Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет11/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
І- Бөлім 
БАЛАЛЫҚ ШАҚТАҒЫ МҮШЕЛЕР МЕН ЖҮЙЕЛЕРДІҢ
АНАТОМИЯЛЫҚ-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
 
 
 
І.І. БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕСІНІҢ ДАМУЫ 
Адамдардың денесінің өсуі дегеніміз морфологиялық және әрекеттік (функциональ-
дық) белгілердің өзара тығыз байланыстылығы және олардың қоршаған ортамен өзара 
тәуелділігі. 
Дененің өсуі тұқым қуатын факторлар мен қоршаған ортаның жағдайларының 
ықпалымен қамтамасыз етіледі. 
Соңғы жарты ғасыр ішінде бүкіл дүние жүзінде адамзаттың дамуы мен өсуінде 
өзгерістер байқалатындығы туралы мәліметтер бар. Ол өзгерістер негізінде тиісті 
биологиялық даму мен өсудің қажетті сатыға ерте (жылдам) жетуі жатады. Бұл процессті 
1935 жылы неміс ғалымы Е. Кох акселерация (латынның ассеlегасіо – жылдамдату деген 
сөзінен алынған) деп атады. Әрбір он жыл сайын ересек адамның бойы 1 см өсіп отырады. 
Акселерация процесі бүкіл дүние жүзін қамтиды.
Даму мен өсу акселерациясы бір жасқа дейінгі балаларда бойының жоғарғы 
көрсеткіштерімен, еңбегінің ерте бітуімен, сүттік тістерінің ерте шығуымен болжалынады. 
Бұрын салмағы 5–6 айда екі есе артатын болса, қазір бұл процесс 4–4,5 айда болатын болып 
отыр. Ал, үш есе артуы 11–12 айдың орнына 10–11 айда болатын болды. 
3-тен 7 жасқа дейінгі балаларда өсу және даму акселерациясын тұлғасының өсуінен, 
сүт тістерінің ерте ауысуынан көруге болады. Мектеп жасындағы балаларда, тұлғаларының 
мөлшерімен қатар акселерация қаңқаның сүйектенуінің, жыныстық және эмоциялық 
жетілудің жылдамдауынан, санасының және әлеуметтік сезімінің ерте жетілуінен көруге 
болады. 
Акселерация құбылысы ішкі және сыртқы күрделі факторларға байланысты. Оның 
себебі Е. Кох (1953) рахит ауруларының алдын алу үшін берілетін Д-витаминінде деп 
есептеді. Сонымен қатар, урбанизациялық процессіңде акселерация үшін маңызы зор 
болып есептелінеді; көшедегі жүріс жылдамдығы: қаланың шуы, киноның, театрдың
теледидардың және басқа ақпараттық мәліметтер әсері; дене тәрбиесі, спорт, медициналық 
көмек, әлеуметтік жағдайлар әсері. Қазіргі кездегі қоршаған ортаның сәулелік 
(радиациялық) жағдайының әсерін де естен шығаруға болмайды. 
Дегенмен, қазіргі балалар бұрынғы құрдастарынан ақылды деп айтуға болмайды. Тек 
қана басылымдарға, радио, теледидарға және басқа ақпараттық мәліметтерге байланысты 
білімдері артық деп айтуға болады. 
Антропометриялық көрсеткіштер қарым қатынасына және биологиялық жетілу 
деңгейіне байланысты акселерацияны
гармониялық 
және
дисгармониялық 
етіп, екі түрге 
бөледі. Гармониялық акселерацияға антропометриялық көрсеткіштер мен биологиялық 
жетілуі бұл жыныстық-жастық топ үшін орташа көрсеткіштерден артық балалар жатады. 
Дисгармониялық түріне, құрдастарына қарағанда, бойының ұзындығы артық, ал жыныстық 
дамуының белгілерінің жетілуі қалыпты немесе төмен балалар жатады. Сонымен қатар, 
керісінше, жыныстық жетілуі жасынан артық, ал дене дамуының қарқынды (жылдам) 
дамуы байқалмайтын балалар жатады. 
Соңғы кездегі мәліметтер бойынша төлқұжаттық жас организмнің немесе жекелеген 
мүшелердің жетілуінің толық көрсеткіші бола алмайды. Осыған орай, жеке мүшелер мен 
жүйелердің жетілу көрсеткіштерінің нәтижесіне байланысты, биологиялық жасын анықтау 
қажет (М. Я. Студеникин, 1982). 


Биологиялық жас деп жеке индивидуумның морфологиялық құрылымының және 
оларға байланысты осы хроникалық жастың барлық популяциясының орташа деңгейіне 
тән, өмірлік функциялық әрекетінің жеткен өсу деңгейін айтамыз (В. Г. Властовский, 
1976). Кейбір, әсіресе, жиі ауыратын балаларда, биологиялық және хронологиялық жастар 
сәйкес келмеуі мүмкін. Көбіне өсуі тежелген (тоқыраған), жыныстық жіктелуі тоқыраған 
және бұзылған балалардың биологиялық жасын анықтау қажет болады. 
Бала организмінің даму қарқынында өзіне ғана тән айырмашылықтар болатын 
болғандықтан, күнтізбелік және биологиялық жастардың арасында сәйкес келмеушілік 
болуы мүмкін.
Биологиялық жас көрсеткіш иммунологиялық көрсеткіштерге сәйкес биохимиялық
тері морфологиялық, функциялық, иммунологиялық болуы мүмкін. Олардың диагностика-
лық маңызы жасына сәйкес өзгеріп тұрады. Морфологиялық көрсеткіштерге «қаңқа 
жетілуі» («сүйектік» жас), «тістің» жетілуі (тістердің шығуы және ауысуы), физикалық 
даму деңгейі және дене пішінінің жетілуі (пропорция, дене пішіні), бірінші және екінші 
жыныс белгілерінің дамуы жатады.
Биологиялық жастың функциялық шектері болып орталық және вегатативті нерв 
жүйесінің тірек-қимыл аппаратының, кардиореспираторлы жүйенің жетілу деңгейін 
көрсететін көрсеткіштер есептеледі. 
Ең маңыздырақ көрсеткіштер болып гормондар және олардың метаболиттерінің 
қандағы және зәрдегі деңгейлері, иммунологиялық көрсеткіштер мөлшері және т.б. 
есептеледі.Кейбір балалар өз қатарларынан ерте жетіледі (акселераттар), ал кейбіреулері 
қалыс қалады (ретарданттар). Яғни, бала күнтізбелік жасы бойынша балалық шақтың бір 
кезеңінде болса, ал биологиялық жасы басқа кезеңде болуы мүмкін. Биологиялық және 
күнтізбелік жастардың сәйкес келмеуі әртүрлі жағдайдан болуы мүмкін. Бір балаларда ол 
конституциональды, тұқым қуалау ерекшеліктеріне байланысты болса, екіншілерінде 
патологиялық процесстерге байланысты болуы мүмкін. Яғни, әр жеке жағдайда 
биологиялық жастың күнтізбелік жасқа сәйкес келмеуін дәрігерлер жеке талдауы қажет. 
1.2.1. ҰРЫҚТЫҚ ДАМУ 
Құрсақтық (ұрықтық) даму кезінде (гестациялық даму кезінде) баланың дене 
салмағының және ұзындығының жасушаларының көбеюі нәтижесінде (гиперплазиялық 
процесс) ең қарқынды артуы байқалады. Құрсақ ішінде дамитын 40 апта бойына 44 кезекті 
клетканың бөлінуі байқалып, дене салмағының 6х10
12
есе артуын қамтамасыз етеді. Бұның 
дене ұзындығының артуына да тікелей қатынасы бар: құрсақтық даму мерзімі неғұрлым 
төмен болса, дене ұзындығының арту жылдамдығы соғұрлым артық боладыҚұрсақ ішінде 
даму кезінде ұрық жағымсыз (тератогенді) факторларға өте сезімтал келеді. Бұл факторлар 
ұрықтың өліміне (түсік, өлі туылу), туылған әртүрлі ауырлық дәрежелердегі ақауларға, 
туылғаннан кейін бірден, болмаса біраз уақыттан (1–10 жылдар) кейін білінетін әрекеттік 
бұзылыстарға әкеліп соқтырады. 
Қазіргі кезде тератогенді факторларды шартты түрде 3 топқа бөледі: 
1. Экзогенді (сыртқы) факторлар: 
а) Инфекциялық (вирустар);
б) Токсикалық (уыттық);
в) Нутритивті (тагамдық) 
– 
жетіспеушіліктер;
г) Уытты факторлардың тағамдық жетіспеушіліктермен қосарлануы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет