Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет376/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Этиологиясы.
Біріншілік жүре пайда болған гипотиреоз мыналардың салдарынан 
дамиды: 
-
эндемиялық йод тапшылығында; 
-
аутоиммунды тиреодитте; 
-
қалқанша безге операцияларда; 
-
қалқанша бездің қабыну және ісік ауруларында; 
-
тиреотоксикозды тиреостатикалық дәрілермен қадағалаусыз емдеу. 
Екіншілік жүре пайда болған гипотиреоз гипофиздың түрлі зақымдануының салдары 
болуы ықтимал: 
-
туылу кезіндегі жарақаты; 
-
мидың қабыну және жарақатты зақымданулары; 
-
оперативты және сәулелік гипофиз эктомиясында. 
Клиникасы.
Клиникалық көрінісі аурудың бастапқы кезеңіндегі баланың жасына 
және бездің функциясының бұзылу дәрежесіне байланысты. Аурудың бастапқы кезеңінде 
неғұрлым науқас бала ересек болса, соғұрлым гипотиреоз баланың бойының өсуіне және 
интеллектуалды дамуына аз әсер етеді. Бірақ балада терінің құрғауы, іш қату, 
брадикардия, интеллектуалды белсенділіктің төмендеуі, бойдың өсуінің кідірісі мен 
тоқтауы байқалады, ол міндетті түрде қанның сарысуында Т3, Т4 және ТТГ деңгейін 
анықтау мен тексеруді қажет етеді. 
Емдеу.
Жүре пайда болған гипотиреоздың емін себебіне қарамастан L-тироксинмен 
жүргізеді. Дәрінің бастапқы мөлшері тәулігіне 25мкг құрайды, күніне бір рет ашқарынға 
тәңертең қабылдайды. Кейінгі мөлшерін (дозасын) қан сарысуындағы гормондардың 
концентрациясын қадағалай отырып, апта сайын максималды көтере алатын қолайлы 
дозаға көтереді. Қажетелігіне байланысты тәуліктік мөлшері орташа есебпен 50-ден 150 
мкг дейінгі аралықта болады. 
15.3. ЖАЙЫЛМАЛЫ УЫТТЫ ЖЕМСАУ 
Жайылмалы уытты жемсау (ЖУЖ) (Парри, Грейвс, Базед ауруы) – 
әдетте 
қалқанша бездің жайылмалы ұлғаюымен, тұрақты тиреоидты гормондардың 
патологиялық гиперсекрециясымен сипатталатын аутоиммунды ауру. 
Диффузиялы уытты жемсаумен пубертатты жаста 6-8 рет жиі қыз балалар аурады.
Этиологиясы.
Ауру генетикалық тұрғыдан бейім адамдарда дамиды, оған дәлел НLА 
жүйесін тексерудің қортындылары бола алады. Жиі ЖУЖ НLА–В8, А28, ДR3 
тасымалдаушы, әсіресе А1-В8 және В8- ДR3 гаплотиптері бар адамдарда жиі кездеседі. 
Жайылмалы уытты жемсауда қалқанша бездегі иммунопатологиялық өзгерістер, 
иммунитеттің 
жартылай 
генетикалық 
мүкістігіне 
байланысты 
туындайтын 
органоспецифика-лық аутоиммундық ауруға тән. Туа біткен немесе жүре пайда болған Т-
супрессорлардың тапшылығы, белгілі бір түрткілер әсер еткенде тиреоидынталандырушы 
иммуноглобулиндер-дің түзілуіне себепкер болады. Қазіргі кезде тиреоидынталандырушы 
антиденелердің 40-қа жуық түрлері бар екендігі белгілі, шамамен науқастардың үштен 
бірінде сондай заттың бірі LATS-фактор (Ig – қалқанша безді ұзақ әсер етуші 
тітіркендіргіші) анықталады. Ол, гипофиздың тиреотропты гормонымен тиреоциттердегі 
рецепторлар үшін бәсекеге түсіп, бездің гиперплазиясын және тиреоидты гормондардың 
(Т3-Т4) өндірілуін арттырады. Нәтижесінде қалқанша без орталықтан реттелуге бағынбай 
автономды қызметке көшеді. Жайылмалы уытты жемсауы бар науқастардың 45-50% 


564 
LATS-фактордың деңгейінің жоғар-лауы байқалады. Көптеген науқастарда тиреолибирин 
деңгейі төмендеген, ТТГ-ның деңгейі төмен немесе қалыпты. Ұрындырушы фактор 
болып, жиі мұрын-жұтқыншағының инфекция-сы саналады, басқа уытты, химиялық 
заттар қатынасуы ықтимал. Бірқатар қаламгерлер аурудың пайда болуында ұзақ 
психикалық жарақаттың маңыздылығын атап көрсетеді. 
Патогенезі.
Тиреоидты гормондардың көптігі, жасушада тыныстың және фосфорла-
нудың бұзылуына, жылу өндірілуінің, глюкозаның жаратылуының жылдамдылығының, 
глюконеогенездің, липолиздың артуына әкеледі. Катаболикалық процесстер күшейеді, 
миокардтың, бауырдың, бұлшық ет тіндерінің дистрофиясы дамиды.
Аурудың дамуын 3 сатыға бөледі: 
1. Клиникаға д ейінгі саты. Бұл сатыда организмде антиденелер жинақталады, 
клиникалық белгілер болмайды. 
2. Э утиреоидт ы сат ы – қалқанша бездің үдемелі гиперплазиясы артады, бірақ 
қанда тиреоидты гормондардың деңгейі қалыптыдан жоғары болмайды. 
3. Гипертиреоидт ы 
саты – қалқанша безде морфологиялық тұрғыдан 
лимфоцитарлы тығыздалу, иммунологиялық реакциялар, цитолиз жүреді. Осы сатыда 
клиникалық симптомдар айқындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет