Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет10/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

4.
 
Неофетальды немесе эмбриофетальды кезең. Ұзақтығы 2 аптаға созылады. Бұл 
кезеңде плацента (баланың жолдасы – баланың орны) құралады да, көптеген мүшелердің 
(орталық жүйке жүйесінен басқасының) толық құралып болуымен сәйкес келеді. Бұл кезең 
өте маңызды мезгіл, өйткені, плацентаның дұрыс құрылуы, демек плацентарлық қан 
айналымының дұрыс болуы, болашақ іштегі нәрестенің, сайып келгенде болашақ баланың, 
қарқынды өсуіне тікелей әсерін тигізеді. 
5. Фетальды кезең. Ұзақтылығы 9 аптадан туғанға дейін есептелінеді. Бұл кезең 2 
кезеңшеге бөлінеді. 
а) Ерте фетальді кезеңше (9 аптадан 28 аптаның соңына дейін). Ұрықтың қарқынды 
өсуімен және тканьдік жіктелуімен сипатталады. 
б) Кеш фетальді кезеңше жүктіліктің 28 аптасынан бастап, босанғанға дейін, демек, 
суы кеткенге дейін есептелінеді. 
Ерте фетальды кезеңшеде зақымдалу баланың шала және жетіспей туу сияқты 
дамуының бұзылуына байланысты кемістіктерге әкеліп соқтырып, ал кеш фетальді 
кезеңшеде зақымдалу іштен туа (құрсақ ішінде пайда болатын) болатын гипотрофияның 
пайда болуына әсерін тигізеді. 
Б. Туылғаннан кейінгі даму кезеңі. Ерте жастағы балалар, мектеп жасына дейінгі 
балалар, мектеп жасындағы балалар кезеңдері болып бөлінеді. Ерте жастағы балаларға 
туылғаннан бастап, 3 жасқа дейінгі балалар жатады да, ол өз ішінде бірнеше кезеңдерге 
бөлінеді: 


Жаңа туылған (нәресте) – неонатальды кезең. Кіндігін кескен уақыттан бастап 
өмірінің бірінші айының соңына дейін, яғни 3–4 аптаға созылады. 
а) Ерте неонатальдык (нәрестелік) кезең – кіндігін кескен уақыттан өмірінің 7-ші 
күнінің соңына дейін (барлығы 168 сағатқа) созылады. 
б) Кеш неонатальдық (нәрестелік) кезең – өмірінің 8-ші күнінен бастап 28 күнге (1 
айға) созылады. 
Перинатальды кезең – бекітілген мәліметтер бойынша бұл кезең жүктіліктің 28-ші 
аптасынан туылғаннан кейінгі 7-ші күн аралығын қамтиды. Қазақстан Республикасы ДДҰ-
ның мүшесі болып, оның декларациясын қабылдағаннан кейін, бұл кезең жүктіліктің 22-ші 
аптасымен туылғаннан кейінгі кезеңнің 7- ші күні аралығын қамтиды деп есептеледі. 
Жаңа туылған (нәрестелік) кезеңде бала өкпемен тыныс алып, құрсақ іші
гемодинамикалық жолдарының жабылуына (артериялық өзектің және сопақша тесіктің) 
және өкпе тамырларында қан айналымының артуына, энергия алмасуымен 
терморегуляцияның өзгеруіне байланысты кіші қан айналу шеңбері жұмыс жасай 
бастайды. Бұл кезеңге барлық жүйелер мен мүшелердің, әсіресе, орталық жүйке жүйесінің, 
толық жетіспеушілігі сай болып келеді. Бұл кезеңнің ерекшелігіне, шекаралық жағдай деп 
аталатып, патологиямен шектесіп жатқан көптеген әрекеттік (функциялық) өзгерістер 
жатады. Жаңа туған нәрестеде кейбір жүйелер мен мүшелердің ақаулары, туылудың, 
құрсақ ішінде тұншығу (асфиксия) әсерлерінің белгілері, миға қан құйылу, сал (паралич) 
және салдану (парез), нәрестенің гемолитикалық ауруы, токсоплазмоз, ұшпа, грипп, жас 
нәрестелер қарсы күресе алмайтын бактериалы жұқпалы аурулар байқалады. Бұл жұқпалы 
аурулар кіндік, тез зақымдалатын тері арқылы өтіп, пиодермияға, кіндік қалдығының 
қабынуына, сепсис ауруына жиі шалдығуына ықпалын тигізеді. 
Емшек жасындағы бала (сәбилік кезең) – сәбилік кезең 1-ші ай соңынан бастап 12 
айға дейін есептелінеді. Бұл кезеңге салмағының дамуының, зат алмасуының қарқынының 
тездігі ерекше тән болып келеді. 
Емшек жасындағы балалар 2–3 айлығында, анасымен трансплацентарлы берілетін 
пассивиті (енжарлы) иммунитетін жоғалтады, ал өзінің иммунитет жүйесінің құрылуы баяу 
жүреді. Осыған орай емшек жасындағы балалар жиі ауырғыш болып келеді. Бұл жаста 
балаларда ішек-қарын жолдарының аурулары (диспепсия, дизентерия және т. б.), рахит, 
спазмофилия, әртүрлі диатездер, қоректенудің және ас қорытудың созылмалы 
бұзылыстары, тыныс мүшелерінің аурулары жиі кездеседі. Балалардың жедел жұқпалы 
(қызылша, көкжөтел) аурулары сирек байқалады, бірақ олар көбіне ауыр дамиды. Олардың 
ерекше айырмашылығы көбіне жергілікті белгілер шамалы білінеді де, жалпы белгілер 
басым болып келеді. Созылмалы аурулардан, соңғы уақытта сирек кездесетін болғанмен, 
сифилис (мерез) және туберкулездің іштен туа болған түрлері кездесуі мүмкін.
Сүт тістері кезеңі – 1 жастан 6–7 жас аралығы: 
а) Мектеп жасына дейінгі жас алдындағы (үлкен бөбектер бақшасы жасындағы) кезең. 
1-ден 3 жасқа дейін созылады. Күнделікті өмірде 3 жасқа дейінгі балалар ерте жастағы 
балалар болып есептелінеді. 
б) Мектеп жасына дейінгі кезең 4-тен 7 жасқа дейін созылады. 1-ден 3 жасқа дейінгі 
кезең ас қорыту жүйесінің, қозғалысқа икемділігінің, сөйлеудің және сана-сезімнің жетіле 
түсуімен сипатталады. Бұл кезеңде балалар өте қозғалғыш, білуге құмар болып келеді. 
Қоршаған ортамен белсенді түрде қарым-қатынас жасап отырады. Бұл кезеңде гигиеналық 
тәрбиеде жіберген қателіктердің орнын толтыру және күн тәртібін орындаудың маңызы өте 
үлкен, өйткені бұл жастағы балалар сыртқы ортаның ықпалына өте сезімтал болып келеді. 
Бұл кезеңде балалар қызылша, көк жөтел, жел шешегі, вирусты гепатит, дизентерия және т. 
б. аурулармен жиі ауырады. 
Мектеп жасына дейінгі кезеңде бала организмі нығая түседі, бұлшық ет жүйесі дамып 
қатаяды, қаңқасының дамуы жалғаса береді. 
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің соңын ала сүт тістері алмаса бастайды. Бұл жастағы 
балалар білуге құмар, бірақ тәжірибесі аз, үлкендердің бақылауы аз әсер ететін 


болғандықтан жиі жарақаттар алып тұрады. Бұл кезеңде өткен кезеңге қарағанда даму 
құбылысы әлсірейді. Біртіндеп балалар организмінің барлық қызметі жетіледі, бірақ, 
дегенмен де қызметінің жеңіл бұзылу мүмкіншілігі сақталып қала береді. Жекелеген 
мүшелердің ауруларында жалпы (диффузиялық) реакциямен жауап беруге бейімділігі азая 
бастайды. Айналасындағы адамдармен жиі қатынасатын болғандықтан, бұл жастағы 
балалар жұқпалы ауруларының барысы жеңіл болып келеді де, ауыр асқынулары сирек 
кездеседі. Туберкулезбен ауру жиілігі артып, эндокриндік жүйесінің бұзылу белгілері 
байқалады. 
Балалық шақтың келесі кезеңі мектеп жасындағы балалар. Бұл кезең екіге бөлінеді. 
Кіші мектеп және үлкен мектеп жасы кезеңдері. 
Кіші мектеп жасы кезеңі 7-ден 11 жасқа дейін созылады. Көптеген жүйелер мен 
мүшелер дамып, толық жетіледі. Сүйек жүйесі толық дамып жетіледі, бұлшық ет жедел 
дамып, толықсып, қатая түседі. Бұл кезең ақыл ойының, жазу, ұсақ қимыл координацияла-
рының тез дамуымен сипатталады. Бала қажетті еңбек икемділіктерін игереді. 
Бұл кезеңде жұқпалы аурулардың маңызы зор, бірақ олар сирек кездеседі және 
олардың барысы жеңіл болып келеді. Бұл кезеңде ревматизммен балалар жиі ауырады. 
Туберкулез жедел немесе созылмалы түрінде болуы мүмкін. 
Үлкен мектеп жасы кезеңі 12-ден 18 жасқа дейін созылады. Эндокрин жүйесінің қайта 
құрылуымен, жыныс, қалқанша бездерінің, гипофиздің қызметінің арта түсуімен 
сипатталады. Сондықтан, балалар мен жас өспірімдерде осы бездердің жұмыс тепе-теңдігі 
бұзылып, эндо-крин жүйесінің түрлі бұзылыстары пайда болуы мүмкін. Жыныстық жетілу 
мерзімі балалар жынысына және жеке ерекшеліктеріне байланысты болады. Бұл кезең қыз 
балалар үшін жыныстық дамудың толықсып, жетілу кезеңі болса, ер балалар үшін 
жыныстық дамудың басы ғана. 
Бұл өзіне тән дисгармониялық пен пубертатты жедел даму кезеңі. Бұл психологиялық 
дамуының, азаматшылық, саналылық, адамгершілік, әдет-ғұрып, мінез-құлық, жігер-қайрат 
деген ұғымдар қалыптасатын ең қиын кезең болып есептеледі. Бұл жастағы балаларда 
жыныс және дене дамуының бұзылуы жиі кездеседі. 
15-ке дейінгі балаларды балалар емханасы қамтиды да, ал, 15-тен асқан балалар 
жасөспірімдер кабинеттерінде бақыланады. Сонымен қатар, мектептегі медицина қызмет-
керлері 7 жастан 17–18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдермен қызмет істейді. 
Барлық жасқа байланысты топтастыру немесе балалық шақтың жіктелуі 
хронологиялық немесе күнтізбелік жасқа сәйкес жүреді. 
Күні бүгінге дейін жүргізіліп отырған балалық шақты шектеу көрсеткіштерінің 
болашағы жоқ. Бұл көрсеткіштер балалық шақты 0–14 жаспен шектейді. Қазақстан 
Республикасының Баланың құқын қорғау халықаралық конвенцияға қол қойғаны белгілі. 
Бұл дүниежүзілік ұйымының шешімі бойынша балалык шақ туылғаннан бастап 18-ге 
толғанша созылады. Демек, біздің елде де осы көрсеткіш толық қабылдануы керек. Бұл 
көрсеткіштерге бозбалалық (бойжеткендер) кезеңі де кіреді. Көптеген ғалымдардың пікірі 
бойынша балалық шақтың бітуі олардың физикалық және жыныстық жетілуімен бейнеледі. 
Бұл пікір дұрыс емес, өйткені бұл биологизаторлық тұрғыдан бейнелейтін немқұрай 
көзқарас. Адамның ересектігі тек тұлғасының мөлшерімен, өзіне ұқсастарды өмірге 
келтірумен ғана шешілмейтіндігі баршаға аян. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 
(ДДҰ) Сарапшылар Комитетінің 1977 жылғы шешімі бойынша бозбалалық кезең 10-жастан 
20 жас аралығы болып есептеледі. Бұл кезең екіге бөлінеді: 10-15 жас аралығы, жыныстық 
даму қарқынды жүретін, өзіндік пубертатты кезең. Ал, екінші бесжылдық 16-20 жас – 
әлеуметтік жетілу кезеңшесі ретінде бөлінеді. Бұл жылдары бозбалалар мен бойжеткендер 
өздеріне тән арнайы жыныстық маңызын игереді, мамандығын таңдап, оны әртүрлі 
дәрежеде игереді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет