғалдылығы қолдың сыртқы жағымен кеудені, ішті, арқаны, қолтық астын, 
алақанды, табанды сипау арқылы анықталады 
(28 сурет).
Қалыпты жағдайда баланың қолтығының, шабының аздап ылғалданып тұрғаны 
байқалады. Рахитте, ихтиозда, тиреотоксикозда, гипогликемиялық комада, пубертатты 
кезенде әжептәуір ылғалдану байқалады. Баланың терісінің құрғақтануы әртүрлі себептен 
азғанда, сусызданғанда, гиповитаминоздарда, гипотиреозда, эксикозда және басқа 
ауруларда байқалады. 
Дегенмен, терінің қызуы дене қызуымен сәйкес келе 
бермейді. Балаларда жылу шығару төмендеуіне байланысты 
субфибрилитет, кейде тіпті қызба байқалуы мүмкін. Бұл 
құбылыс әруақытта тері қан тамыр толуына немесе артериялық 
ұштастықтардың іске қосылуына байланысты қанайналымы 
төмендеу нәтижесінде анықталады. Егер тек жылу шығару 
төмендеуге байланысты болса, дене қызуының жоғарлауымен 
бірге маңдайы мен аяқ-қолдарының
мұздауы байқалады. Буындар қабынуында, буын үстіндегі 
терең флегмоналарда, флегмона тұсында терісінің жергілікті 
қызуының көтерілгені байқалады. 
Сипалап қарағанда, терінің сезімталдығы менингитте, 
27 сурет. 
Жұмсақ тіндердің 
тургорын зерттеу. 
а) қардың ішкі бетінде 
(иықта); б) санда 
28 сурет. 
Терінің ылғалдығын 
анықтау.


72 
энцефалитте, полиомиелитте жоғарылайды. 
Дермографизм инемен, саусақтың ұшының сыртымен немесе балғаның сабының 
ұшымен төс пен іштің терісін жоғарыдан төмен қарай сызу арқылы анықтайды. 
Дермографизмнің сызығынан бастап, сызық пайда болғанға дейінгі мезгіл (секундпен 
есептелінеді) жасырын кезеңі, айқын кезеңі (сызықтың пайда болғаннан жойылғанға 
дейінгі мерзім) анықталады. Дені сау балаларда жасырын кезең 5–20 секундқа, айқын 
кезең 12 секундтан 3 минутқа дейін созылады. Дермографизмнің сипаты басу күшіне, 
тамырлардың және тамыр қозушы нервтердің жауап беру күшіне байланысты. 
Дермографизм төмендегідей түрлерге бөлінеді: 1) Қызыл; 2) Ақ; 3) Аралас; 4) Валик 
(білік) тәрізді немесе ісікті. Қызыл дермографизм тамыр тонусының төмендегенін 
көрсетеді де, менингитте, әртүрлі токсикозда, вегетативтік бұзылыстар байқалатын 
балаларда анықталады. Ақ дермографизм тамыр тонусының арткандығын білдіреді, 
экссудативті диатезде, терінің жалпы гиперемиясында байқалады. 
Тактильді (сезу) – сезімталдығы баланың терісіне кішкене мақтаны немесе басқа бір 
жұмсақ нәрсені тигізу арқылы тексеріледі. Саусақтың ұшының, қызыл еріннің, жыныс 
мүшелерінің сезімталдығы артық болады. Ересек балаларда бұл сезімталдығын тексеру 
үшін көзін жұмып жатқан баланың денесіне тітіркендіргіш заттың тигенінде «бар», «жоқ» 
деген жауабын санайды. Жаңа туылған баланың сезімін шартсыз рефлекстердің пайда 
болуына байланысты бағалайды: қабағына тигенде көзін жұмады, ерніне және тіліне 
тигенде сору қимылы, бетін тітіркендіргенде сол жағына басын бұрады және т.б. 2–3 
айлық бала тітіркендіргіш тиген жерге қолын созады. 3–6 айлық балалардың 
сезімталдығын өзінің қолын, аяғын, анасының емшегін сипалауына байланысты бағалауға 
болады. Екінші жарты жылдыкта табанына, мойынына, қолтығына қол тигізіп, 
қытықтағанда байқалатын жауабына (күледі, жылайды) қарай сезімін бағалайды. 
Қызуды сезуі теріге жылы және салқын су құйылған шыныларды (кез келген басқа 
жылы, салқын заттарды) тигізу арқылы бағаланады. Нәресте қызулық тітіркендіруге 
қозғалыстармен немесе жылаумен жауап береді. Ересек балалар «салқын» немесе «жылы» 
деп жауап береді. 
Аурулық сезімталдық. Көзі жұмылы балаға, иненің ұшымен арт жағына 
кезектестіріп, бірнеше рет инені сәл ғана тығады. Сезімталдығы сақтаған бала «үшкір» 
немесе «доғал» екендігін анықтайды. Кішкене балалар мазасызданып, жылайды. 
Қан тамырларының жағдайын, әсіресе олардың «жарылуын» анықтау үшін, бірнеше 
белгілер қолданылады. «Бұрау» белгісі (Кончаловский-Румпелий-Лиде белгісі). Резинка 
бұрауды немесе қан қысымын өлшейтін аппараттың манжеткасын иықтың дәл ортасына 
кигізеді (орайды), бұл жағдайда кәрі жілік артериясының тамыр соғысы сақталып қалуы, 
яғни бұзылмауы керек. Демек бұрауды вена ағысын тоқтата отырып, артерия ағысына 
зиян келтірмейтіндей күшпен бұрау керек. Манжетканы пайдаланған кезде қысым систола 
деңгейінен аспауы керек. 3–5 минут өткеннен кейін шынтақ пен білек аймағын (теріні) 
мұқият қарайды. Әдетте, тері өзгермеуі керек. Егер тамырлардың әдеттен тыс салдығы 
немесе сынғыштығы болса, онда терінің қанталағанын көруге болады. Шынтақ 
айналасынан 4—5 жерден терінің қанталағаны байқалса, патология болып есептеледі. 
«Шымшу» белгісі – екі қолдың бас және сұқ саусақтарымен кеуденің алдыңғы 
бетінен немесе жанынаң теріні, тері асты шел майынсыз, жиырып алады (оң және сол қол 
саусақтрының аралығы 2–3 мм болуы керек). Шымшыған жер қанталап кетсе, белгінің оң 
болғаны. 
«Балға» белгісі – төс аумағы ауыратындай күшпен перкуссия балғасымен қағады. 
Тері қанталаса белгі оң болып есептелінеді. 


73 
1.5.2. ТЕРІ АСТЫ ШЕЛ МАЙЫ 
Шел майының құрамының балалардағы ерекшелігі оның 
өзгергіштігіне байланысты, капиллярларға өте байлығы; май 
бөліктерінің дәнекер тканьдерден тұратын аралықтарының 
жіңішкелігі және жіктелмеген клеткалардың мөлшерінің 
көптігі (май клеткалары онша көп болмайды, бірақ олар 
кішкене және протоплазмасы үлкен болып келеді) болып 
табылады. Мезгілі жетіп туған балаларда шел майы жақсы 
дамыған. Сондықтан, олардың денесі дөңгеленген томпақ 
болып келеді де, шабындағы, тізесіндегі, шынтағындағы тері 
қатпарлары терең болады. Бұл ерекшеліктердің тері асты шел 
майының қорғаныс және тағамдық заттардың қоры жұмысын 
атқаруда маңызы өте зор. 3 айлық балада кіндік тұсында шел 
майының қалыңдығы 6–7 мм, бір жаста – 10 мм, 10 жаста – 7 
мм болып келеді. 
Қыз балаларда, әсіресе, жыныстық даму кезеңінен 
бастап, ер балаларға қарағанда, шел майы артық дамыған. 
Ерте жастағы балалардың шел
майы қатпарларының қалыңдығы кеуде де (бұғананың 
үстінде) 1,5–2 см, іштің бетінде 2–2,5 см, иықта 1,6 см, ортан 
жілік тұсында 3–4 см-ге дейін барады. 
Тері асты шел майын тексеру үшін қарау
және пальпа-ция жүргізіледі. Қарағанда, тері асты шел 
майының 
даму 
дәрежесін 
және 
орналасуының 
бірқалыптылығын 
болжап, 
шеткі 
ісіктерді, 
олардың 
орналасқан жерін анықтауға болады. 
Пальпация (сипау): теріге қарағанда тереңірек сипап, 
тексеріп баға береді. Оң қолдың бас бармағымен сұқ 
саусағының арасына теріні және тері асты шел майын ұстап, 
осы қыртыстың қалыңдығын төмендегідей өлшейді. Тері асты 
шел майының қалыңдығын кезекпен анықтайды екі жақ бетте, 
төстің жиегінің екі жағынан екінші қабырға аралықта, екі 
жақтан кіндік тұсында, санның және қардың ішкі бетінде, арқада—жауырын аралығында.
 
Тері асты шел майының қалыңдығын калипермен 4 тері қыртысының (бицепс, 
трицепс үстінде, жауырын астында, мықын сүйегінің үстінде) қалыңдығы бойынша 
анықтаған жөн 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет