Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет354/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Бүйректік синдром
сиректеу (науқастардың 1/3-1/2 бөлігінде) ошақты немесе 
сегментарлы, диффузды гломерулонефрит, жеделдеу гломерулонефрит түрінде білінеді.
Бүйректің зақымдалуын 3 клиникалық түрге бөледі: 
1. транзиторлық (өткінші) гематурия; 
2. капилляротоксикалық нефрит, гематуриялық түрі; 
3. капилляротоксикалық нефрит нефротикалық синдроммен және гематуриямен; 
4. тезүдемелі гломерулонефрит. 
Алғашқы екі түрі бірдей жиілікпен кездеседі және ағымы жағымды болады.
Науқастардың көбінде бүйректің зақымдалуы қысқа мерзімді микрогематуриямен және 
альбуминуриямен білінеді. Ол ошақтық нефриттің белгісі деп есептеледі. Кейбір 
науқастарда микроөзгерістер, кейде макрогематурия, экстраренальды өзгерістерсіз және 
бүйрек функциясының дөрекі бұзылыстарысыз, ұзақ – бірнеше аптаға немесе айлап 
сақталып қалуы мүмкін. Бұндай жағдайда сегментарлы нефрит туралы сөз қылған жөн 
болса керек. Нефропатия байқалатын науқастардың 1/3-де жедел нефриттің, айқын 
экстраренальды лермен, айқын белгілері байқалады. Нефропатияның бұл түрінің ағымы 
әдетте жағымды, бірақ созылмалы нефритке әкелуіде мүмкін. Келесі әрбір қайталаумен 
бірге бүйрек зақымдалу мүмкіндігі арыта түседі. Ал басқа белгілері сирек қайталайды. Ең 
ауыр асқынуы жеделдеу нефрит, жедел бүйрек жетіспеушілігі. Басқа мүшелердің 
зақымдалуы сирек кездеседі, бірақ мидың (өткінші құрысулар, аяқ-қолының салдануы, 
тарамыстар рефлекстернің асиммитриялығы, ми нервтерінің, ісінудің, сиректеу қан 
құылудың әсерінен,) зақымдалуы байқалуы мүмкін. Сиректеу ұманың (эпидидимит, 
орхит, қанқйұылу), аталық бездің ісінуі көрініс береді. Азды-көпті жүрек-тамыр 
жүйесіндегі, гепатоспленомегалия жедел кезеңінде жойылып кетеді.
ГВ-де алғашқы бірінші аптада субфибрильді температура байқалуы мүмкін, сонымен 
қатар тиісті инфекцияға сәйкес одан үлкен температурада орын алуы мүмкін.
Диагноз
клиникалық (синдромдардың болуы), лабораториялық (лейкоцитоз, 
нейтрофи-лез, эозинофилия, тромбоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, айналымдағы иммундық 
кешендердің артуы, зәр анализіндегі өзгерістер, қажет болса функциялық сынамалардағы 
өзгерістер) мәліметтер, коагулограммадағы өзгерістер (гиперфибриногенемия, фибрин 
деградция өнімдерінің артуы) негізінде қойылады.
Ажырату диагнозы
ревматизммен, тері ауруларымен, ішек-қарын жолдарының 
ауруларымен жүргізіледі. Геморрагиялық васкулитті басқа васкулиттен науқастарда 
триада белгісі арқылы ажыратылады: терінің өзіне тән зақымдалуы, буын және 
абдоминальды синдромдар.
Бүйрек зақымдалуына байланысты барлық науқастар зәр анализін тапсыру керек. 
ТІШҰ-синдромы даму қалпына байланысты тромбоцитті анықтау қажет. Гемморагиялық 
васкулитте қан ағу жылдамдығы мен қан ұю уақыты өзгермейді.
Емі.
Жедел кезеңде емдәмде жануарлар ақуызы, ас тұзы, экстрактивті тағамдар 
шектеледі. Абдоминальды синдромда механикалық аяушылық түрде жартылай салқын 
тағамдар сұйық немесе жартылай сұйық күйде берілу ұсынылады. Ішек перистальтикасын 
күшейтетін тағамдарды қоспау керек (қара нан, сүт, капуста, газдалған сусындар және 
т.б). Көп мөлшерде витаминделген сұйықтық беріледі. 
Төсектік режим 2-3 апта, кейін оны пурпураның рецидиві болуына байланысты 
(ортостатикалық пурпура) бірте-бірте кеңейтеді. 
Емдеу ауруханада жүргізеді. Егер бактериальды инфекциямен байланысы бар болса 
немесе науқаста созылмалы инфекцияның декомпенцацияланған ошағы байқалса 
антибиотикпен емдеу курсы тағайындалады. Егер тағамдық, дәрілік аллергендер болса, 
рационнан, ем жоспарынан алынып тасталынады. Десенсибилизациялаушы заттар 
(супрастин, тавегил, диазолин, фенкарол), тамыр қабырғасын нығайтатын (кальций 
хлориді, кальций глюконат, аскорбин қышқылы, аскорутин), дезагреганттар (курантил, 
трентал, индометацин) қабылдануы керек. Қажет болған жағдайда симптоматикалық 
терапия жүргізіледі. Ауыр жағдайда преднизолон мен гепарин қосады.


535 
Гепарин тағайындау көрсеткіштері: 1. Қайталанған қосылған, әсіресе жаралы-
некротикалық элементтері бар тері бөртпелері; 2. Абдоминальды және бүйректік синдром-
ның болуы; 3. Гиперкоагуляциялық ығысудың болуы; 4. Паракоагуляциялық тестердің оң 
болуы (этанолдық, протаминсульфаттық). Гепарин күніне 4 рет теріастына немесе венаға 
енгізледі. Ауырлық дәрежесіне сәйкес 100 бірліктен 350-400 бірлік/кг салмағына дейін 
қоладылады. Егер гепаринмен емдеу барысында қанның ұюу уақыта қысқа болып қала 
берсе гепариннің дозасын 1,5 есе көтерген дұрыс. Науқаста қайталайтын терілік, бүйрек-
тік, абдоминальды синдром байқалса, ол преднизолон (1-2 мг/кг есебінен) тағайындаудың 
көрсеткіші болады.
Преднизолонды жеке тағайындау қауіпті, өйткені гиперкоагуляция дамуына 
икемдейді, ал бұл ауру – ТІШҰ-синдромы дамуына бейім болы келеді. 
Барлық науқастарға активтелген көмір, энтеросорбент, полипефан ішке 
тағайындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет