119
соң, фермент бөлу мүмкіншілігі күшейе бастайды, оның экзогенді
әрекетінің ең жоғары
деңгейіне бала 2-3 жасқа толғанда, жетеді. Әсіресе, қосымша тамақ берілген және баланы
емшектен айырған кезден бастап амилазаның бөлінуі күшейе түседі. Липазаның деңгейі
үлкен кісілердің көрсеткіштеріне 12 жастан бастап теңеледі.
Бауыр.
Туылғаннан
кейін бауыр өсе береді, бірақ оның өсу жылдамдығы дене
салмағының өсу жылдамдығынан қалыс қалады. 10-11 айда дене салмағы 3
есе артатын
болса, бауырдың салмағы екі есеге, 2-3 жылда – үш есе, 7-8 жаста – 5 есе, 16-17 жаста – 10
есе, 20-30 жаста – 13 есе (бұл жаста дене салмағы 20 есе арытады) арытады.
Жаңа туылған баланың бауырының құрамында, ересек адамдарға қарағанда (65-70%)
су көп болады (8 апталыққа дейін – 75-80%). Өсе келе құрғақ заттардың мөлшері арытады.
Жаңа туылған балаларда өт қабы бауырмен жабылып тұратын болғандықтан, оны
пальлациялау қиынға түседі. Рентгенологиялық көрінісі айқын болмайды. Ол
цилиндр
немесе алмұрт түрлі, сиректеу ұршық немесе S тәрізді болады.
Достарыңызбен бөлісу: