87
Жүрек тұсындағы дөңес (жүрек бүкірі). Іштен туа болған жүрек ақауында кезде-седі.
Гаррисон сайы
(43 сурет)
– көк еттің кеудеге бекітілетін жері ішке қарай тартылып, сай
тәрізденіп тұрады. Ал, кеуденің төменгі қалқаны сыртқа қарай қайырылып тұрады.
Қабырға таспиығы». V-VІІІ қабырғалардың шеміршек бөлігінің сүйектік бөлігіне
ауысар жерінде бұлтық тәрізді сүйектің жуандауы
.
Бұл өзгерістер мешел аурулармен
«науқастанған балаларда кездеседі.
41-сурет.
Рахиттік кифоз
42-сурет.
«Тауық кеуде»
43 сурет.
Гаррисон сайы
Кеуде қуысының бір жағының томпайып, қабырға аралықтарының тегістелуі су
жиналатын (экссудативті) плевритте, ал ішіне тартылуы өкпенің солуында, өкпе
қабынуда, сиректеу туберкулезде, бронхитте, кеуде қуысының қозғалысының тежелуі
жедел өкпе эмфиземасында, ентікпенің ұстамасында, экссудативті плевритте, қабырға
аралық нервтердің невриттерінде, көк ет асты іріндегенде кездеседі.
Жамбас ерекшеліктері. Сүйек-бұлшық ет жүйесінің бір ерекшелігі, жастық кезде
сүйектенуіне байланысты, бір жамбас құратын, жамбас қанқасының бала мен бозбалада
құйымшақтық омыртқалар жамбас сүйегінің бөліктерінің арасындағы шеміршекті
байланыс болып табылады. 12-13 жасқа дейін ер және қыз балаларда жамбас құйық
тәріздес болады. Содан соң қыз балаларда шонданай бұдырларының аралығы үлкейіп,
қасаға сүйектері арасындағы бұрыш ер балаларға қарағанда доғалдана түседі де,
жыныстық айырмашылық пайда болады. Жамбас қанқасының деформациясы іштен туа
және одан кейін пайда болған болуы мүмкін. Ұршықтың басындағы ойықтың жетілмеуі
іштен туа болған ұршық буының шығуына әкеледі.
АЯҚ - ҚОЛДАРДЫ ТЕКСЕРУ
Аяқтың О
және X
тәріздес болып қисаю
(44 сурет),
білезік (қолдың ұзын түтікше
сүйектерінің эпифиз аймағында жұмырлануы) анықталады. «Інжу талшығы» (саусақ
сүйектерінің диафиздерінің бұдырлануы), рахит (мешел) ауруында, дабыл таяқшалары
(саусақтың тырнақты фалангасының томпаюы
(45 сурет)
туа болған жүрек ақауларында,
созылмалы өкпе қабынуында, бронхоэктазды ауруларда байқалады
Хондродистрофияда
балтыр және білек сүйектерінің ұзындығы қалыпты болады да,
сан және қарының сүейктері қисық болып келеді. Саусақ сүйектері үш тісті айыр
тәрізденеді
(46 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: