Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет22/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Алақан - ауыз бейнелісі.
10 сурет. 
Іздеу бейнелісі. 
 


11 
сурет. 
Сору 
бейнелісі.
12 сурет. 
Қорғану бейнелісі. 
13 сурет. 
Еңбектеу бейнелісі
14 сурет. 
Ұстау бейнелісі.
15 сурет. 
Галант бейнелісі.
16 сурет. 
Перес бейнелісі



17 сурет.
Моро бейнелісі (І сатысы).
18 сурет. 
Моро бейнелісі (ІІ сатысы).
19 сурет
.
Керниг бейнелісі
20 сурет. 
Тіреу бейнелісі 
21 сурет
. Автоматты жүру бейнелісі
Симметриялық мойын тонус бейнелісі. Жаңатуылған баланың басын игенде аяқ-
қолының, әсіресе қолдарының, бүгілгені байқалады. Басын кейін жазғанда аяқ-қолдарының 
жазғыш бұлшық еттерінің тонусы артады. 
Жұлын мен мидың қалып сақтау бейнелістері дені сау балаларда 2 айға дейін 
сақталады. 
2 айдан бастап баланың басын ұстау, кейіннен отыру, жүру мүмкіндігін анықтайтын 
орталық мидан келетін дененің қалпын ұстау бейнелістері пайда бола бастайды. 


Бастан мойынға қалыптастыратын бейнелістер 2 айдан, етпетінен жатқанда басын 
ұстап тұра алатын күннен бастап, пайда бола бастайды. Осы кезеңнен бастап мойындық 
тізбекті симметриялық мойын қалыптастыру бейнелісі дами бастайды. Бұл бейнелістің 
әсерінен мойын, тұлға, 5 айдан бастап аяқ жазғыштарының тонусының қалыптасуы 
отырғанда, тұрғында және жүргенде баланың тұлғасын ұстап тұруға мүмкіндік жасайды. 
Ландаудың жоғары бейнелісі. Етпетімен жатқызған бала, екі қолымен тіреп басын, 
кеудесін жоғары көтереді. Бұл бейнеліс 3-ші айдың аяғында, 4 айдың басында пайда бола 
бастайды. 
Ландаудың төменгі бейнелісі. Етпетінен жатқан бала аяғын жазып, жоғары көтереді. 
Бұл бейнеліс 5—6 айдан бастап қалыптасады. 
Қозғалыс қабілетін зерттей отырып көру, есту әрекеттерін (реакцияларын), сөз 
сөйлеуінің дамуын, түйсігін, күн тәртібіне байланысты әрекеттерді және оларды игеруді 
бағалай отырып, жүйке-іс әрекетінің даму деңгейін бағалайды. Бір жасқа дейінгі балалар 
дамып, жетуін бағалағанда 15 күн аралығындағы ауытқулар қалыпты болып есептелінеді. 
Егер бала тиісті дағдылар уақытынан бұрын (15 күннен артық) игерсе, ерте немесе жылдам 
даму деп аталады. Ал, тиісті мерзімінен кеш (15 күннен артық кем болса) игерсе жәй даму 
болып есептелінеді. 
2–3 жастағы балалардың жүйке-іс әрекеттерінің даму қабілетін келесі көрсеткіштер 
(30-31 кестелер)
бойынша анықтайды: Сөзді түсіну (Ст), белсенді сөйлеу (Сб), сенсорлы 
даму (Сд), ойыншық және заттармен әрекеті (О), қозғалу (Қ), икемділік қабілеті (И). Бұл 
көрсеткіштер жүйеленіп берілген. 
2
жастағы балалардың дамуының қалыптылығын бағалағанда, ауытқу деңгейі 3 айдан 
аспауы керек. Ал, 3 жастағы балаларда ауытқу деңгей жарты жылдан артық болмауы керек. 
3
жастан 7 жасқа дейінгі балалардың жүйке-іс әрекеттерін бағалауды күн тәртібіне 
байланысты қимыл-қозғалыстар кезінде жүргізеді. Мектепке дейінгі балалар мекемесінде 
тәрбиеленетін бала болса, ұстаздардың мінездемесін пайдаланады. 
Сонымен қатар, келесі маңызды көрсеткіштерді анықтайды: 1. Қимылдарының 
(моторикасының) дамуы және көру координациясы (жүру кезіндегі тепе-теңдігі
статикалық тепе-теңдігі, секіру және т. б.). 2. Сөз сөйлеуінің дамуы (дыбыс, дауыс және т. 
б.). 3. Тану қабілеті (мөлшер мен көлемді анықтау, уақыт пен ортаны тану, заттың түр-түсін 
ажырату, бір затты жасау, құрастыру, қарым-қатынасты қалыптастыру). 4. Мәдениетті 
гигиеналық тәртібі (өз еркінше істеуі, ойындары, туған-туысқандарымен және 
айналасындағы басқа адамдармен қарым-қатынасы). Мәдени-әлеуметтік жетілуі. 
Мектеп жасындағы балалардың жүйке-іс әрекеттерін бағалауды жасына байланысты 
мектептің (сыныптың) оқушыға қоятын талабына сәйкес жүргізеді. Жүргізілген зерттеулер 
бойынша баланың жүйке-іс әрекеттерін бағалайды: 1. Жасына сәйкес келеді. 2. Жасынан 
кейін қалған (аймағы бойынша бұл тұжырымның дәлелін келтіреді және қанша мерзімге 
қалыс қалғанын көрсетеді). 3. Жасынан артық дамыған (аймағы бойынша бұл тұжырымды 
дәлелдейді, дамуының қанша мерзімге артық екенін көрсетеді). 
Көрсетілген шектерді (критерияларды) анықтау үшін төмендегідей тәсілмен жұмыс 
жасау керек: әрбір жас (ай) сатыларына сәйкес көрсеткіштерін анықтауға көмектесетін 
жағдайлар ұйымдастырып (қозғалуын, сезімін физиологиялық рефлекстер, ойыншықтар 
қолданып арнайы тексерулер жүргізу), жоғарыдағы көрсетілген тәсілдерді қолдана отырып
баланың жүйке-іс әрекеттерінің жетілу деңгейін анықтайды. Егер баланың даму деңгей 
барлық көрсеткіштер бойынша жасына сәйкес келсе, оны келесі жас кезегінің 
көрсеткіштері бойынша (жоғарғы шекара бойынша) тексеріп, артық даму мөлшерін 
анықтайды. 
Егер бала жас деңгейіне тән бір дағды игермеген болса, онда оны төменгі жас 
кезегінің көрсеткіштерімен тексеріп, қалыс қалу деңгейін анықтайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет