Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет21/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

(9 сурет). 
Бұл бейнеліс 2 айдан кейін 
әлсіреп, 3 айға таман жоқ болып кетеді. 
Қабу бейнелісі. Ерінге саусақпен жайлап ұрғанда еріндері шошайып, ашылу (хобот) 
пайда болады. 
Іздеу бейнелісі (Куссмауль бейнелісі). Еріннің жан-жағын сипағанда ерін бұрышы 
төмен түсіп, басын сипаған жаққа бұрып, ернімен емшек іздегендей қимыл жасайды 
(10 
сурет). 
Жасқа дейін сақталады. 
Сору бейнелісі. Баланың ерніне мақта, емізік немесе саусақты тигізгенде сору 
қимылдары пайда болады 
(11 сурет). 
1 жасқа дейін сақталады. 
ЖҰЛЫН АВТОМАТИКАЛЫҚ ҚИМЫЛДАРЫНЫҢ БЕЙНЕЛІСТЕРІ 
Қорғану бейнелісі – баланы етпетінен жатқызғанда басын жанына бұрып алады, 2 – 3 
айға дейін сақталады 
(12 сурет).
Еңбектеу бейнелісі (еңбектеу феномені, Бауэр бейнелісі) – Баланы етпетінен 
жатқызады (басы мен іші бір сызықтың бойында болуы керек) 
(13 сурет). 
Табанына алақан 
тигізіп басқанда, бала алға ұмтылып, қолдарымен қимылдай бастайды, 4 айға дейін 
сақталады. 
Ұстау бейнелісі – саусақтарды баланың алақанына салып басқанда, ұстау қимылы 
пайда болады 
(14 сурет). 
Кейде осылай баланы жерден көтеріп алуға болады.
Бұл бейнелісті табанда да анықтауға (I-III башпайлардың түбінен басса башпайлары 
табанына қарай иіледі) болады. 2-4 айларда жойылып кетеді. 
Галант бейнелісі – қырынан жатқан баланың, омыртқа маңы сызығы бойымен, 
мойнынан құйрығына қарай үлкен және сұқ саусақтармен сызып жүргізгенде, тітіркендіру 
қапталына қарай доға тәрізденіп майысады 
(15 сурет). 
4 айлығында жойылады. 
Перес бейнелісі – етпетінен жатқан баланың сегіз көздігінен бастап мойнына қарай 
омыртқаның жоталы өсіндісінің бойымен саусақпен жүргізгенде денесі иіліп, аяқ-қолдары 
бүгіліп, басы жоғары көтеріледі. Зәрі мен нәжісі жүріп, дауысы шығады 
(16 сурет). 
Бұл 
бейнелісті анықтағанда, сәби ауырсынады, сондықтан оны анықтауды ең соңына қалдыру 
керек. 
Моро бейнелісі – әр түрлі әдістермен анықталады: аяғы мен денесінің төменгі жағын 
тез жоғары көтеру, бала жатқан жерді басынан 15-20 см қашықтықта ұру, баланы қолға 
алып жылдам төмен түсіріп қайтадан бұрынғы орнына әкелу. Бұндай әсерлерге жауап 


ретінде бала әуелі екі қолын екі жаққа жайып (І-сатысы) жібереді 
(17 сурет). 
Содан соң, 
тез қайтадан орнына әкеліп, құшақтау тәрізді қимыл жасайды (ІІ-сатысы) 
(18 сурет). 
Бұл 
бейнеліс 4 айға дейін сақталады. 
Керниг бейнелісі – шалқасынан жатқан баланың бір аяғын ұршық және тізе 
буындарында бүгеді. Содан соң тізе буынынан қозғалтпай ұстап тұрып, екінші қолымен 
өкшесінен ұстап, жәйлап балтырын тікейтіп, жазуға бағышталған қимыл жасағанда, толық 
жазылмайды 
(19 сурет). 
Бұл бейнеліс 4 айға дейін сақталады. 
Бабинский бейнелісі – баланың табанының сыртқы жиегімен өкшеден бармақтарға 
қарап сызып тітіркендіргенде үлкен башпайы жазылады да, басқа саусақтары желпуіш 
тәрізденіп бүгіледі. 1 жасқа дейің сақталады. 
Тіреу бейнелісі – баланы 2 қолтығының астынан және сұқ саусақтармен басын арқа 
жағынан ұстап көтеріп, табанын жерге тигізгенде аяқтарын бүгіп, жинап алады (1-сатысы). 
Екінші сатысында табанымен жер басып, денесін түзеп, аяғын тікеп, жерге тірейді 
(20 
сурет). 
1–1,5 айға дейін физиологиялық болып есептелінеді. 
Автоматты жүру бейнелісі – баланы тіреу бейнелісі пайда болатындай етіп ұстап
жәйлап алдына қарай еңкейткенде аяқтарын кезек көтеріп, жүріс қимылдарын жасайды 
(21 
сурет). 
Жаңа туылған дені сау балаларда 1–1,5 бойы сақталады. 
Жазғыштардың (бұлшық еттердің) қиылыспа бейнелісі – Бір аяғын жәйлап, тізесінен 
басып жазып, табанына жәй ғана түйреуіш тығып алса, екінші аяғы өзінен өзі жазылып, сәл 
ғана ортаға қарай тартылады (келтіріледі).
Тартып қалу бейнелісі. Табанның терісіне ине шаншып алса – саны, балтыры және 
яғының басы бір уақытта бүгіледі. 
Жұлын мен мидың қалып сақтау бейнелістері. Лабиринтті тонус бейнелісі: бала 
шалқасынан жатқанда мойын, арқа, қол-аяғының бүгу бұлшық еттерінің тонусы артады. 
Ассимметриялық мойындық тонус бейнелісі (Магнус-Клейн бейнелісі). Басын бір 
жағына бұрғанда (жағын иықтың бойында ұстау керек), беті бұрылған жағындагы аяқ- 
қолдары жазылып, қарсы жактағылары бүгіледі. Жаңа туылған балаларда бұл 
бейнеліс ұдайы анықтала бермейді. Көбіне қолдарының қатынасы байқалады. 
9 сурет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет