3 дәл алдағыдай,тек үйретуші допты беріп жатқан кезде тастай салады



Дата15.12.2021
өлшемі16,07 Kb.
#101066
Байланысты:
Допты лақтыру
127dc61e648491fbbae703e38e843553

Лақтыруда оның далдігі маңызды. Жақсы техникалық дайындықтың басқа ойынша мергендігін де дамыту керек, себебі лақтырудың дәлдігін көздей білу, нысанаға зейін қою, арақашықтықты анықтау сияқты факторларға байланысты. Допты тапсыруды үйренгеннен кейін лақтыруды үйрену жеңіл болады. Лақтыру үшін қолды дұрыс созуға, қол мен аяқтың әрекеттерінің үйлесуіне, дененің түзелуіне көңіл бөлуі керек. Егер басынан кәрзеңкемен жаттықса үйренушілер допты кәрзеңкеге салуды ғана, ойлап оны жасау тәсілдеріне, ережелеріне көңіл бөлмейді. Кәрзеңкемен жаттығу басталғанда дұрыс көздеуге көңіл бөлінеді. Үйренушілер техниканы меңгер-генде, дұрыс көздей алғанда олардың көңілін допты дәл салуға аудару керек. Олардан кейін қимылдай жүріп жақыннан салу үйретіледі. Ол кезде тоса сала кәрзеңкеге қарай көз тастауға көңіл бөлінеді.Төмендегі жаттығулар:

1) саптан жүгіріп шығып,допты кәрзеңкеге салғандай елестетіп кәрзеңкенің үстіне секіру;

2) ұйретуші допты ұстап қолын созып тұрады.Ойыншы жер келіп допты кәрзеңкеге салады;

3) дәл алдағыдай,тек үйретуші допты беріп жатқан кезде тастай салады.

Орташа және қашықтықьан лақтыруды басында бір нүктеден бастау керек. Әр жаттыда 5-10 рет қайталау керек. Жаза ретінде лақтыру бөлек үйретіледі. Бұл әректті ойын ережесі бойынша орындалу тәртібімен үйрету керек


  1. Айып сызығын баспай бастапқы қалыпта тұрып көздеу.

  2. Дәл алдагыдай,тек бастапқы қалыптан бұрын допты алаңға 2-3 рет ұрып алу керек. Бұл үйретушінің жинақтауға,дәл көздеуге дауындауға көмектеседі.

  3. Дәл алдағыдай,тек лақтырмай тұрып дем тартып, яғни ішке ауа жинап, оны шығарып, демалмай тұрғанда лақтырады.

Қорғаныс тактикасы. Команданың қорғану әрекеттері үйренуге қиындау келеді. Жеке әрекеттер. Қорғанудың сәтті нәтижесі жеке әрекеттердің сәттілігінен байланысты. Әр ойыншының төмендегідей қасиеттері болу керек: әрекет жылдамдығы, іс барысын алдын ала қғыну, әр қашан қандаыда болса әрекет жасауға дайын болу, санай білу, бүкіл алаңды көре білу, бір әрекеттен екіншісіне көше білу.

1 Жұппен сапқа тұру. Шабуылшы бір сызықты қарсы сызыққа қарай допты жүргізеді, қорғаушы допты иеленуге тырысады.

2 Жұппен сапқа тұру. Шабуылшы допсыз бір сызықтан қарсы сызыққа өтуге тырысады, қорғаушы жол бермейді.

3 Жұппен сапқа тұру. Шабуылшы доппен кәрзенкеге бет бұрады. Қорғаушы кедергі болады.

Лақтыруға дайындалу және кәрзенкеге дәл тию ойын мақсатын құрайды. Лақтырудың дәлдігі көптеген факторларға байланысты, жақсы техника болып табылады, ал басқа факторлардың теріс әсерін төмендетеді және жәлдік қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Кәрзеңкеге лақтыруды берілістің барлық тәсілдері иен орындауға болады. Ең көп тараған түрі екі қолмен кеуде тұсынан лақтыру, екі қолмен жоғарыдан лақтыру, бір иықтың тұсынан лақтыру, бір қолмен жоғарыдан лақтыру. Екі қолмен кеуде тұсынан лақтыру. Негізі бір орында орындалады, алыс және жақын қашықтықтан орындалған да әсерлі болады. Бастапқы қалыпта доп кеуде тұсында болады. Аяқтардың біреуін сәл алға қойу болады. Аяқтардың иілуімен қатар, олар жоғары қарай тұзу көтеріледі. Соңғы кезде ойыншының денесі мен қолдары жоғарыға қарай созылады. Екі қолмен жоғарыдан лақтыру. Доп бастың үстінде кеңінен ашылған қолда орналасады, алақан алға қарай орнатылады, шынтақ барынша төмен түседі. Аяқ бүгіліп дене жоғары көтеріледі және ол қолдың шынтақ тұсының бүгілуімен бірдей тұзуленеді. Осы әрекет арқылы доп кәрзенкеге жөнелділеді. Бір қолмен иық тұсынан лақтыру орта және жақын қашықтықтан шабуыл жасау үшін қолданылады. Бастапқы қалыпта доп иық тұсында болады, қолдың басы алға қаратылады. Доп астынан екінші қолмен тіреледі. Аяқты бүгіп доп бар қол жоғары жіберіліп, бір қалыпты, жұмсақ әректпен доп нысанаға лақтырылады. Сонғы кезде қол тегісімен созылып, денінің ауырлық орталығы алда тұрған аяқа ауысады. Бір қолмен жоғарыдан лақтыру қарсы әрекетте әсері болып келеді. Допты дегеніне жеткізу үшін ойыншы жоғары секіріп, созылған қалпымен, ашылған саусақтармен допты жоғарғы нүктеде қарсы алуы керек. Жұмсақ әрекетпен допты кәрзенкеге қарай итеріп жібереді

Ойыншы алаңның ортасынан қапқанға қарай барынша жоғары шапшаңдықпен кенет алға ұмтьілады, секіріп екі қолды шығыршыққа (қалқанға) үш рет тигізеді, содан кейін екі немесе үш рет айып добын лақтыруды орындайды.



  1. Ойыншы жақтау сызықтан алаңның ортасына қарай кенет алға ұмтылып, алаңның ортасында жүрғен серігімен доп беруді алмасады, секіру кезінде немесе қалқанның астынан өтіп бара жатып допты шығыршыққа лақтырады, содан кейін үш айып лақтыруынан тұратын тізбекті орындайды.

  2. Ойыншы жауырынды алға сала, алаңның ортасынан қалқанға қарай оқыс алға ұмтылады, сосын қарама-қарсы қалқанга қарай ұмтылыс жасап, секіріп екі қолын шығыршыққа (қалқанға) тигізеді және айып доптарын лақтырады.

  3. Ойыншы жақтау сызықтан айып добын лақтыратын сызыққа қарай оқыс ұмтылып, содан кейін тағы да жақтау сызыққа, қайталап айып добын лақтыратын сызыққа жүгіріп, секірулердің үш тізбегін орнында (төртіншісін 360°-қа бұрыла) орындайды жэне айып доптарын лақгырады.

  4. Ойыншы қайталап жүгіріп, сосын айып добын лақтырады

  1. Ойыншылар жағдайга байланысты жылдам бұзып-жару жаттығуларын орындайды (топтармен). Шабуылдардың әрбір топтамасынан кейін ойыншылар кезекпенен айып лақтыруларын орындайды.

  2. Бұл да сондай, бірақ белсенді қарсылық көрсетумен.

  3. Команда аңдысқан шабуылдың тактикасын игереді. Ойынмен үйлестірілген лақтыру аяқталғаннан кейін шабуылшы айып добын лақтыруды қайталайды.

  4. Бұл да сондай, бірақ белсенді түрде қарсылық көрсетумен.

  5. Айып добын лақтыруды қарсылас команда орындайды. Қорғанатын команда қарсыласы мүлт жіберсе допқа ие болып, жылдам бұзып-жаруды ұйымдастырады (аяқгалуы қалай болса да). Шабуылшы айып добын лақтырады.

Айып добын лақгыруды командалардың біреуі ғана орындайды. Лақтыруды орындайтын ойыншының серіктері доп мүлт кеткен жағдайда допты иемденуге және секіріп қайталагі лақтыруды орындауга қатысады, кейін айып добын лақгыру топтамасын орындайды. Айып добын лақтыруды орындаганнан кейін ойыншылар орын ауыстырады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет